2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
(2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
33-ҚОСЫМША
202 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік
материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілетті
органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны 5154475 мың теңге (бес миллиард бір жүз елу төрт миллион төрт жүз жетпіс бес мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңы; «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Авариялық құтқару қызметтері және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік материалдық резервті құру мен дамытуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару.
ҚР Үкіметінің 2008.14.10. № 581в қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Төтенше жағдайлардың алдын алу, жою және мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, мемлекеттік органдардың, Азаматтық қорғаныстың, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздігінің жұмыстарын үйлестіру. Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс академиясында оқитын тыңдаушылардың және олардың отбасылары мүшелерінің белгіленген орынға бару және кері қайту көліктік шығыстарын қамтамасыз ету. «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды, оның ішінде стандарттарды, ережелерді, нұсқауларды, басшылықтар мен ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі мерзімді журналдар шығару бойынша қызмет көрсетулерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Төтенше жағдай- лардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламаларды ұйымдастыру және орындау. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстарды іске асыру; сот шешіміне сәйкес Талдықорған қ. әскери қызметші-зейнеткер Ж.М. Мұсатаевты тұрғын үймен қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық органдары |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілер- дің біліктілігін арттыру | Тау-кен өндірістері мен жұмыстарын мемлекеттік бақылау»; «Металлургиялық коксты химиялық өндірістерді мемлекеттік бақылау»; «Көтергіш тетіктерді қазандықты қадағалау саласындағы мемлекеттік бақылау»; «Өнеркәсіптік жарылғыш заттарды әзірлеуді, дайындауды, сынауды, сақтауды, пайдалануды мемлекеттік бақылау»; «Мұнай өндіретін өнеркәсіптегі, геологиялық барлаудағы және құбыр өткізгіш көліктегі мемлекеттік бақылау»; «Тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін геологиялық-маркшейдерлік қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау»; «Нормативтік-құқықтық актілердің мәтіндерін жазу»; «Іс жүргізуді мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу»; «Ақпараттық технологиялар - мемлекеттік басқару тиімділігінің өсу негіздері»; «Мемлекеттік органдардағы бухгалтерлік есепке алу және бақылау»; «Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бақылау»; «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы»; «Қызметтік құжаттаманы электрондық өңдеуді енгізу тетігі туралы»; «Қазіргі заманғы жағдайларда заң қызметінің жұмыс ерекшеліктері»; «Мемлекеттік қызметшінің этикеті және психологиясы»; «Мемлекеттік қызметтердің сапасын басқару»; «Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту саласындағы ұйымдастыру шараларын жетілдіру жолдары»; «Іс жүргізу және электронды құжат айналымы»; «Мемлекеттік тілді оқыту» тақырыптары бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Министрліктің аумақтық органдарының ғимараттары мен үй-жайларын күрделі жөндеу бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу, оның ішінде ШҚО ТЖӨҚМББ сыртқы жылу жүйелерін күрделі жөндеу; Ақмола облысы ТЖД әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу; Жезқазған ТЖБ әкімшілік ғимараты мен гараждарын күрделі жөндеу; Павлодар облысы ТЖД әкімшілік ғимаратының жертөлесін, 4-қабаттағы үй-жайларды, 1-қабаттағы кезекшілік бөлмесін күрделі жөндеу және әкімшілік ғимаратының терезелерін жөндеу; Атырау облысының ТЖД әкімшілік ғимара- тының шатырын күрделі жөндеу, ОҚО ТЖӨҚМББ әкімшілік ғимаратын күрделі жөндеу. Маңғыстау облысы ТЖД жылыту жүйесін ауыстыруға ЖСҚ әзірлеу, ТЖД аумағының қоршауын, ұзақ сақтау қоймасы аумағының қоршауын, 4 гараждық боксты және ТЖД ғимаратының жертөле үй-жайын күрделі жөндеуді жүргізуге ЖСҚ әзірлеу. | Жыл бойы | Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - ТЖД) Атырау облысының ТЖД, Павлодар облысының ТЖД, Жезқазған ТЖД, Маңғыстау облысының ТЖД, ШҚО, ОҚО Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы (бұдан әрі - ТЖӨҚМББ) |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Орталық аппарат пен оның аумақтық органдарының қызметтерін материалдық-техникалық жарақтандыру, оның ішінде МИ-171 тікұшағы - 1 бірлік, УАЗ базасындағы жедел-құтқару автомобилі - 27 бірлік | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және оның аумақтық органдары |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық- техникалық қамтамасыз ету | Есептеу техникаларын ұстау, техникалық қызмет көрсету, ақпараттық жүйелерді орналастыру және алып жүру жөніндегі қызметті сатып алу, веб-сайт құру. Ақпараттық жүйелерді техникалық, технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету. Есептеу техникасын және лицензияланған бағдарламалық өнімдерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және оның аумақтық органдары |
ҚР Үкіметінің 2008.14.10. № 581в қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
а) Өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік базаны (мемлекеттік стандарттар, ережелер мен ұсынымдарды) жетілдіру;
б) 676 адамның, оның ішінде: аумақтық органдардан 676 адамның кәсіби деңгейін көтеру;
в) 1288 адамға, оның ішінде: аумақтық органдардан 1218 адамға мемлекеттік тілді оқытып-үйрету.
