Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 Қаулысы
(2015.24.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту және осы саладағы мемлекеттік нормативтер жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар Жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін Жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2015.24.06. № 479 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 33, 458-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспарында:
«2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбесі» деген 4-бөлімде:
реттік нөмірі 72-жол алынып тасталсын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.11.03. № 187 (бұр. ред. қара); 2008.01.03. № 208 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 16 маусымдағы
№ 557 қаулысымен
Бекітілген
Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала
құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
саласында мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі
жетілдіру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орын- дауға жауап- тылар | Орын- дау мерзі- мі | Бол- жамды шығыс- тар, млн. теңге | Қар- жы- лан- дыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Жобалауды және құрылысты нормативтік-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіруді мемлекеттік қолдау |
1 | Әзірленетін «Қазақстан Респуб- ликасының кейбір заңнамалық актіле- ріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасының шеңбе- рінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құры- лысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеу және енгізу | Қазақстан Республи- касы Заңының жобасы | ИСМ | 2006 жылғы II тоқсан | Талап етіл- мейді | |
2 | Экономиканың база- лық салалары объектілерін жоба- лаудың және салу- дың қолданыстағы ведомстволық нор- маларына түгендеу жүргізу және олар- ды жетілдіру мен басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ (жинақ- тау), ДСМ, БҒМ, АШМ, ККМ, Еңбекми- ні, ТЖМ, ЭМРМ | Жыл сайын, 20 қаңтар | Талап етіл- мейді | |
3 | Қазақстан Респуб- ликасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұр- ғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің жанына сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруа- шылық саласындағы нормативтік- техникалық құжат- тарды басып шығару және тарату жөнін- дегі маманданды- рылған мемлекеттік орталық құру мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | 2007 жылғы 20 қаңтар | Талап етіл- мейді | |
4 | Құрылыс саласында қолданыстағы мем- лекеттік норматив- тердің тізбесін жыл сайын басып шығаруды ұйымдас- тыру | Бекітілген тізбе | ИСМ | Жыл сайын, IV тоқсан | Талап етіл- мейді | |
5 | ИСМ ҚжТКШІК-пен келісім бойынша қолданыстағы ведомстволық құры- лыс нормативтері- нің тізбесін жыл сайын басып шыға- руды ұйымдастыру | ИСМ ҚжТКШІК- пен келісім бойынша бекітілген тізбе | ИСМ (жинақ- тау), ДСМ, БҒМ, АШМ, ККМ, ТЖМ, ЭМРМ | Жыл сайын, IV тоқсан | Талап етіл- мейді | |
6 | Қазақстан Респуб- ликасы Индустрия және сауда минис- трлігі Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруа- шылық істері коми- тетінің жанынан Мемлекеттік қала құрылысы кадастры- ның орталығын (республикалық деңгейде) құру мүмкіндігін қарау | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | 2007 жылғы 20 қаңтар | Талап етіл- мейді | |
7 | Лицензиялау туралы заңнамаға жобалау ұйымдарында жұмыс істейтін жобалаушы - жеке тұлғаларды және сарапшыларды лицензиялау прак- тикасын енгізу бөлігінде өзгеріс- тер енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ИСМ (жинақ- тау), «Мемса- раптама» РМК | 2006 жылғы III тоқсан | Талап етіл- мейді | |
8 | «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Респуб- ликасының 2001 жылғы 30 қаңтарда- ғы № 155 Кодексіне жобалау сапасы үшін жобалаушылар мен тапсырыс беру- шілердің бірлес- кен жауапкершілі- гін арттыру бөлі- гінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі- не ұсыныс енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ИСМ (жинақ- тау), «Мемса- раптама» РМК | 2006 жылғы II тоқсан | Талап етіл- мейді | |
9 | Мемлекеттік сатып алу туралы заңна- маға жобаның техникалық-эконо- микалық негіздеме- сін әзірлеуші болып табылатын әлеуетті жеткізуші осы жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзір- леу жөніндегі қыз- меттерді мемлекет- тік сатып алу жөніндегі конкурс- қа қатысуға құқығы бар дегенді көз- дейтін бөлікте өзгерістер мен толықтырулар тура- лы ұсыныс енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ИСМ (жинақ- тау), Қаржыми- ні, ЭБЖМ, Әділет- мині | 2006 жылғы II тоқсан | Талап етіл- мейді | |
2. Объектілер мен кешендерді жобалаудың және салудың сапасын бақылауды күшейту, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өндірістік әлеуетін арттыру |
10 | Сәулет, қала құры- лысы және құрылыс саласындағы лицен- зиялау туралы заңнамаға құрылыс үшін жобалау жұмыстарын жүзеге асыратын өтініш берушілер мен лицензиаттарға бақылау және сапа нормасы қызметінің болуы туралы біліктілік талап- тарын енгізу бөлі- гінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс енгізу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ИСМ (жинақ- тау), "Мемса- раптама" РМК | 2006 жылғы II тоқсан | Талап етіл- мейді | |
11 | Құрылыс және сәу- лет мамандықтарына жоғары кәсіби бі- лімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту туралы мәселені қарау | ИСМ-ге ақпарат | БҒМ (жинақ- тау), ИСМ | 2006 жылғы 10 шілде | Талап етіл- мейді | |
12 | Құрылыс саласында сейсмикалық тәуе- келді және ықти- мал қиратушы жер сілкіністерінен болатын залалды төмендету, сондай- ақ тиімді сындарлы шешімдер әзірлей отырып, ғимараттар мен құрылыстардың төзімділігі мен шыдамдылығын қам- тамасыз ету жөнін- де қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу | Норматив- тік- техникалық құжаттар | ИСМ | Жыл сайын, IV тоқсан | 67,70 2006ж.- 26,46 2007ж.- 20,02 2008ж.- 21,22* | Рес- публи- калық бюджет |
13 | Жобалау жұмыстарын жүргізуге лицен- зиясы бар жұмыс істеп жатқан жеке және заңды тұлға- лардың қызметіне мониторинг жүргізу | Мониторинг жүргізу | ИСМ (жинақ- тау), облыс- тардың, Астана және Алматы қалала- рының әкімдері | Жыл сайын, сәуір | Талап етіл- мейді | |
3. Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жобалаудың және оны нормативтік-техникалық қамтамасыз етудің заңнамалық базасын жетілдіру |
14 | Білім беру, ден- саулық сақтау объектілерінің және әлеуметтік инфрақұрылымның басқа да объекті- лерінің үлгі жоба- ларын әзірлеу, бекіту, үлгі жоба- лардың каталогта- рын басып шығару | ИСМ ҚжТКШІК бұйрығының жобасы | ИСМ | Жыл сайын, IV тоқсан | 1070,02 2006ж.- 89,6 2007ж.- 797,75 2008ж.- 182,67 | Рес- публи- калық бюджет |
15 | Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сала- сында жаңа норма- тивтік-техникалық құжаттар әзірлеу және қолданыстағы- ларды жаңарту әрі нормативтік-техни- калық құжаттарды мемлекеттік тілге аудару | Норматив- тік- техникалық құжаттар | ИСМ | Жыл сайын, IV тоқсан | 278,86 2006ж.- 85,4 2007ж,- 105,20 2008ж,- 88,26 | Рес- публи- калық бюджет |
16 | ТМД елдерімен ынтымақтастық және Құрылыстағы стан- дарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемле- кетаралық ғылыми- техникалық комис- сия (ҚМҒТК) шеңбе- рінде ТМД елдері үшін ортақ мемле- кетаралық норма- тивтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және сатып алу бойынша үлестік қатысу | Норматив- тік- техникалық құжаттар | ИСМ | Жыл сайын, IV тоқсан | Талап етілмейді | |
17 | Сәулет, қала құры- лысы және құрылыс қызметі аясындағы техникалық реттеу саласында норма- тивтік құқықтық кесімдерді (техни- калық регламент- терді) жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ұсыныс | ИСМ | Жыл сайын, IV тоқсан | Талап етіл- мейді | |
18 | Қағаз және элект- ронды жеткізгіш- терде нормативтік- техникалық құжат- тардың деректер банкін жаңарту және қалыптастыру | Норматив- тік- техникалық құжаттар- дың деректер банкі | ИСМ | Жыл сайын, IV тоқсан | Талап етіл- мейді | |
19 | Қазақстан Респуб- ликасында ресейлік нормативтік-техни- калық құжаттарды уақытша қолданудың тәртібін жеңілдету туралы ұсыныс енгізу | ТМД-ның Үкімет- аралық кеңесіне ұсыныстар | ИСМ (жинақ- тау), «Мемса- раптама» РМК | 2006 жылғы, IV тоқсан | Талап етіл- мейді | |
19-1 | Қазақстан Республикасы- ның аумағын ұйымдастырудың бас схемасын әзірлеу бойын- ша дайындық іс-шараларын өткізу | Нормативтік- техникалық құжаттар | ИСМ | 2008 жылғы IV тоқсан | 29,97 2008 ж. - 29,97 | Респуб- ликалық бюджет |
20 | жиыны | | | | 1446,55 2006ж.- 201,46 2007ж.- 922,97 2008ж.- 322,12 | |
Ескерту:
* сомалар Республикалық бюджет комиссиясының шешімдеріне сәйкес жыл сайын нақтыланатын болады;
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ИСМ ҚжТКШІК - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
«Мемсараптама» РМК - «Мемсараптама» жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 16 наурыздағы
№ 557 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесi
1. «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 51, 582-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 қазандағы № 1369 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 36-37, 478-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің «Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 34-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 534 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 147-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы № 462 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 20, 208-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 907 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 31, 427-құжат).