Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық (ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124; 2005.30.03 № 285 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 27 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса беріліп отырған Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуды лицензиялауға қойылатын біліктілiк талаптары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы: реттік нөмірі 13-жолдағы: 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі"; 3-бағандағы "топографиялық-геодезиялық" деген сөздердің алдында "Жерге орналастыру," деген сөздер жазылсын; 2) "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 28, 337-құжат): көрсетілген қаулыға қосымшадағы: 3-тармақтың 41) тармақшасындағы "топографиялық-геодезиялық" деген сөздердің алдында "Жерге орналастыру," деген сөздер жазылсын; 3) ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен Ереже өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 1481 қаулысымен бекітілген Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды және топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуды лицензиялауға қойылатын біліктiлiк талаптары
1. ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен 1 Бөлім (2-14 тармақтар) алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды мынадай біліктілік талаптары: заңды тұлғалар үшін: 1) лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйым басшысының жоғары немесе орта білімі болуы тиіс; 2) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы; 3) тиісті білімі, жұмыс стажы және біліктілігі бар мамандардың болуы; 4) әскери және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді. Жеке тұлғалар үшін: 1) жұмыс бейініне сәйкес жоғары немесе кәсібі орта білімі болуы; 2) мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы болуы; 3) жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтарда көзделген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сапасына кепілдік беретін қажетті сертификатталған құралдардың, аспаптардың (олардың метрологиялық қызмет көрсету шартымен), технологиялық жабдықтардың (немесе оларды сатып алу жөніндегі міндеттеме) болуы; 4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыс жүргізуде пайдалануға уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болуы енеді. 2. Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді сатуға мынадай біліктілік талаптары енеді: заңды тұлғалар үшін: 1) лицензияланатын қызметті жүзеге асыруға үміткер ұйым басшысының жоғары немесе орта білімі болуы тиіс; 2) тиісті білімі, жұмыс стажы және біліктілігі бар мамандардың болуы; жеке тұлғалар үшін: 1) жұмыс бейініне сәйкес жоғары немесе кәсібі орта білімі болуы; 2) мамандығы бойынша кемінде үш жыл еңбек стажы болуы. 3. ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен 3 Бөлім (17-19 тармақтар) алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2005.30.03. № 285 қаулысымен 4 Бөлім (20, 21 тармақтар) алып тасталды (бұр. ред. қара)
|