Астық туралы 2001 ж. 19 қаңтардағы № 143-II Осы редакция 2006 ж. 10 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 2 баптар) 2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу (3 - 9 баптар) 3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау (10 бап) 4-тарау. Мемлекеттік астық ресурстары (11 - 12 баптар) 5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары (13 - 16 баптар) 6-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу (17 - 33 баптар) 7-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындарын тарату (34 - 38 баптар) 8-тарау. Астық қолхаттары (39 - 41 баптар) 9-тарау. Қорытынды ережелер (42 бап) Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi. ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) агент - мемлекет жүз процент қатысатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен құрылатын және өз құзыретi шегiнде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкiлеттiктi жүзеге асыратын ұйым; 5) мемлекеттік астық ресурстары - азық-түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттік мiндеттемелердi орындау мақсатында, сондай-ақ астық рыногын қорғау мен реттеу үшiн жасалған мемлекеттік астық запастары; 6) астық иесi - астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға астық берген жеке (немесе) заңды тұлға; 7) астық қолхатын ұстаушы - астық иесi, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат; 7-1) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған астық иесi, қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат; 7-2) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде астықты кепiлге ұстаушы болып табылатын тұлға; 8) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын дәндi, дәндi-бұршақ және майлы дақылдардың өнiмдерi; 9) астық қолхаты - астық иесiнен астықты сақтауға қабылдағанын растап, астық қабылдау кәсiпорны беретiн қоймалық қос куәлiк; 10) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) - астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат; 11) астықтың сапасы - астықтың мемлекеттік стандарттардың, техникалық жағдайлардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтер мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуiн айқындайтын тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы; 12) астық рыногының мониторингi - астықты өндiрудi, сақтауды, қайта өңдеудi және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректердi жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты iс-шаралар жиынтығы; 13) жұмылдырушы дайындық - мемлекеттік органдардың алуан түрлi дағдарысты жағдайларда ел халқын астық ресурстарымен қамтамасыз ету қабiлетi; 14) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн жаңарту - оның бiр бөлiгiн сату және жаңа егiннiң астығы есебiнен мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнiң белгiленген көлемiн және қажеттi сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егiннiң астығын сатып алу; 14-1) мемлекеттік астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттік астық ресурстарын бiр астық қабылдау кәсiпорнынан басқасына тасу; 15) азық-түлiктiк қауiпсiздiк - сыртқы және iшкi жағдайларға қарамастан, тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес халықтың тамақ өнiмдерiне деген қажеттерiн қанағаттандыратын тиiстi ресурстармен, әлеуетпен және кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген экономиканың, соның iшiнде оның агроөнеркәсiптiк кешенiнiң жай-күйi; 16) азық-түлiктiк астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық; 17) астық өндiру - астық өсiруге бағытталған агротехникалық iс-шаралар кешенi; 18) реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағаны (тарифтердi) мемлекеттік реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттік орган; 19) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрi сорттылық және себу сапаларына қарай бөлiнетiн астық; 20) алып тасталды 21) алып тасталды 22) астық сапасының сертификаты - астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарт талаптарына және (немесе) келісім-шарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат; 22-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi; 23) алып тасталды 24) алып тасталды 25) алып тасталды 26) уәкiлеттi орган - астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, оған қатысушылардың қызметiн үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 27) астық рыногына қатысушылар - астықты өндiруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және онымен сауда жасауға қатысушы жеке және заңды тұлғалар; 28) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға; 29) жемдiк астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық; 30) астық қабылдау кәсiпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншiк құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар заңды тұлға; 31) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктiнде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтудi қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені; 32) астықтың сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа сертификатын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені. 1. Қазақстан Республикасының астық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2-тарау. Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеу 3-бап. Астық рыногындағы мемлекеттік басқарудың мақсаттары Астық рыногын мемлекеттік басқару мен реттеудiң мақсаттары: 1) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгi мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 2) астық бағасының демпингіне жол бермеу; 3) астық өткізу рыногын кеңейту; 4) астық сапасын қамтамасыз ету; 5) фитосанитариялық жағдайды қауiпсiз деңгейде ұстау; 6) табиғи-климаттық жағдайларды және рынок конъюнктурасын ескере отырып, астық өндiру құрылымын оңтайландыру және астықты өндiру, сақтау мен сату технологиясын жетілдiру; 7) жемдiк астықтың мемлекеттік ресурстары көлемiнiң шегiнде мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында азықтың ықтимал тапшылығын жою; 8) астық өндiру iсiнде инвестиция, кредит, салық және кеден саясатын қалыптастыру болып табылады. ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгерді 4-бап. Астық рыногын мемлекеттік реттеу нысандары Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттік реттеу: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн біліктілік талаптары негiзiнде астық сақтау жөніндегі қызметтi лицензиялау; 2) Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес астықты сертификаттау; 2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау; 3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу; 4) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі ережелерді сақтауын бақылау; 5) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру және олардың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау арқылы; 6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегі iс-шараларды мемлекеттік қаржыландыру; 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 10) заң актілерінде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады. ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 5-бап өзгерді 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасының астық рыногы мен астық индустриясын дамыту стратегиясы - астық бағдарламасын әзiрлеп, iске асырады; 2) астық өндiрудi мемлекеттік қолдау бағдарламасын бекiтедi, инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдай қалыптастырады және астық рыногын дамыту мен оның тұрақтылығын қолдау жөнiнде өзге де шаралар қолданады; 3) мемлекеттік астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, қалыптастырылу, сақталу және пайдаланылу ережелерiн бекiтедi; 4) астықпен жасалатын операцияларға байланысты үкiметаралық келісімдер жасасады; 5) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгi нысанын бекiтедi; 6) астықты сақтау жөніндегі қызметтi лицензиялау кезiнде біліктілік талаптарын бекiтедi; 7) астықтың мемлекеттік ресурстарымен және агенттiң жеке қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды жеке есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң ережелерi мен стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi; 7-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртібін, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртібін, сондай-ақ мемлекеттiң осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртібін белгiлейдi; 8) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгерді 6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 1. Уәкiлеттi органның құзыретiне мыналар кiредi: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өкiлеттiк шегiнде мемлекеттік астық ресурстарын басқару; 2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 3) астықты сақтау жөніндегі қызметтi лицензиялау, қызметтiң осы түрi бойынша біліктілік талаптарын әзiрлеу; 4) мемлекеттік астық ресурстарын сақтау үшiн астық қабылдау кәсiпорындарын белгiленген тәртiппен таңдап алу; 5) астық рыногының мониторингiн жүзеге асыру; 6) ауыл шаруашылық техникасының лизингiн ұйымдастыру, селекция және тұқым шаруашылығын, дәндi дақылдарды өсiру, өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинiнiң технологиясын дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 7) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі ережелердi сақтауын бақылау; 8) Қазақстан Республикасының астық туралы заңдарын бұзу туралы нұсқамаларды беру, Қазақстан Республикасының әкiмшiлік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау; 9) астық сапасын мемлекеттік бақылау; 9-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметiн мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысу; 9-2) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілеттi органмен келісім бойынша астықтың сапасына сараптама жасау және астықтың сапасына сертификат беру тәртібіне талаптар әзiрлеу; 9-3) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негiздер болған жағдайда астық қабылдау кәсiпорнынан астықты көлiктiң кез келген түрiмен тиеп-жөнелтуге тыйым салу; 10) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық жағдайларды жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды, басқа да нормативтiк құжаттарды енгізу; 11) астықтың сандық-сапалық есепке алынуы, сақталуы жөніндегі, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекіту; 12) алып тасталды 13) алып тасталды 14) алып тасталды 15) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды ҚР 11.07.01 ж. № 231-11; 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 7-бап өзгертілді 7-бап. Астық сапасын мемлекеттік бақылау 1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн астық санитариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуға тиiс. 2. Астық сапасын мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган, оның аумақтық органдары жүзеге асырады. 3. Астық сапасын мемлекеттік бақылау: 1) астық сапасы бойынша мемлекеттік стандарттар, нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi, сондай-ақ техникалық жағдайларды бекітудi; 2) астық қабылдау кәсiпорындары есеп беруiнiң, нұсқаулықтардың және басқа да нормативтiк актiлердiң үлгi нысандарын әзiрлеу мен бекітудi; 3) астықтың, соның iшiнде астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астықтың сандық-сапалық жай-күйiн бақылауды; 3-1) фитосанитариялық бақылауды қамтиды. ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 8-бап жаңа редакцияда 8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау 1. Астықтың сапасына сараптама жасауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады. 2. Астық сапасының сертификатынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi. ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Астық тасу 1. Қазақстан Республикасының аумағында астық тасу тура және аралас қатынас жүйесi болып табылатын темір жол, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiгiмен жүзеге асырылады. 2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелту мен тасуға (, ауыстыруға) бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары мен аталған астық қабылдау кәсiпорындарынан астық әкетудi жүзеге асыратын көлiк ұйымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен кез келген мөлшерде астық тиеп жөнелтудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi. 3. Көлiктiң кез келген түрiмен тасылуға тиiстi астық партиясына көлiктiң сол түрiмен жүк тасу ережелерiне сәйкес мынадай құжаттар: экспорттау мен импорттау кезiнде азық-түлiктiк және жемдiк астыққа - астық сапасының сертификаты; бiрiншi және кейiнгi репродукциялы тұқымға - тұқым куәлiгi; элиталық тұқымға - тұқым аттестаты қоса берiледi. 4. Астықты тасу және тиеп жөнелту жөніндегі көлiк қызметiне жеңiлдiктi тарифтер беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 3-тарау. Астық өндіру мен сатуды мемлекеттік қолдау 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгерді 10-бап. Мемлекеттік қолдаудың нысандары Астық рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет астық өндiру мен сатуды қолдаудың мынадай нысандарын жүзеге асырады: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне элиталық тұқым құнын арзандату; 2) техника мен жабдықтардың лизингiлiк жеткiзiлiмiн ұйымдастыру; 3) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 4) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнен мемлекеттік астық ресурстарына астықты нарықтық бағамен сатып алу; 5) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттік тұқым ресурстарынан тұқымдық несие беру; 6) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды 7) топырақтың құнарлылығын сақтау жөніндегі ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қаржыландыру; 8) астықты өндiру мен сақтаудың жаңа озық технологияларын енгізуге жәрдемдесу; 9) отандық ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне мемлекеттік жемдiк астық ресурстарынан жемдiк несие бөлу; 10) астық қолхаттарының тиiмдi айналысы үшiн жағдай жасау; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 10-1) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының құнын арзандату; 11) iшкi рыноктың мұнай өнiмдерiне деген қажеттерiн дер кезiнде қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдану; 12) ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiне кредит беру жөніндегі бiрлесiп қаржыландыру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру; 13) агроөнеркәсiптiк кешен үшiн мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес кадрлар даярлау; 14) аймақтарда астық өндiрушiлерге сертификаттық қызмет көрсету жөнiнде бәсекелестiк орта құру үшiн шаралар қолдану; 15) астық өндiрушiлердi қорғау жөнiнде демпингке қарсы шаралар әзiрлеу; 16) отандық ауыл шаруашылық машина жасау iсiн жаңғырту жөнiнде шаралар қолдану. 4-тарау. Мемлекеттік астық ресурстары ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Мемлекеттік астық ресурстарының түрлерi 1. Мемлекеттік астық ресурстары: 1) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiнен; 2) мемлекеттік жемдiк астық ресурстарынан; 3) мемлекеттік тұқым ресурстарынан; 4) мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан тұрады. 2. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi: 1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру қажеттерiн; 2) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған. 3. Мемлекеттік жемдiк астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының азық жөніндегі қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылуы мүмкін. 4. Мемлекеттік тұқым ресурстары - төтенше жағдайлар болғанда ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына деген қажеттерiн тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргiзу, мемлекетаралық келісімдердi орындауды қамтамасыз ету үшiн құрылған және соған арналған мемлекеттік тұқым запасы. 5. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - iшкi рынокты реттеу, астықты экспортқа шығаруды қамтамасыз ету, iшкi рынокта сату, гуманитарлық көмек көрсету және мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік тұқым ресурстарын және мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын жаңарту үшiн құрылған және соған арналған астық запасы. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6. Мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу жөніндегі шығыстар: 1) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшiн - бюджет қаражаты; 2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және ауыстыру жөніндегі шығыстар: 1) мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервi үшiн - бюджет қаражаты; 2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады. ҚР 13.10.03 ж. № 488-II (бұр. ред. қара) Заңымен 12-бап өзгертілді 12-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару 1. Мемлекеттік азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік жемдiк және тұқымдық астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану ережелерiн, сондай-ақ мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және сату ережелерiн, олардың құрылымы мен мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 2. Мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкiлеттi орган белгiлеген құзыретi шегiнде агент шарт негiзiнде жүзеге асырады. 3. Агенттiң мемлекеттік астық ресурстарын басқаруына байланысты операциялардың есепке алынуын ол өзiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiн есепке алудан бөлек жүзеге асырады. ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 5-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара) 5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары және қырман шаруашылықтары ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 13-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметi 1. Астық қабылдау кәсiпорындары жалпы пайдаланылатын тауар қоймасы деп танылады. Олардың астық сақтауға жасалатын шарттары (бұдан әрi - шарт) жария шарттар болып табылады. 2. Астық сақтау жөніндегі қызметтi лицензия негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары жүзеге асырады. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға құқылы. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметтiң осы түрi бойынша біліктілік талаптарына сәйкес астық сақтау жөніндегі өз қызметiн жүзеге асыру едәуiр нашарлап кететiн немесе мүлде мүмкiн болмай қалатын негiзгi құралдарды иелiктен айыруына тыйым салынады. 3. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға: 1) қырман шаруашылықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық сақтау жөнiнде қызмет көрсетуге; 2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында "астық қабылдау кәсiпорны", "астық қоймасы", "астық қабылдау пунктi", "элеватор" деген сөздердi немесе ол астық сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес. 14-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының мiндеттерi Астық қабылдау кәсiпорны: 1) астық сақтау тәртібін, сондай-ақ олардың саны мен сапасы жағынан белгiленген тәртiппен бекітілген нормативтiк құқықтық актiге сәйкес сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шараларды сақтауға; 2) қажет болған жағдайларда белгiленген тәртiппен астық иелерiне оның сынамаларын iрiктеп алуды қамтамасыз етуге; 3) астық қолхатын ұстаушының алғашқы талап етуi бойынша астық қолхатына айырбастап, осы Заңның 31 және 40-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ астық қолхатымен қамтамасыз етілген астықты сақтағаны үшiн берешегi болмаса, шарт талаптарына сәйкес сақтаулы астықты толық көлемiнде босатуға мiндеттi. 15-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру 1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық сақтау жөніндегі шығындарының орнын толтыру шартқа сәйкес жүзеге асырылады. 2. Астық қабылдау кәсiпорнының: 1) астық қолхатын ұстаушымен келiсе отырып, ақшалай не сақтаулы астықтың тиiстi мөлшерiн ұстап қалу жолымен оны кейiн астық рыногында еркiн өткізу арқылы сақтау жөніндегі шығындарын жабуға; 2) астық қолхатын ұстаушының мүдделерiн көздеп өзге де операциялар бойынша шартта көзделген немесе заң актілерінде белгіленген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар. ҚР 13.10.03 ж. № 488-II Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепілдiк беру жүйесi және қоры (қорлары) |