|
|
|
2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 5 , 6 , 7-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 5-ҚОСЫМША
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi 2008 жылға арналған «Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 10029919 мың теңге (он миллиард жиырма тоғыз миллион тоғыз жүз он тоғыз мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының 2000 жылғы 29 қарашадағы № ІБ 01/42 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы туралы» Ережесі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламенттің заң шығару және ұйымдастырушылық қызметін қолдау және оған жәрдемдесу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Парламент депутаттарының жұмысы мен тұруы үшін жағдайлар жасау; басқа елдердің Парламенттерімен және халықаралық ұйымдармен халықаралық байланысты қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру. Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимараттарындағы кабинеттер мен мәжіліс залдарын күрделі жөндеуден өткізу. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: Заң шығармашылық қызметін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің тиімді қызметін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Парламентінің ғимараттарындағы кабинеттер мен мәжіліс залдарын күрделі жөндеуден өткізу. 200 адамның кәсіптік деңгейін арттыру. 250 адамды мемлекеттік тілде оқыту. 180 адамды ағылшын тіліне оқыту. Түпкі нәтижелер: Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жұмыс істеуі мен тұруы үшін жағдай жасалады. Неғұрлым оңтайлы және қолайлы жұмыс орындары құрылады. 37,0 % мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің 46,0%-ның мемлекеттік тілді оқу, мемлекеттік қызметшілердің 33,0%-ның ағылшын тілін оқу қажеттілігі қамтамасыз етіледі. Қаржы-экономикалық нәтижесі: Бір қызметкердің кәсіптік деңгейін арттыруға шығатын орташа шығыс 7,07 мың теңге. Бір қызметкерді мемлекеттік тілге оқытуға шығатын орташа шығыс 28,06 мың теңге. Бір қызметкерді ағылшын тіліне оқытуға шығатын орташа шығыс 38,8 мың теңге. Парламентте қолданыстағы үлгі және мамандандырылған ақпараттық жүйелер мен міндеттерді сүйемелдеудің және пайдаланудың, есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсетудің нақты режиміндегі бір адамға арналған орташа құны 1,106 мың теңгені құрайды. Жобаларды тиімді іске асыруды талдаудың нәтижелері бойынша. Уақтылығы: Парламент Палаталарының кезекті сессияға арналған негізгі іс-шараларының жоспарларында бекітілген мерзімдерге сәйкес заң жобаларын шығару және белгіленген мерзімдерге сәйкес жыл бойы іс-шараларды орындау. Жасалған шарттарға сәйкес жұмыстарды орындау жоспарына сәйкес. Сапасы: Қабылданатын заңдардың сапасын арттыруға көмек көрсету және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру. Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 6-ҚОСЫМША
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Заң жобалары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 151943 мың теңге (бір жүз елу бір миллион тоғыз жүз қырық үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Парламенттің заң шығару қызметі жөнінде уақтылы және дұрыс ақпаратқа жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін және заң жобаларын қабылдау әрі қолданыстағы заңдардың тиімділігі жөніндегі мәселелерді бұқаралық сипатта және қызу талқылау мүмкіндігін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Өңірлердегі жұмысы кезінде депутаттық корпус үшін ақпаратпен жұмыс істеудің бірыңғай кеңістігін құру, ақпаратты жинау әрі алмасу үшін қызметкерлердің топтық жұмысын ұйымдастыра отырып, ақпаратты өңдеудің бірыңғай технологиясын құру және ақпарат алмасу, ақпараттың рұқсат етілген барлық көздеріне заңды және жеке тұлғалардың қол жеткізуі. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындалудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері: Кіші жүйелерді енгізу: - «Электоратпен байланыс» Кіші жүйе блогының негізгі бағыты: бекітілген тақырыптар бойынша бейнеконференциялар мен брифингтер өткізу; - «Деректер қоймасы». Кіші жүйелерді тағайындау: материалдарды сақтау, сұрау салынған ақпаратты енгізу, іздеу және шығаруды автоматтандыру; - «Парламент кітапханасы». Кіші жүйелерді тағайындау: Парламенттің кітапханалық қорын есепке алудың технологиялық процесін, оны іздеуді, тіркеуді, сондай-ақ электрондық түрдегі кітаптар мен мерзімді басылымға қол жеткізуді автоматтандыру; - «Отырыс». Кіші жүйелерін тағайындау: бюро, жалпы және бірлескен отырыстарды өткізу кезінде барлық ілеспелі ақпарат электрондық түрде беру. ЕСМ сыныпты платформаға лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету кешенін (Enterprise Content Management - корпоративтік мазмұндағы басқару жүйелерін) және оған кеңейту құралдарын сатып алу. Түпкілікті нәтижелері: Парламент жұмысының ашықтығын және жұртшылықпен кері байланыстың болуын қамтамасыз ету; депутаттық корпустың заң шығармашылық қызметіне қажетті ақпараттың барлық түрлеріне бір жерден қол жеткізуін қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық тиімділігі: Қаралудағы заң жобаларының санын өсіру есебінен азайту арқылы табыстың өсуінде ғана көрініс тапқан. Заң жобаларын қарау шығыстары бағдармен 22 % қысқартылады. Уақтылығы: Мемлекеттік сатып алу туралы жасалынған шарттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес. Сапасы: Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығармашылық қызметі туралы уақытылы және дәйекті ақпарат алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 7-ҚОСЫМША
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы объектілерін дамыту» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 184000 мың теңге (бір жүз сексен төрт миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Парламентінің Шаруашылық басқармасының тиімді жұмыс жасауы. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы объектілерін уақытында салыну жағдайларын қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: Бекітілген жобалау сметалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамадан өткізу және құрылыстың басталу кезеңіндегі орындалған жұмыстар. Түпкі нәтижелер: Жобалау сметалық құжаттама әзірленді және 200 жеңіл автокөлікке арналған жабық тұрақжай қосымша үй-жайларымен бірге салудағы құрылыстың басталуы орындалды. Қаржы-экономикалық нәтижесі: жобаларды іске асыру тиімділігін талдау нәтижелері бойынша. Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес жұмыстарды орындау жоспарына сәйкес. Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |