Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін (2006.31.01. берілген толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 20 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар) 2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін (6-9 баптар) міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету 3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін (10-18 баптар) міндетті сақтандыру шарты 4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары (19-21 баптар) 5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның (22-29 баптар) және сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау 6-тарау. Қорытынды ережелер (30-31 баптар) Осы Заң көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) көлiк құралының иесi - көлiк құралын меншiк құқығымен, шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен не кез келген басқа да заңды негiзде (мүлiктiк жалдау шартымен, құзыреттi органның көлiк құралын беру туралы өкіміне орай көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхатпен және басқаша) иеленетiн жеке немесе заңды тұлға; 2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға; 3) көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - жеке және заңды тұлғалардың жоғары қауiптiлiк көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген өтеу мiндетi; 4) сақтандырылушы - өзiне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға; 5) кешендi шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген екі және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғамен жасалатын және бiр ғана сақтандырылушы жеке тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты; 6) жолаушы - тасымалдаушымен ауызша немесе жазбаша нысанда тасымалдау шартын жасасқан жеке тұлға; 7) жәбiрленушi - көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген тұлға, оны өтеу жөніндегі мiндет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көлiк құралының иесi ретiнде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген; 8) стандартты шарт - сақтандыру полисiнде көрсетiлген көлiк құралының иесi болып табылатын жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын және бiр немесе бiрнеше сақтандырылушы тұлғаға қатысты қолданылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты; 9) сақтанушы - сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бiр мезгiлде сақтандырылушы болып табылады; 10) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттемелер қабылдағаны үшiн төлеуге мiндеттi ақша сомасы; 11) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы; 12) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы; 13) сақтандыру жағдайы - басталуына орай сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға; 14) сақтандырушы - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегiнде сақтандыру төлемiн жасауға мiндеттi заңды тұлға; 15) көлiк оқиғасы - көлiк құралын пайдалану процесiнде және оның қатысуынан туындаған оқиға, сондай-ақ көлiк құралынан ажырап кеткен бөлшектер мен ондағы жүктiң қозғалысы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиян; 16) көлік құралын пайдалану - көлік құралдарын жол үстінде, сондай-ақ лайықталып немесе бейімделіп оларға іргелес салынған және көлiк құралдарының қозғалысына пайдаланылатын аумақтарда жүру үшiн пайдалану. 2-бап. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен , осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi Сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретіндегі көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру) объектiсi болып табылады. 4-бап. Көлiк құралдары иелерінiң жауапкершiлігін міндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi 1. Көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады. 2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: жәбiрленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қорғауды қамтамасыз ету; көлiк құралын оның иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегі сақтандыру полисi болған кезде пайдалану; тараптардың көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету; көлiк құралдары иелерінiң жол жүрiсi қауiпсіздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделілігi болып табылады. 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар 1. Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде тiркелген (мемлекеттік тiркеуге жататын) немесе Қазақстан Республикасының аумағына уақытша енген (әкелiнген) жеңiл, жүк автомобильдерi, автобустар, шағын автобустар және олардың негiзiнде жасалған көлiк құралдары, мотокөлiк және олардың тiркемелерi (жартылай тiркемелерi), сондай-ақ трамвайлар мен троллейбустар иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады. 2. Көлiк құралы иесiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi өзi пайдаланатын көлiк құралының әр бiрлiгi бойынша сақтандырылуға жатады. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасу көлiк құралының иесiн көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөніндегі мiндеттен босатпайды. 3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты, басқа мемлекетте тiркелген, иесi осы мемлекет пен Қазақстан Республикасының арасында жасалған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында танылатын көлiк құралдары иелерi жауапкершiлiгінiң сақтандыру шартын жасаған көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына енген жағдайда жасалмайды. 4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде мемлекеттік тiркеуге және есепке алуға жатпайтын (трамвайлар мен троллейбустарды қоспағанда) көлiк құралдарының иелерiмен көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты жасалмайды. Осы тармақта аталған иелердiң көлiк құралдарын пайдалану нәтижесiнде жәбiрленушiлерге келтiрген зияны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiппен өтеледi. 5. Өзiнiң қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруына орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт жасасу негiзiнде не мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, көлiк құралы иесiнiң ерiк бiлдiруi негiзiнде оның қатысуымен көлiк құралын жүргiзушi адамның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатпайды. 2-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету 6-бап. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау 1. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 2. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетінің орындалуына мемлекеттік бақылауды ішкі істер органдары жол полициясы бөлімшелері көлік құралдарын тіркеу, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу және жол жүрісі ережелерінің сақталуын бақылау саласындағы өзінің өзге де өкілеттіктерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру кезінде жүзеге асырады. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырылды 3. Көлік құралдары иелерінің осы Заңда белгіленген көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауын мемлекеттік бақылауды Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде көліктік бақылау органдары жүзеге асырады.
7-бап. Көлік құралын көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынсыз пайдалануға жол бермеу 1. Иесiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты болмаған жағдайда, көлiк құралын пайдалануға жол берiлмейдi. 2. Көлiк құралын жүргiзетiн адам көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн өзiмен бiрге алып жүруге және Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес уәкiлеттігі бар жол полициясының қызметкерлерiне тексеру үшiн оны көрсетуге мiндеттi. Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнiң құжаттарды тексерген кезде көлiк құралын жүргiзушi адамнан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полисiн көрсетуiн талап етуге мiндеттi. 8-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 1. Сақтандыру ұйымы ретiнде тiркелген заңды тұлға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алғанға дейiн, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорын құру және оның қызметi туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртiппен аталған қордың қатысушысы болуға мiндеттi. 2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігiн Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемiнде екi мерзiмдiк баспасөз басылымында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде тоқсан сайын жариялауға мiндеттi. 3. Бәсекелестiктi шектеуге немесе болғызбауға, бiр сақтандырушыға екiншi сақтандырушының алдында көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөнiнде негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған қызметке жол берiлмейдi. 4. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсiпорындар, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша көрсететiн сақтандыру қызметiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңдарына сәйкес алуға мiндеттi. 5. Сақтандырушылар көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру жөніндегі сақтандыру тәуекелдерi, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдерi бойынша деректердiң ақпараттық базасын қалыптастыруды және жүргiзудi жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы. 9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл 1. Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерi көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкілдерiне сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса Жол жүрiсi ережелерiнiң бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн тегiн бередi. 2. Көлiк оқиғасы және оның салдары туралы ақпараты бар Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерi, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар сақтандырушы өтініш жасаған кезде бұл ақпаратты тегін беруге міндетті. 3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнiң сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде ішкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыны осы көлiк оқиғасы туралы хабардар етудi жүзеге асырады. Сақтандырушыға көлiк оқиғасы туралы кез келген басқа тұлғаның хабарлауға құқығы бар. 3-тарау. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты 10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі 1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады. 2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келісім-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi. 3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi. Сақтандырушының сақтанушыға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi. 4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi: 1) стандартты; 2) кешендi. 5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады. Сақтанушының өтiнiшi көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық болмағаны үшiн сақтандырушы жауапты болады. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, ол дау сақтанушының пайдасына шешiледi. 6. Сақтандыру полисiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзiп көрсетiлген талаптардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi және шарттың түрi көрсетiлуге тиiс. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi. 7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң дубликатын беруге мiндеттi. Сақтандыру полисi бланкiсiн жасауға және оның дубликатын ресiмдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы (сақтандырылушы) өтейдi, бұл ретте өтелетiн шығыстардың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өтiнiш берiлген күнге белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiштен аспауы тиiс. 8. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттемелер атқарады. 1. Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылуы мүмкiн. 2. Стандартты шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын көлiк құралының әр бiрлiгiне жеке сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады. 3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы, сақтандырылушылар) және пайдаланылатын көлiк құралы туралы мәлiметтер болуға тиiс. 4. Сақтанушы (сақтандырылушы) стандартты шартты жасасқан кезде, сондай-ақ оның қолданылу мерзiмi iшiнде көлiк құралдары иелерiнiң бәрiн сақтандырылушылар ретiнде сақтандыру полисiне енгізудi талап етуге құқылы. Сақтандырушы сақтандыру полисiне өзгерістердi сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде енгiзедi. 5. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не: 1) көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген; 2) адам көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырушымен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек шарты немесе өзге де шарт негiзiнде жүргiзген; 3) көлiк құралын заңсыз иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi. 6. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген өзгерістердi енгізу сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң көбеюiне немесе азаюына әкеп соқса, сақтандырушы осы Заңға сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша төлемдi не сақтандырушының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарын жабуды ескере отырып сақтанушының артық төлеген сомасын қайтаруды талап етуге мiндеттi. 1. Кешендi шарт бойынша екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылуы мүмкiн. 2. Кешендi шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын барлық көлiк құралдарына сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады. 3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы) - жеке тұлға және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс. 4. Сақтанушы (сақтандырылушы) кешендi шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға мiндеттi көлiк құралдары санының көбеюi немесе азаюы жағдайында оларға қатысты сақтандыру полисiне өзгерістер енгізудi талап етуге құқылы. Сақтандырушы сақтандыру полисiне өзгерістердi сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде енгiзедi. 5. Кешендi шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не: 1) көлiк құралын оны жүргізуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген; 2) көлiк құралын заңға қайшы иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi. 6. Егер осы баптың 4-тармағында көзделген өзгерістердi енгізу сақтандыру сыйлықақысы мөлшерiнiң көбеюiне немесе азаюына әкеп соқса, Сақтандырушы осы Заңға сәйкес сақтандыру сыйлықақысының мөлшерiн қайта есептеуге және сақтанушыдан қосымша төлем жасауды талап етуге не сақтандырушының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарын жабуды ескере отырып, сақтанушының артық төлеген сомасын қайтаруға мiндеттi. 13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы 1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар: 1) осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам; 2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар; 3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерімен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде денсаулығына және өмiріне зиян келтiргенi үшiн өз жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлерi кiрмейдi. 2. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. 3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енгiзілген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығының пайда болған кезiнен бастап, бiрақ осы көлiк құралының iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен кезiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуға тиiс. 4. Көлiк құралы маусымдық пайдаланылған кезде көлік құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше, бiрақ кемiнде алты ай мерзiмге жасауға жол берiледі. |