Халықтың көшi-қоны туралы 1997 ж. 13 желтоқсандағы № 204-I
Осы редакция 2007 ж. 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2-тарау. Еңбек көші-қоны (5 - 8 баптар) 3-тарау. Көшiп келу (9 - 18 баптар) 4-тарау. Көшiп келудiң түрлерi. Көшiп келушiлердiң (19 - 29 баптар) келу тәртібі. Тұруға ықтиярхаттар 5-тарау. Көшiп кету (30 - 32 баптар) 6-тарау. Көшi-қон процестерiн басқару (33 - 35 баптар) 7-тарау. Қорытынды ережелер (36 - 41 баптар) 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді Осы Заң халықтың көшi-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, көшi-қон процестерiнiң құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн, сондай-ақ оралмандар үшін жерде қажетті тіршілік жағдайларын жасауды белгiлейдi. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) босқындар - саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін екендігінің негізделген қаупі төнуі себепті өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр болған және осындай қауіп салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе осындай қауіп салдарынан өзінің бұрынғы кәдуілгі тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар; 2) ішкі көші-қон - жеке адамдардың Қазақстан Республикасының ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, сондай-ақ маусымдық ауыстыруы; 3) көшіп келушілер - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұруға келген шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 4) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі; 5) көшіп келу квотасы - жыл сайын Қазақстан Республикасы аумағына қоныс аударуға рұқсат берілетін көшіп келушілерді сан жағынан шектеу; 6) оралмандардың көшіп келу квотасы - жыл сайын Қазақстан Республикасы аумағына қоныс аударуға рұқсат берілетін оралмандардың отбасы саны, оларға осы Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар қолданылады; 7) ұжымдық көшіп келу - Қазақстан Республикасына ұйымдасып қоныс аудару; 8) көшіп-қонушылар - Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ себептеріне және уақытының ұзақтығына қарамастан Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударған адамдар; 9) көші-қон - жеке адамдардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде қоныс орнын тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе амалсыздан ауыстыруы; 10) заңсыз көшіп келушілер - келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңдарды бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 11) оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар; 12) репатриация - Қазақстан Республикасы азаматтарының өз отанына ерікті немесе амалсыздан қайтып оралуы; 13) отбасымен көшіп келу - Қазақстан Республикасында тұрып жатқан өзінің отбасы мүшелерімен бірігу үшін отбасы мүшесінің және мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуі; 14) еңбек көші-қоны - жеке адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде қоныс орнын уақытша ауыстыруы; 15) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган халықтың көші-қоны саласында көші-қон саясатын жүзеге асырушы және жұмысты үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган); 16) уақытша орналастыру орталығы - өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болуына арналған орын; 17) көшіп кетушілер - Қазақстан Республикасының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін көшіп кеткен азаматтары; 18) көшіп кету - Қазақстан Республикасы азаматтарының басқа мемлекетке тұрақты немесе уақытша тұру үшін кетуі. 2-бап. Халықтың көшi-қонын реттейтiн заңдар Көшi-қон саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді 3-бап. Халықтың көшi-қонын реттеудiң негiзгi принциптерi Халықтың көшi-қонын реттеу; - Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген адамның тұратын жерiн еркiн таңдау құқығын, еңбек бостандығын, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауын, кету бостандығын, жүрiп-тұру бостандығын қамтамасыз ету; - шығу тегiне, әлеуметтiк, қызмет және мүлiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрақтылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарай қандай да бiр кемсiтуге жол беруге болмайтындығы; - Қазақстан Республикасы көшi-қон заңдарының республиканың қазiргi әлеуметтiк-экономикалық жағдайын, оның өткен тарихы мен дәстүрлерiн, даму перспективаларын ескере отырып, Көшi-қон жөніндегі халықаралық ұйымның халықаралық нормалары мен ұсыныстарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету; ұлты қазақ адамдарды Қазақстан Республикасына қоныстандыруға жан-жақты жәрдемдесу, олардың қоныс тебуін ұйымдастыру, жұмыс орындарын ашу, оралмандарды әлеуметтік қамсыздандыру және оларға әлеуметтік көмек көрсету; - әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайдың өзгеруiне байланысты ықтимал көшi-қон мен көшi-қон лектерiнiң бағыттарын болжауға негiзделген iс-әрекеттердiң орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларында әлеуметтiк-экономикалық ынталандыруды талдап жасау негiзiнде ел iшiнде де, одан тыс жерлерде де жөн-жосықсыз және ретсiз процестердi болғызбау; - көшi-қон процестерiн ретке келтiрудi ұйымдастыруға тиiстi мемлекеттік органдардың қатысуы; - бастаманы мемлекеттік атаулы қолдау жағдайында көшiп-қонушылардың жаңа қоныста жайласуға жеке өзiнiң қатысуы және әрқайсысының, ең алдымен экологиялық және дүлей зiлзала аймақтарынан қоныс аударушылардың өз бетiнше iс-әрекет етуi; - басқа елдермен, әсiресе көшiп келушiлердi қабылдаушы елдермен оқып білім алу, кәсiби даярлық, еңбек көшi-қоны түрiнде заңсыз көшiп-қонуды азайту саласында ынтымақтастық жасау принциптерiне негiзделедi. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді 4-бап. Көші-қон субъектілері және оларды тіркеу Басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшіп келушілерге, осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, оралмандар, босқындар мәртебесі беріледі. Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге заңды негiздерде қоныс аударушы адамдар көшiп кетушiлер мәртебесiн алады. Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және өкілдіктерінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасының шет елдерде уақытша еңбек қызметiн жүзеге асырып жүрген азаматтары, бiтiмгершiлiк борышын атқарушы әскери қызметшiлер, сондай-ақ шет елдерде оқып, емделiп, туристiк сапарда, ұйымдар мен жеке адамдардың шақыруы бойынша және қызметтiк iссапарда жүрген адамдар көшiп кетушiлерге жатпайды. Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбір көші-қон субъекті өзінің тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша бес күнтізбелік күн ішінде тіркелуге міндетті. Көші-қон субъектілерін тіркеу адамның жеке басын куәландыратын құжат бойынша жүзеге асырылады. Адамның жеке басын куәландыратын құжаттар тізбесін және тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді 5-бап. Еңбек көшi-қонын жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдегі Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Еңбек көшi-қонын реттеу кезiнде iшкi еңбек рыногын қорғауға басым мән берiледi. Бұл орайда еңбекшiлердi - Қазақстан Республикасы аумағына заңды түрде жiберiлген көшiп келушiлердi еңбек рыногындағы жағдайға байланысты көшiрiп жiберуге жол берiлмейдi. Осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбек қызметi еңбек көшi-қоны ретiнде қаралмайды. 6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек қызметiн жүзеге асыруы Әскери қызметтегi адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметiн жүзеге асыру мақсатымен шетелге баруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жол берiледi. 7-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына еңбек көшi-қоны бойынша келу шарты Қазақстан Республикасына азаматтығын ауыстыруға байланыссыз, еңбек көшi-қоны ретiмен келген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер мемлекетаралық келісімдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрғылықты жерi болуға тиiс. Қазақстан Республикасына келген және уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатынсыз еңбек қызметiн жүзеге асырушы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, егер мемлекетаралық келісімдерде өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары Қазақстан Республикасынан кетiруге тиiс. 8-бап. Қазақстан Республикасы аумағында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының еңбек қызметiн жүзеге асыруы Қазақстан Республикасы аумағында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының еңбек қызметi осы Заңға және осы мемлекеттер арасында екiжақты, сондай-ақ көпжақты негiзде жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен тараудың тақырыбы өзгертілді 3-тарау. Көшiп келу 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді 9-бап. Оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi осы Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтінімдер берілетін адамдар үшін алдағы жылға және (немесе) болашаққа арналған оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлейдi. Меншiк нысанына қарамастан барлық ұйымдардың және мемлекеттік басқару органдарының орындауы үшiн мiндеттi оралмандардың көшiп келу квотасын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiде көшiп келушiлердiң қай елден қоныс аударатыны көрсетіліп, отбасылардың шекті саны, оларды қабылдауға, жайғастыру мен бейiмдеуге қажеттi шаралар, олар қоныстануға тиiстi аймақтар, оралмандар үшiн сараланған жәрдемақылар мен жеңiлдiктер жүйесi белгiленедi. Оралмандардың көшiп келу квотасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің айрықша құзыретi болып табылады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда 10-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері Тұруға ықтиярхат алған көшіп келушілер Қазақстан Республикасында барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей міндеттерді мойнына алады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Көшiп келушiлер болып табылмайтын адамдар Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер олар: 1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлiмдерде әскери қызметте тұрса; 2) дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың құрамына кiрсе; 3) Қазақстан Республикасында оқуда немесе өндiрiстiк практикада жүрсе; 4) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырса; 5) Қазақстан Республикасында ресми тiркелген дiни бiрлестiктерде кәсiби қызметтi жүзеге асырса; 6) Қазақстан Республикасында тiркелген шетел бұқаралық ақпарат құралдарының, радиосы мен теледидарының өкiлдерi болса; 7) Қазақстан Республикасына турист ретінде, қайырымдылық әрі ізгілік көмек көрсету және іскерлік кездесулерді жүзеге асыру мақсатында келсе; 8) теңiз және өзен кемелерi, әуе, темір жол және автомобиль көлiктерi экипаждарының мүшелерi болса, көшіп келушілер болып табылмайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды көшiп келушiлер деп танымайтын басқа да жағдайларды белгiлеуi мүмкiн. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 12-бап алып тасталды 12-бап. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда 13-бап. Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету Көші-қон іс-шараларын қаржымен қамтамасыз ету республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат, сондай-ақ ұйымдардың, соның ішінде шетелдік ұйымдардың ерікті аударымдары, жеке адамдардың қайырмалдығы есебінен жүзеге асырылады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда 14-бап. Өтініштерді беру, оларды қарау және адамдарды оралмандар деп тану тәртібі Адамдардың оралмандар деп тану туралы өтінішін отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі тікелей өзі немесе уәкілетті өкілі арқылы Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға береді. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды. Оралмандар деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оралманның куәлігі қатаң есепте болатын құжат болып табылады және осы Заңда көзделген жеңілдіктер мен өтінімдерді алу үшін негіз болады. Аумақтық қызметтердің шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда 15-бап. Өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген және Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар үшін қолданылып жүрген құқықтарды пайдаланады және міндеттерді мойнына алады. Өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген адамдардың уақытша орналастыру орталықтарында тұру жағдайын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне немесе консулдық мекемелеріне өздерін оралмандар деп тану туралы өтініш берген және Қазақстан Республикасының аумағына келген адамдар: уақытша орналастыру орталығына жолдама алғаннан кейін үш күн ішінде сол жерге жүріп кетуге; тұрып жатқан жері туралы тиісті аумақтық көші-қон қызметтерін хабардар етуге және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ішкі істер органдарында тіркеуден өтуге; уақытша орналастыру орталығында тұрудың белгіленген тәртібін сақтауға; денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өтуге, ектіруге, емделуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға; өтінішті қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті. Оралман мәртебесі ол Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 16-бап алып тасталды 16-бап. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 17-бап алып тасталды 17-бап. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді 18-бап. Лауазымды адамдардың заңсыз көшіп келушілерді жұмысқа қабылдағаны үшін жауапкершілігі Меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар басшыларының Қазақстан Республикасы аумағына заңсыз келген көшiп келушiлердi жұмысқа қабылдау жөніндегі қасақана iс-әрекеттерi, сондай-ақ лауазымды адамдардың олардың қатысуымен нотариаттық немесе қандай да бiр заңдық iс-әрекеттер жасауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгендей жауапкершiлiкке әкеп соғады. 4-тарау. Көшiп келудiң түрлерi. Көшiп келушiлердiң келу тәртібі. Тұруға ықтиярхаттар 19-бап. Отбасымен көшiп келу Көшiп келушiнiң отбасын мына адамдар құрайды жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары және оның қарауындағы (соның iшiнде асырап алған) балалары, сондай-ақ ата-аналары немесе бұрынғы тұрған жерiнде оларды бағып-күтуге мiндеттi қорғаншылары жоқ кәмелетке толмаған аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi. Қазақстан Республикасына он сегiз жасқа дейiнгi балалардың қоныс аударуы олардың ата-анасының және асырап алушыларының (қорғаушыларының немесе қамқоршыларының) келісімi бойынша шешiледi. Бұл орайда он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балаларға олардың нотариат куәландырған келісімi ұсынылады. Дербес отбасын құрмайтын, бiрақ Қазақстан Республикасына ата-анасынан (қорғаншыларынан немесе қамқоршыларынан) бөлек қоныс аударатын он сегiз жасқа толмаған жасөспiрiмдерге қатысты олардың ата-анасының (қорғаншыларының немесе қамқоршыларының) ресми куәландырылған жазбаша келісімi талап етiледi. Ұжымдық көшiп келу Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тарихи отанына ұжымды түрде қайтып оралуға тiлек бiлдiрген адамдарды ұйымдастырып көшiру туралы шешiмiне сәйкес жүзеге асырылады. 21-бап. Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасына келу тәртібі Көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасы аумағына келуiн ресiмдеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 22-бап. Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келуiне бас тарту негiздерi Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келуiне мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi және Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау мүдделерiн көздеп бас тартылуы мүмкiн. Шетелдiктiң және азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына келуiне мына жағдайларда: 1) егер ол бейбiтшiлiкке және адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыс жасаса; 2) егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және дiни араздықты тұтандырса; 3) егер ол Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiне саналы түрде қарсы шықса, оның бiрлiгi мен аумағының тұтастығын бұзуға шақырса; 4) егер ол террорлық әрекетi үшiн сотталса не бұрын жасаған ауыр немесе ерекше ауыр қылмысы үшiн соттылығы болса; 5) егер ол келу туралы өтiнiш қозғалған кезде өзi жөнiнде жалған мәлiметтер хабарласа немесе қажеттi құжаттарды табыс етпесе; 6) егер ол бұрын Қазақстан Республикасынан қуып жiберiлсе; 7) егер Қазақстан Республикасында бұрын болған кезiнде оның шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы заңдарды, Қазақстан Республикасының кеден, валюта немесе өзге заңдарын бұзған фактiлерi анықталса; 8) егер бұл Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болса, рұқсат етiлмеуi мүмкiн. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді 23-бап. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына арналған құжаттар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ішкі істер органдарынан рұқсат алған шетелдіктерге шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға - азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі. Шетелдiкке Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. 01.03.01 ж. № 160-11 ҚР Заңымен 24-бап толықтырылды; 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 24-бап жаңа редакцияда 24-бап. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту негіздері Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден: 1) көрінеу заңсыз көшіп келушілерге, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін өздері шыққан елдердің заңдары бойынша қудалауға ұшыраған көшіп келушілерге; 2) қылмыс жасағанға дейін тұрақты тұратын жері Қазақстан Республикасының шегінен тыс болып, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарға; 3) адамзатқа қарсы қылмыс жасаған адамдарға; 4) оралмандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттілігін растауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен табыс етпеген адамдарға; 5) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органдары мен басқа да уәкілетті органдардың қорытындысына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында эпидемияның таралуына себепші болуы мүмкін сырқаты бар адамдарға; 6) Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы заңдарды бұзған адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен уәкілетті органның, ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дәлелді шешімдері негізінде бас тартылуы мүмкін. Ықтиярхат және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. Қазақстан Республикасының шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруi туралы өтiнiшiн қанағаттандыруды немесе қабылдамауды әрбiр нақты жағдайда Қазақстан Республикасының Президентi жүргiзедi. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 26-бап алып тасталды 26-бап. 24.12.01 ж. № 276-11 ҚР Заңымен 27-бап өзгерді; 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда 27-бап. Оралмандардың туыстары болып табылатын адамдар Оралмандардың туыстары болып теңдей негіздерде мыналар танылады: оралманның балалары (соның ішінде асырап алған балалары), зайыбы (жұбайы); оралманның аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ шыққан тегі бойынша қандас туыстары және олардың отбасы мүшелері; оралманның немерелері мен шөберелері; оралманның кәмелетке толған балалары, немерелері мен шөберелері құрған отбасыларының мүшелері. 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 28-бап алып тасталды 28-бап. 24.12.01 ж. № 276-11 ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді; 27.03.02 ж. № 313-11 ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда 29-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 10.11.01 ж. № 255-11 ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды 29-1-бап. Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Көшiп келушiлердi Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу Қазақстан Республикасының шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы заңдарында белгiленетiн жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 4-1-тарау. Оралмандарға берiлетiн жеңiлдiктер, өтемақылар және атаулы көмектiң басқа да түрлерi 29-2-бап. Орталық мемлекеттік басқару органдары |