Кеме құжаттарының тізбесін, кеме құжаттарын беру және жүргізу ережесін бекіту туралы (2006.27.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Кеме құжаттарының тізбесі; 2) Радиожурналды беру және жүргізу ережесі; 3) Кеме рөлін беру және жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 ақпандағы № 73-І бұйрығымен бекітілген
Кеме құжаттарының тізбесі
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2006 ж. 27 сәуірдегі № 103 Бұйрығымен 1 тармақ жаңа редакцияда ( бұр.ред. қара) (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 1. Кеменің мынадай кеме құжаттары болуы тиіс: 1) кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын және кемеге меншік құқығын растайтын кеме куәлігі; 2) шетелдік кемеге (жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде тіркелген кемелер үшін) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге уақытша құқық беру туралы куәлік; 3) кеменің жүзуге жарамдылығы туралы, оның сыныбы немесе сыныптау куәлігі көрсетілген куәлігі; 4) өздігінен жүзетін кемелер үшін кеме журналы (вахталық журнал); 5) кеме рөлі (өздігінен жүзетін кемелер үшін) - кеме капитаны жасаған кеме экипажы мүшелерінің тізімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|