|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлык қолтаңба туралы заңдары 5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау 5-3-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті 6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптері 7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар 8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау 9-бап. Электрондық кұжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері 3-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңба 10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану 11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары 12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесіңдегі электроңдық цифрлық қолтаңба 13-бап. Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану 14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту 15-бап. Тіркеу куәлігінің мазмұны 16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі 17-бап. Тіркеу куәлігі иесінің құқықтары мен міндеттері 18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу 20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi 20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия 20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу 21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары 22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертілуін немесе тоқтатылуын көздейтін электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталған.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) арнайы куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесі; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) арнайы куәландырушы орталықты аккредиттеу - арнайы куәландырушы орталықтың қызметті жүзеге асыруға құзыретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми тануы; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган - архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 4) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) куәландырушы орталықты аккредиттеу - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның ресми тануы; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1) - 5-4) тармақшалармен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-1) Қазақстан Республикасының арнайы негізгі куәландырушы орталығы - арнайы куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігі мен жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде және өзге де мемлекеттік ақпараттық ресурстарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-3) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы - куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-4) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы - трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды 5-5) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы - мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық; 6) қол қоюшы тұлға - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымды иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 7) құжаттың электрондық көшірмесі - төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат; 8) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) тіркеу куәлігі - куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін электрондық құжат; 10) тіркеу куәлігін иеленуші - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті құқыққа сыйымды иеленетін жеке немесе заңды тұлға; 11) электрондық архив - архивтік электрондық құжаттардың жиынтығы; 12) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 13) электрондық құжат айналымы - мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу; 14) электрондық құжат айналымы жүйесі - қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі; 15) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам; 16) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы; 17) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы; 18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті - кез келген тұлғаға қолжетімді және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі; 19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.
2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлык қолтаңба туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3-бап. Шетелдік тіркеу куәлігін пайдалану мен шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу 1. Егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, куәландырушы орталық пен шетелдік тіркеу куәлігі иесінің арасыңда туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу кезінде тіркеу куәлігі берілген мемлекеттің құқығы қолданылады. 2. Егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу кезінде Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. 4-бап. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган: 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді; 3) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекітеді; 6) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 7) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекітеді; 8) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекітеді; 10) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекітеді; 11) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 13-2) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды 13-3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін жасау, пайдалану және сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган: 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер мәселелеріне салааралық ұйымдастыру-шылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган: 1) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) куәландырушы орталықтарды аккредиттеу туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылау осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады. Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның құрылымына кіретін ұйымдарға жəне дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу жəне одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына қолданылмайды. 2. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды 5-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті 1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары: 1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер мәселелеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-3-баппен толықтырылды 5-3-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті: 1) Қазақстан Республикасы арнайы негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 2) Қазақстан Республикасының арнайы негізгі куәландырушы орталығының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2-тарау. Электрондық қужат
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-4-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 5-4-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тəртібі 1. Мемлекеттік органдарға (бұдан əрі - бақылау субъектілері) қатысты Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган тексеру нысанында жүргізеді. Тексерулер мерзімдік жəне жоспардан тыс деп бөлінеді. Бақылау субъектілеріне қатысты мерзімдік тексеру мынадай ақпарат көздеріне сəйкес жүзеге асырылады: 1) алдыңғы тексерулердің нəтижелері; 2) есептілік пен мəліметтерді мониторингтеудің нəтижелері; 3) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын талдаудың нəтижелері; 4) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мəліметтері. 2. Мерзімдік тексерулер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның бірінші басшысы бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына сəйкес жылына бір реттен жиі емес кезеңділікпен жүргізіледі. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган тексеру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын бекітеді. Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның интернет-ресурсында тексерулер жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады. Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарында мыналар қамтылады: 1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі; 2) мемлекеттік органның атауы; 3) бақылау субъектісінің атауы; 4) бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері; 5) тексеру жүргізу мерзімдері; 7) жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы. Мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген немесе өкілеттіктері бақылау субъектілері арасында қайта бөлінген жағдайларда жүзеге асырылады. 3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган тағайындайтын тексеру: 1) бақылау субъектісіне Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы жеке жəне заңды тұлғалардан келіп түскен, расталған жолданымдар болған; 2) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жеке жəне заңды тұлғалар жүгінген; 3) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша не нұқсан келтіру қатері туралы прокурор талап еткен; 4) жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша, сондай-ақ жойылмауы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуының нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдар жүгінген; 5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы болған; 6) тексеру нəтижелері туралы актінің орындалуына бақылау жүргізу қажет болған жағдайларда жоспардан тыс тексеру болып табылады. 4. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде: 1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексерудің нысанасына сəйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлык қолтаңба туралы заңдары3-бап. Шетелдік тіркеу куәлігін пайдалану мен шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу4-бап. Алып тасталды5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау5-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті5-3-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті 2-тарау. Электрондық қужат5-4-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасының электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тəртібі6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптері7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау9-бап. Электрондық кұжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері 3-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңба10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесіңдегі электроңдық цифрлық қолтаңба13-бап. Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану 4-тарау. Тіркеу куәлігі14-бап. Тіркеу куәлігін беру14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту15-бап. Тіркеу куәлігінің мазмұны16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі17-бап. Тіркеу куәлігі иесінің құқықтары мен міндеттері18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу19-бап. Алып тасталды 5-тарау. Куәландырушы орталық20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату23-бап. Тіркеу куәліктерінің иелері, электрондық цифрлық колтаңбаның жабық және ашық кілттері туралы мәліметтерді қорғау 6-тарау. Қорытынды ережелер |