Түпкілікті нәтиже:
Төтенше жағдайларды төмендету және азайту, төтенше жағдайлардың алдын алудың қолданыстағы буындарын нығайту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) республикалық бюджеттің қаражатын тиімді пайдалану;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеуге - 50000,0 мың теңге, өрт қауіпсіздігі саласында - 11225,0 мың теңге;
3) бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 14,9 мың теңге;
4) бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытып-үйретуге кететін орташа шығын - 15,8 мың теңге.
Сапасы:
а) төтенше жағдайлардың алдын алуға, оларды жоюға белгіленген регламент шеңберінде дер кезінде ден қою;
б) адам факторларына байланысты төтенше жағдайлар санының, қаза болғандар мен зардап шеккендердің, сондай-ақ өрттердің, өндірістік объектілердегі және жеке меншік секторларындағы апаттардың нәтижесіндегі материалдық залалдың өсуін азайту;
в) қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес, кәсіби мемлекеттік қызметтік талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсын бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудегі үлесі - 44,3 %; біліктілігін арттыру курсын өткеннен кейін жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 6,2 %.
Уақтылығы: іс-шараларды жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
34-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды
жоюды ұйымдастыру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 17810404 мың теңге (он жеті миллиард сегіз жүз он миллион төрт жүз төрт мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы; «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 27 наурыздағы Заңы; «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «28237, 52859, 68303 әскери бөлімдерін Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына бағындыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 264 қаулысы; «Төтенше жағдайларда Қазақстан Республикасының жедел медициналық көмек көрсету орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 27 қыркүйектегі № 1068 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 наурыздағы № 400 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Республикалық дағдарыс орталығы мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 қаңтардағы № 40 қаулысы; «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюды мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы; «2006-2007 жылдарға арналған ақысыз медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің тізбесін бекіту туралы» 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1296 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының халқын, шаруашылық объектілері мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі және олар туындаған кезде қорғауды қамтамасыз ету және халыққа жедел көмек көрсету; авариялық-құтқару күштерінің ұдайы дайындықты және төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюды тұрақты және үздіксіз басқаруды қамтамасыз ету; жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмекті қамтамасыз ету арқылы ауру адамдардың денсаулығын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Дүлей зілзала, авариялар мен апаттар нәтижесінде зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету;
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайларда іс-қимылдарға жоғары әзірлікті қамтамасыз ету, апат аудандарына және берілген жауынгерлік міндеттер орындалатын аудандарда авариялық-құтқару қызметтерінің жедел ден қою, уақтылы баруы;
жетуі қиын аудандарда, қиындығы жоғары объектілерде құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
Ақпараттарды уақтылы және тұрақты түрде қабылдау және жедел өңдеу, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттік басқару органдарымен үздіксіз және тиімді байланысты қамтамасыз ету;
Қадағалау және хабардар ету қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; мониторинг және сел қауіпі бар объектілер мен сел ағындарын бақылау;
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде уақтылы ден қою үшін арнайы техникалық құралдардың әзірлігін қамтамасыз ету;
Төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылардың әзірлік деңгейін арттыру;
Өрт қауіпсіздігі, өрттің алдын алу мен оларды жою саласындағы, шаруашылық ету объектілері мен тұрғын үйлердің өртке қарсы қорғанысын арттыру бойынша жұмыстарды жетілдіру;
Төтенше жағдайлардың салдарларын жою бойынша іздестіру-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жедел жүргізу.
Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара); 2008.19.07. № 712 (бұр. ред. қара); 2008.14.10. № 581в қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюды ұйымдастыру | | | |
2 | | 100 | Республикалық жедел құтқару жасағы | 1) «Республикалық жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесін ұстау (штат саны - 56 бірлік). «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» іс-шаралар жоспарының 3.1- тармағын іске асыруға 8 бірлік автокөлік құралдарын сатып алу, оның ішінде: УАЗ 3 бірлік, Газель 2 бірлік, орта сыныпты АҚМ - 1 бірлік, гидрооралым 3-ші жергілікті 1 бірлік, авариялық құтқару жабдықтары және аспаптары, оның ішінде: жылу зеңбірегі 4 бірлік, зардап шеккендерге киіз үй - 2 бірлік, ұялы байланыс кешені УКВ - 10 бірлік, созылмалы құтқару матасы, авариялық құтқару аспабының жинағы, сүңгуір жейде, неопренді гидрокостюм, тау шаңғысы жинағы, газ қазандығы, үйлестіру-диспетчерлік қызмет және басқа жабдық үшін қатты дауыс байланыс жүйесі, оның ішінде желдеткіштер, тоңазытқыштар, ламинатор+брошуратор. | Жыл бойы | «Республикалық жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі |
3 | | 101 | Әскери бөлімдер | Әскери бөлімдер мемлекеттік мекемесін ұстау (штат саны - 1202 бірлік, оның ішінде мерзімді қызметтегі 776 бірлік әскери қызметшілер). Әскери қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейту бойынша ұсыныстарды іске асыру. Азық-түлік, дәрі- дәрмектер, заттай мүліктер сатып алу, мерзімді қызметтегі 153 бірлік әскери қызметшінің келісім-шартты қызметке өтуі. Сатып алу: дәнекерлеуші агрегат - 1 бірлік, байланыс құралы, коммуналдық-тұрмыстық жабдық., оның ішінде: жылыту қазандығы - 6 бірлік. Іс-шаралар жоспарының 3.1 т. іске асыру үшін автокөлік құралдарын, оның ішінде: жоғары өтімді КамАЗ (6*6) - 3 бірлік, ГАЗ шассасында АСА - 1 бірлік, УАЗ шассасында АСА - 1 бірлік сатып алу. «ҚР ӘҚ қару жарақтары мен әскери техниканы сатып алу, жаңғырту, жөндеу, пайдаға асыру мемлекеттік бағдарламасы» іс- шаралар жоспарын іске асыруға бульдозер 1 бірлік, № 52859 әскери бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу. Алматы қаласында пәтерлер сатып алу (бір бөлмелі - 2 бірлік, екі бөлмелі - 1 бірлік). | Жыл бойы | 52859, 28257, 68303 әскери бөлімдер |
4 | | 102 | Аэроұтқыр өңірлік жедел-құтқару жасақтары | Өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасақтарын ұстау (штат саны -168 бірлік). Автокөлік құралы - 4 бірлік, оның ішінде: Камаз базасында АСА - 2 бірлік, Нива Марш АСА - 2 бірлік, авариялық құтқару жабдығы. «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» іс-шаралар жоспарының 3.1 т. іске асыру үшін УАЗ базасында АСА - 3 бірлік, қарда жүретін машина - 2 бірлік, Камаз автомобилі - 1 бірлік, УАЗ автомобилі - 1 бірлік, авариялық құтқару аспаптары мен жабдықтары - 4 бірлік | Жыл бойы | Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы, Батыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы, Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы, Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару отряды, Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы мемлекеттік мекемелері |
5 | | 103 | Республикалық дағдарыс орталығы | «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесін ұстау (штат саны - 25 бірлік). Жер серігі терминалы - 1 бірлік, басқару бейне камерасы - 1 бірлік, дизельді -генераторлық қондырғы - 1 бірлік сатып алу | Жыл бойы | «Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі |
6 | | 104 | Қазселден- қорғау | «Қазселденқорғау» ММ ұстау (штат саны - 540 бірлік). 1) Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы гидротехникалық құрылыстарды, гидрологиялық посттарды, диспетчерлік пункттерді, сейсополигондарды және бөгеттегі ағымды жөндеу, бақылау және хабардар ету бекеттерін ұстау, аэрошоу жұмыстары, мұздық көлдерді ағызу бойынша алдын алу жұмыстары, жер сілкіністерін қысқа мерзімді болжауды қамтамасыз ету бойынша ғылыми- болжау жұмыстарын жүргізу, қар көшкіндерін, сел тасқындары мен сырғымаларды алдын ала түсіру бойынша жару жұмыстары. 2) 7 бірлік - құрылыс техникасын және автокөлік құралдарын, оның ішінде: шынжыр табанды экскаватор - 1 бірлік, гидрометеорологиялық аспаптар сатып алу». «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» іс-шаралар жоспарының 3.1-т іске асыру үшін КамАЗ (самосвал) - 5 бірлік, тұратын вагон - 14 бірлік, цемент тасығыш - 1 бірлік, ершікті тартқыш - 1 бірлік, жартылай тіркеуіш - 1 бірлік, бульдозер - 1 бірлік, жедел қызметтік автомобиль - 8 бірлік, байланыс құралдары, ұйымдастыру техникасы және жабдық сатып алу. | Жыл бойы | Қазселден қорғау ММ |
7 | | 105 | Төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету үшін арнайы техникалық жабдықтардың дайындығын ұйымдастыру | Авиациялық техникаларды ұстау, ұшу -техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетулер- ді сатып алу, оның ішінде жанар-жағар-май материалдарының шығындары, ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету, авиациялық техниканы орналастыру, метеоқамтамасыз ету, авиатехникаларға әуежай және жер арқылы қызмет көрсету, әуе кемелерін орналастыру, сақтандыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
8 | | 106 | «Қазқұтқару « бөлімшесі құтқарушыларының жыл сайынғы (халықаралық) жиын-семинарын өткізу | «Қазқұтқару» құтқарушыларының жыл сайынғы жиын семинарын өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде кеңсе және басқа тауарларды, жанар-жағар -май материалдарын сатып алу, жиын семинарға қатысу- шыларды азық-түлік -пен қамтамасыз ету, вымпелдар, дипломдар, мақтау қағаздарын, бейдждер жасау, жүлделер сатып алу, жүлделер мен кубокторға жазу түсіру, фото және бейнематериалдардыжасау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
9 | | 107 | Өрт сөндіру қызметі | «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелерін (бұдан әрі - ММ) ұстау (штат саны - 15200 бірлік). Активтер - 190 бірлік, оның ішінде: Урал базасында АЦ-40 автоцистерна - 40 бірлік, Камаз базасында АЦ-40 автоцистерна 30 бірлік, ЗИЛ база- сында АЦ 2,5-40 автоцистерна - 60 бірлік, өрт сөнді- ру-техникалық керек-жарақтар, «Диспетчер» АРМ жабдығын, байланыс құралдары, телекоммуникациялық жабдық, жедел жеңіл автомобиль - 1 бірлік сатып алу. ММ өрт сөндіру депосы ғимараттарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша шығындар және күрделі жөндеу, оның ішінде: Атырау облысының Индер ауданы № 5 өрт сөндіру бөлі- мінің ғимаратына күрделі жөндеу; Ақтөбе облысы Шалқар қ. Газовиков п. ө/б -17 г. өрт сөндіру депосын күрделі жөндеу; Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Абай ауылы өрт сөндіру депосы ғимаратына күрделі жөндеу; Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное п. 7 ө/б өрт сөндіру депосы ғимаратын күрделі жөндеу; Алматы қ. Қонаев көшесі 132 СПЧ-8 ғимаратын күрделі жөндеу, Жамбыл облысы Талас ауданы, Қаратау қаласы өрт сөндіру депосының қазандықтарын жылыту және газдандыру жүйесін күрделі жөндеу; Батыс Қазақстан облысы ММ арнайы жасағына күрделі жөндеу; Тараз қаласы Асқаров 284-а көшесі бойынша жұмылдыру резерві ғимаратын күрделі жөндеу; Тараз қ. Жамбыл № 1 даңғылы бойынша ө/д жатақханасы ғимаратына күрделі жөндеу; материалдық емес активтерді сатып алу. | Жыл бойы | «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемелері |
10 | | 108 | Жедел құтқару қызметі | Жедел құтқару жасақтарын ұстау (штат саны - 285 бірлік). Камаз базасында 4 бірлік, гидравликалық авариялық құтқару аспаптары, іздеу құтқару иттері - 2 бірлік сатып алу. Материалдық емес активтерді сатып алу, оның ішінде «1С - Бухгалтерия" | Жыл бойы | Ақтөбе қаласының Жедел- құтқару жасағы, Екібастұз қаласының Жедел- құтқару жасағы, Қарағанды қаласының Жедел- құтқару жасағы, Қызылорда қаласының Жедел- құтқару жасағы, Павлодар қаласының Жедел- құтқару жасағы, Орал қаласының Жедел-құтқару жасағы, Шымкент қаласының Жедел-құтқару жасағы. |
11 | | 109 | Апаттар медицинасы орталығы | Мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Медициналық жабдықтар, медициналық емес жабдықтар, мамандандырылған автокөлік, есептеу жабдықтарын және оргтехника сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |