|
|
|
Жоба Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды- ҚР 2007 жылғы 19 ақпандағы № 230-III Заңы
ҚР Үкіметінің 2006.01.06. № 493 қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж. № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырдағы «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 61-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде: «құрылтайшылары» деген сөз «қатысушылары» деген сөзбен ауыстырылсын; «құрылтайшылары» деген сөзден кейін «заңнамалық актілерде және» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 20-құжат; № 3, 22-құжат, № 5-6, 31-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырдағы «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 168-2-бап мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын: «12. Клиенттермен жасаған шарттарда, операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеде, ішкі кредит саясаты туралы ережеде банктердің қаржылық қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақы ставкаларын көрсетпеуі, сол сияқты қаржылық қызметтер бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату кезінде осы мәліметтерді көрсетпеу, - заңды тұлғаға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.«; 2) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын: «190-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану Инсайдерлердің инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға беру немесе оны заңсыз ашу бойынша іс-әрекеттері, сондай-ақ үшінші тұлғаларға бағалы қағаздармен мәмілелер жасау туралы инсайдерлік ақпаратқа негізделген ұсынымдар беру, егер олар ірі шығын келтірмесе, - жүзден екі жүзге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.«; 3) 194-баптың бірінші бөлігінде «(дивидендтер төлеу),» деген сөздерден кейін «бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу,» деген сөздермен толықтырылсын; 4) 541-баптың бірінші бөлігінде «197, 199,» деген цифрлар алынып тасталсын; 5) 573-баптың бірінші бөлігінде: «168-2 (бірінші - тоғызыншы» деген сөздерден кейін «, он екінші» деген сөздермен толықтырылсын; «196-1,» деген цифрлардан кейін «197,» деген цифрлармен толықтырылсын; «198,» деген цифрлардан кейін «199,» деген цифрлармен толықтырылсын. 3. «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 ж. 2 мамырдағы № 2255 Заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат): 1) актінің нысаны және тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы»; 2) кіріспесі алынып тасталсын; 3) бүкіл мәтін бойынша «Жарлығының», «Жарлығында», «Жарлығымен», «Жарлық» деген сөздер тиісінше «Заңының», «Заңында», «Заңымен», «Заң' деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 2-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.«; 3-тармақтың бірінші бөлігінде «- банктердің, сақтандыру қоғамдарының, бірлескен кәсіпорындардың және басқаларының» деген сөздер алынып тасталсын; 5) 4-бапта: 7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының аты-жөні және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжатының деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі болуы тиіс.»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі. Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады: серіктестіктің түрі, оның атауы, орналасқан жері, қызмет мерзімі (егер ол серіктестікті құру кезінде белгіленсе), басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті, мүлікті құру тәртібі, пайданы бөлу және шығындарды өтеу тәртібі, шаруашылық серіктестігінің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі және мерзімдері; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері, серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және оларды жою тәртібі, серіктестіктің қызметін тоқтату (қайта ұйымдастыру немесе тарату) талаптары, сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар (қатысушылар) арасындағы өзара қарым-қатынастар. Шаруашылық серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының аты-жөні және әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ атауы және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) көрсетілген тізбесі болуы тиіс. Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер болуы мүмкін.»; 6) мынадай мазмұндағы 8-1 және 8-2-баптармен толықтырылсын: «8-1-бап. Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат ұсынуы 1. Шаруашылық серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүддесін қозғайтын ақпарат беруге міндетті. Мыналар: 1) серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің бақылау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (ревизорының) шешімі және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат; 2) серіктестіктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде серіктестіктің заем алуы; 3) серіктестіктің қандай да болмасын қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиялар алуы, оны қолдануды тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің қандай да болмасын қызметтің түрін жүзеге асыруға бұрын алған лицензияларды қайтарып алу; 4) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу; 5) нәтижесінде серіктестіктің мүлкі жойылған, төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы; 6) серіктестікті және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту; 7) серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім; 8) аудиторлық есеп (ол бар болса); 9) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат шаруашылық серіктестігі қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп танылады. 2. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты ұсыну осы Заңға және серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. 3. Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты ұсыну серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі және көлемі жарғыда және үлестерді сатып алу туралы алдын ала шартта белгіленеді. 8-2-бап. Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы құжаттар 1. Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік оның қызметінің бүкіл мерзімі ішінде серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жер бойынша немесе оның жарғысында айқындалған өзге жерде сақтауы тиіс. 2. Мынадай құжаттар сақталуы тиіс: 1) серіктестіктің жарғысы, серіктестіктің жарғысына енгізілген өзгерістер және толықтырулар; 2) құрылтай жиналыстарының хаттамалары; 3) құрылтай шарты, құрылтай шартына енгізілген өзгерістер және толықтырулар; 4) шаруашылық серіктестігін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік; 5) серіктестіктің статистикалық карточкасы; 6) серіктестіктің белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір іс-қимылдар жасауына лицензиялар; 7) серіктестіктің оның балансындағы (балансында болған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар; 8) серіктестіктің филиалдары және өкілдіктері туралы ереже; 9) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналыстарының хаттамалары, серіктестік қатысушыларының жалпы жиналыстарының күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдар; 10) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу үшін ұсынылған серіктестік қатысушыларының тізімі; 11) бақылау кеңесінің күн тәртібінің мәселелері жөніндегі материалдары, бақылау кеңесі отырыстарының хаттамалары (сырттай отырыстарының шешімдері); 12) атқарушы орган отырыстарының хаттамалары (шешімдері). 3. Өзге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады. 4. Серіктестік шаруашылық серіктестігі қатысушысының талап етуі бойынша оған осы Заңда көзделген құжаттардың көшірмелерін серіктестіктің жарғысында белгіленген тәртіппен ұсынуға міндетті.»; 7) 11-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) олардың осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдері жөнінде сот тәртібімен шағым жасауға.«; 4-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің (жеке тұлғалар үшін) не атауының және орналасқан жерінің (заңды тұлғалар үшін) өзгергені туралы жазбаша хабарлауға.»; 8) 27-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын: «5) серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға; 6) олардың осы Заңда және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдері жөнінде сот тәртібімен шағым жасауға.»; 4-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің (жеке тұлғалар үшін) не атауының және орналасқан жерінің (заңды тұлғалар үшін) өзгергені туралы жазбаша хабарлауға.». 4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырдағы «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 2-бапта 3) тармақшасының және 5) тармақшасының екінші абзацтарында «банк» деген сөз «банктің дауыс беретін» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 6-баптың 1-тармағының в) тармақшасында «өкілдіктеріне» деген сөзден кейін «, банктердің еншілес ұйымдарына» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 8-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу: тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен; уәкілетті орган белгілеген рейтинг агенттіктерінің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар эмитенттердің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды.»; 4) 20-баптың 4-тармағында: 1) тармақшаның бірінші бөлігінде «тәуелсіз директоры,» деген сөздер алынып тасталсын; екінші бөлігінде «Тәуелсіз директорды қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын; 5) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы е-1) тармақшамен толықтырылсын: «е-1) қаржылық қызмет бойынша тәртібін уәкілетті орган белгілейтін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкаларының мөлшері;»; 6) 32-баптың 4-тармағы алынып тасталсын; 7) 34-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы а-1) тармақшамен толықтырылсын: «а-1) кредиттер бойынша тәртібін уәкілетті орган белгілейтін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкаларының мөлшері;»; 8) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын: «39-бап. Ставкалар және тарифтер Банктер тәртібін уәкілетті орган белгілейтін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкаларын клиенттермен жасалған шарттарда, сондай-ақ қаржылық қызмет бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде көрсетуге міндетті. Көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда уәкілетті орган банкке осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.»; 9) 46-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «8. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган осы тұлғалардың, оның лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің жолсыздықтары, заңсыз іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі банктің қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, банк холдингіне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына қатысты да қолданылуы мүмкін.»; 10) 54-1-бапта: 2-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын: «2-1. Есептілікті ұсынудың тәртібі және нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.». 5. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырдағы «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 40-баптың 4-тармағында: 1) тармақшада бірінші бөлігіндегі «тәуелсіз директоры» деген сөздер алынып тасталсын; екінші бөлігіндегі «Тәуелсіз директорды қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын; 2) 49-2-бапта: 2-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Есептілікті ұсыну тәртібі және нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.». 6. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30 құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; 2006 жылғы 17 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырдағы «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «2) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: «4) серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда осы Заңның 17-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мәліметтердің өзгергені туралы атқарушы органға, сондай-ақ тіркеушіге жазбаша хабарлауға.»; 3) 17-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: «7) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібі және мерзімдері; 8) серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.»; 4) 29-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Серіктестік мүлкіндегі үлес кепілін тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Тіркеуші серіктестікке қатысушылардың тізілімін жүргізген жағдайда серіктестік мүлкіндегі үлес кепілін тіркеу осы Заңның және (немесе) серіктестік жарғысының талаптарын сақтаған кезде тіркеушінің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.»; 5) 43-бапта: 2-тармақта: 5) тармақша «оларды бекіту серіктестіктің жарғысында серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне жатқызылған құжаттардан басқа;» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) серіктестікке қатысушыларға және үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты ұсыну тәртібін және мерзімдерін бекіту.»; мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. Қатысушылардың жалпы жиналысы, егер серіктестіктің жарғысында өзгеше айқындалмаса, серіктестіктің ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге де органдарының кез келген шешімін жоюға құқылы.»; 6) 46-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Жалпы жиналыстың күн тәртібіне «әр түрлі», «өзге де», «басқа» және осыларға ұқсас тұжырымдауларды қоса алғанда, жалпылама ұғымдағы мәселелерді енгізуге тыйым салынады.»; 7) 50-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «50-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің органдарының шешімдері жөнінде шағым жасау»; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге де органдарының шешімдері жөнінде шағым жасау осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.»; 8) 65-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4 тармақтармен толықтырылсын: «3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру нәтижесінде құрылған акционерлік қоғам қоғамның акцияларын тек қана жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында орналастырады (сатады). Қайта құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушыларына берілетін акциялардың саны әрбір қатысушының үлесінің баланстық құнының қайта ұйымдастырылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің меншікті капиталының жалпы мөлшеріне арақатынасы негізінде айқындалады. 4. Құрылатын акционерлік қоғамның жарғылық капиталы оған қабылдау-өткізу актісіне сәйкес берілген активтер мен міндеттемелер арасындағы айырмаға тең болады және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.». 7. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2006 жылғы 17 мамырдағы «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 13 мамырдағы «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 1) 34-бапта 4-тармақта: 1) тармақшада бірінші бөлігіндегі «тәуелсіз директоры» деген сөздер алынып тасталсын; екінші бөлігіндегі «Тәуелсіз директорды қоспағанда,» деген сөздер алынып тасталсын; 2) 74-1-бапта: 2-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Есептілікті ұсыну тәртібі және нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.«. 8. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 4-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат): 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын: «8-1) миноритарлық инвестор - дауыс беретін акциялардың он пайызынан аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он пайызынан аз)»; 2) 2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.»; 3) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді.»; 4) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын: «6-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты қызметінің жариялылығы және инвесторлардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа кіруін қамтамасыз ету. 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының инвесторлардың мүдделерін қозғайтын ресми хабарлары және нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланады. 2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеу туралы, олардың жарғылары туралы, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу туралы, берілген лицензиялар туралы ақпараттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделген олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты және заңмен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпиядан тұрмайтын ақпаратқа еркін кіруі қамтамасыз етіледі.».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |