|
|
|
Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы (2007.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2135 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы, «Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын республикалық бюджет қаражаты есебінен орталықтандырылып сатып алынатын медициналық жабдықтармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы бұйымдармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 63 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 33-құжат); 2) «Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 тамыздағы № 889 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 33, 460-құжат). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 962 қаулысымен Бекітілген
Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесі туралы», «Дәрілік заттар туралы» заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының азаматтарын дәрілік заттармен қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2007.21.12 № 1259 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызмет - дәрілік заттарды сатып алу, оларды жеке сату объектілеріне дейін тасымалдау, сақтау, есепке алу, азаматтарды амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттармен тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет; босатылатын баға - бір әкімшілік-аумақтық бірлік (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегіндегі амбулаториялық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша конкурс өткізу нәтижелері бойынша белгіленген босатылатын дәрілік заттардың бағасы; дәрілік формуляр - тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттардың жеткілікті мөлшері болуға міндетті, ұйымның бейінін ескере отырып қалыптастырылған дәрілік заттардың денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітетін тізбесі; өтеу коэффициенті - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушіге дәрілік заттың босатылатын бағасынан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілейтін өтеу коэффициенті; өтеу сомасы - денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары өтеу коэффициентін ескере отырып, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушіге төлейтін ақша қаражатының көлемі. 3. Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мыналарды қамтиды: 1) дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау; 2) дәрілік заттарды (амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді) сатып алу; 3) дәрілік заттарды бөлу (қайта бөлу); 4) дәрілік заттарды сақтау және есепке алу; 5) азаматтарды қамтамасыз ету үшін дәрілік заттарды пайдалану; 6) дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы есеп беру.
2. Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету
4. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган негізгі (өмірлік маңызды) дәрілік заттардың тізімін (бұдан әрі - тізім) бекітеді. 5. Тізім негізінде әрбір медицина ұйымы дәрілік формулярды қалыптастырады, оны медицина ұйымының басшысы мемлекеттік және орыс тілдерінде бекітеді және ол азаматтарға арналған көрнекі ақпарат орындарында орналастырылады. 6. Дәрілік формулярды қалыптастыру және дәрілік заттарға қажеттілікті анықтау үшін әрбір медицина ұйымында формулярлық комиссия құрылады және жұмыс істейді. 7. Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету кезінде медицина ұйымдарында үнемі дәрі-дәрмек тағайындауды, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мен олардың жанама әсерлерінің мониторингі нәтижелерін талдау жүзеге асырылады. 8. Азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін жеткілікті көлемде дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында медицина ұйымдары жыл сайын, жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырынан кеш емес мерзімде, келесі күнтізбелік жылға арналған дәрілік заттарға қажеттілікті айқындайды. 9. Дәрілік заттарға қажеттілік: 1) аурулардың диагностикасы мен оларды емдеу хаттамалары және дәрілік формулярлар негізінде; 2) оларды амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен арнайы балаларға арналған және емдік тағам рецепт бойынша тегін немесе жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі бойынша халықтың жекелеген санаттарының; вакцина егілетін балалар мен жасөспірімдердің; медициналық қызмет көрсету немесе жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыртудың болжанатын санына; өңірдегі ауруға шалдығу серпіні мен эпидемиологиялық ахуалға байланысты; 3) дәрілік заттардың өткен жылдағы нақты тұтынылуын, баға мониторингі нәтижелерін ескере отырып айқындалады. 10. Медицина ұйымдарының дәрілік заттарға қажеттілігі негізінде тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жыл сайын 1 маусымға дейінгі мерзімде дәрілік заттарға жалпы қажеттілікті айқындайды. 11. Республикалық бюджеттік бағдарламалар шеңберінде нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша сатып алынатын дәрілік заттарға қажеттілікті денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, жыл сайын, жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырынан кеш емес мерзімде айқындайды. ҚР Үкіметінің 2007.21.12 № 1259 Қаулысымен 12-тармақ редакцияда жазылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді конкурс тәсілімен сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ерекше тәртіпті қолданыла отырып жүзеге асырылады. 13. Орталықтандырылып сатып алынған жағдайда дәрілік заттар медицина ұйымдарына дәрілік заттарды сатып алу туралы шартта айқындалатын кесте бойынша жеткізіледі. 14. Негізделген жағдайларда (аурушаңдық серпінінің өзгеруі, сырқаттардың ауыстырылуы немесе көшірілуі, қайтыс болу) тиісті бюджеттік бағдарламалар шеңберінде жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен сатып алынған дәрілік заттарды денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органы басшысының шешімі бойынша медицина ұйымдары арасында қайта бөлуге жол беріледі. 15. Республикалық бюджет қаражаты есебінен орталықтандырылып сатып алынған дәрілік заттарды қайта бөлу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады. 16. Медициналық көмек көрсету үшін сатып алынған барлық дәрілік заттар медицина ұйымдарында сомалық және сандық түрде медициналық құжаттамада көрсетілуге немесе дәрілік заттардың пайдаланылуын есепке алудың автоматтандырылған бағдарламасында есепке алынуға тиіс. ҚР Үкіметінің 2007.21.12 № 1259 Қаулысымен 17-тармақ редакцияда жазылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17. Жеке сақталуға және есепке алынуға тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттар және ақылы қызметтер немесе тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен тыс медициналық көмек көрсету үшін медицина ұйымының қаражаты есебінен сатып алынған дәрілік заттар жатқызылады. Бюджеттік қаражат есебінен келіп түскен дәрілік заттар медицина ұйымының арнайы мөрімен белгіленеді. 18. Қажеттілігіне қарай, бірақ заңнамада белгіленген тәртіппен жылына кеміне бір рет медицина ұйымдарында сақталатын дәрілік заттарды түгендеу жүргізіледі. 19. Жедел медициналық жәрдем көрсету кезінде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жедел медициналық көмек көрсететін ұйымның бекітілген формуляры шеңберінде жедел медициналық көмек көрсету бригадасы тегін жүзеге асырады. 20. Пайдаланылған дәрілік заттардың атаулары мен көлемдері көрсетілген жедел медициналық көмек көрсету туралы ақпарат денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық құжаттамада көрсетіледі. Жедел медициналық көмек ұйымы ақпаратты сырқаттың (зардап шегушінің) тұрғылықты жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға береді. 21. Стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек пен санаторий-курорттық ем көрсететін медицина ұйымдарында азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету бекітілген дәрілік формулярдың негізінде кепілді көлем шеңберінде тегін және кепілді көлемнен тыс медициналық көмек көрсету кезінде ақылы негізде жүзеге асырылады. 22. Стационарлық, стационарды алмастыратын медициналық көмек пен санаторий-курорттық ем көрсететін медицина ұйымдарында азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету нысанын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тағайындау парақтарының негізінде жүзеге асырылады. Тағайындау парағы сырқаттың (сауықтырушының) ауру тарихына (санаторий-курорттық картасына) тігіледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен тыс дәрілік заттарды тағайындаған кезде тағайындау парағында тиісті белгі, ал ауру тарихына (санаторий-курорттық картасына) тиісті жазба енгізіледі. Берілген (пайдаланылған) дәрілік заттарды медицина қызметкері тағайындау парағына жазады. 23. Амбулаториялық емдеу кезінде және үйде стационар нысанында стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету кезінде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету: 1) амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар және арнайы балаларға арналған және емдік тағам рецепт бойынша тегін немесе жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулар түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесі бойынша тегін және жеңілдікті шарттармен; 2) толық құнына жүзеге асырылады. 24. Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету барлық елді мекендерде дәрігерлердің рецепті бойынша дәрілік заттарды, сондай-ақ рецептсіз босатуға жатқызылған дәрілік заттарды рецептсіз бөлшек сатуды жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет объектілері арқылы жүзеге асырылады. Шалғай ауылдық жерлерде дәріхана ұйымдары болмаған жағдайда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. 25. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін және (немесе) жеңілдікті рецептер бойынша, сырқаттың жеке басын куәландыратын құжатты (сырқат баланың туу туралы куәлігін) немесе оның нотариалдық куәландырылған көшірмесін көрсеткен кезде жүзеге асырылады. 26. Жеңілдікті негізде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кезінде азаматтар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуші мен денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары арасындағы шартта белгіленген дәрілік заттардың босатылатын бағасы мен өтеу сомасы арасындағы айырманы төлейді. Тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кезінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушіге босатылатын бағаны денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары толық қайтарады. 27. Туберкулезден зардап шегетін азаматтар амбулаториялық емдеу кезінде республикалық бюджет қаражаты шегінде сатып алынған туберкулезге қарсы дәрілік заттармен туберкулезге қарсы мекемелер арқылы тегін қамтамасыз етіледі. Елді мекенде туберкулезге қарсы мекемелер болмаған жағдайда қамтамасыз ету алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдары арқылы жүргізіледі. 28. Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар бар дәрілік заттармен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар фармацевтикалық қызмет объектілері арқылы жүзеге асырылады. Елді мекенде есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар фармацевтикалық қызмет объектілері болмаған жағдайда қамтамасыз ету есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медицина ұйымдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 29. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін медицина ұйымдарының, дәрілік заттардың бөлшек саудасын жүзеге асыратын фармацевтикалық қызмет объектілерінің көрнекі ақпарат орындарында мынадай ақпарат орналастырылады: 1) амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар және арнайы балаларға арналған және емдік тағам рецепт бойынша тегін немесе жеңілдікті шарттармен босатылатын аурулардың түрлері мен халықтың жекелеген санаттарының тізбесі; 2) тегін босатылатын дәрілік заттардың тізбесі; 3) дәрілік заттардың босатылатын бағасы мен өтеу сомасының арасындағы айырма көрсетіле отырып, жеңілдікті шарттармен босатылатын дәрілік заттардың тізбесі; 4) дәріханалар мен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүзеге асырылатын алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ұйымдардың мекен-жайы. 30. Ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші күніне дейінгі мерзімде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарына: 1) алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуші ұйымдар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін жазылған рецептер тізілімін; 2) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілер олар бойынша дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецептер қоса берілген тізілімді ұсынады. 31. Денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары рецептердің тапсырылған тізілімін салыстыру қорытындылары бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілердің шығыстарын өтейді. Рецептерді ресімдеу бойынша тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары мұндай рецептердің дұрыстығы мен тиісінше ресімделуін нақтылау үшін шаралар қабылдайды. Мұндай жағдайда азаматтар дәрілік заттармен тегін немесе жеңілдікті шарттармен қамтамасыз етіледі, ал шығыстарды өтеу тәртіп бұзушылықтарды жойғаннан кейін жүргізіледі. 32. Азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етуді талдау мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тоқсан сайын денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарынан амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпаратты сұратады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |