Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
Осы редакция 2022 жылғы 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлык қолтаңба туралы заңдары 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау 5-3-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті 6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптері 7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар 8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау 9-бап. Электрондық кұжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері 3-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңба 10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану 11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары 12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесіңдегі электроңдық цифрлық қолтаңба 13-бап. Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану 14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту 15-бап. Тіркеу куәлігінің мазмұны 16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі 17-бап. Тіркеу куәлігі иесінің құқықтары мен міндеттері 18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу 20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi 20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия 20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу 21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары 22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертілуін немесе тоқтатылуын көздейтін электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталған.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) арнайы куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесі; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) арнайы куәландырушы орталықты аккредиттеу - арнайы куәландырушы орталықтың қызметті жүзеге асыруға құзыретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми тануы; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган - архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 4) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) куәландырушы орталықты аккредиттеу - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның ресми тануы; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1) - 5-4) тармақшалармен толықтырылды; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-1) Қазақстан Республикасының арнайы негізгі куәландырушы орталығы - арнайы куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігі мен жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде және өзге де мемлекеттік ақпараттық ресурстарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-3) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы - куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-4) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы - трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе; 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-5) тармақшамен толықтырылды 5-5) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы - мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық; 6) қол қоюшы тұлға - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымды иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 7) құжаттың электрондық көшірмесі - төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат; 8) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) тіркеу куәлігі - куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін электрондық құжат; 10) тіркеу куәлігін иеленуші - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті құқыққа сыйымды иеленетін жеке немесе заңды тұлға; 11) электрондық архив - архивтік электрондық құжаттардың жиынтығы; 12) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 13) электрондық құжат айналымы - мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу; 14) электрондық құжат айналымы жүйесі - қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі; 15) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам; 16) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы; 17) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы; 18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті - кез келген тұлғаға қолжетімді және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі; 19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.
2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлык қолтаңба туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3-бап. Шетелдік тіркеу куәлігін пайдалану мен шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу 1. Егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, куәландырушы орталық пен шетелдік тіркеу куәлігі иесінің арасыңда туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу кезінде тіркеу куәлігі берілген мемлекеттің құқығы қолданылады. 2. Егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу кезінде Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) уәкілетті органның өкілеттіктерін айқындайды; 4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган: 1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді; 3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; 4) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекітеді; 6) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 7) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекітеді; 8) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекітеді; 10) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекітеді; 11) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 13-2) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды 13-3) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін жасау, пайдалану және сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган: 1) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер мәселелеріне салааралық ұйымдастыру-шылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді; 2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган: 1) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2) куәландырушы орталықтарға аккредиттеу жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау 1. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2018.16.05. № 155-VI ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды 5-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті 1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары: 1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер мәселелеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-3-баппен толықтырылды 5-3-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті: 1) Қазақстан Республикасы арнайы негізгі куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 2) Қазақстан Республикасының арнайы негізгі куәландырушы орталығының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптері Электрондық құжат айналымы: 1) электрондық құжат айналымының әр түрлі жүйелерінің жұмыс істеуі; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) деректер жасау, өндеу, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылатын қызметтің кез келген салаларында электрондық құжаттарды пайдалану; 3) кез келген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжаттарды беру принциптері негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылады.
2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Электрондық құжат оны телекоммуникациялар желісі арқылы берген кезден бастап жіберілген болып есептеледі. 3. Кірген электрондық құжат жолданым иесінің ақпараттық жүйесінде оны тіркегеннен кейін түскен болып есептеледі. 4. Алғаны туралы хабарламада электрондық құжатты алу фактісі мен уақыты туралы және оның жөнелтушісі туралы деректер болуға тиіс. Ол авторға түспеген жағдайда, жолданым иесі құжатты алмаған болып есептеледі. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттың электрондық көшірмесі беріледі. 5. Электрондық құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін, сондай-ақ арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде сақталады. 9-бап. Электрондық кұжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері 1. Электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы: 1) куәландырушы орталық тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау үшін осы куәлаңдырушы орталыққа жүгінуге; 2) бірнеше куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуін пайдалануға құқылы. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы белгiленген электрондық құжат айналымы ережелерiн сақтауға мiндеттi.
3-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңба
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану 1. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және мынадай шарттар орыңдалған кезде: 1) тіркеу куәлігі бар ашық кілттің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы куәландырылғанда; 2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабык, кілтіне заңды түрде иелік еткеңде; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) электрондық цифрлык колтаңба тіркеу куәлігінде аталған мәліметтерге сәйкес пайдаланылғанда; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаны жасағанда және тіркеу куәлігін бергенде, бiрдей заңдық салдарға әкеп соғады. |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлык қолтаңба туралы заңдары3-бап. Шетелдік тіркеу куәлігін пайдалану мен шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау5-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті5-3-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыреті 2-тарау. Электрондық қужат6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптері7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау9-бап. Электрондық кұжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері 3-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңба10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесіңдегі электроңдық цифрлық қолтаңба13-бап. Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану 4-тарау. Тіркеу куәлігі14-бап. Тіркеу куәлігін беру14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту15-бап. Тіркеу куәлігінің мазмұны16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі17-бап. Тіркеу куәлігі иесінің құқықтары мен міндеттері18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу19-бап. Алып тасталды 5-тарау. Куәландырушы орталық20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату23-бап. Тіркеу куәліктерінің иелері, электрондық цифрлық колтаңбаның жабық және ашық кілттері туралы мәліметтерді қорғау 6-тарау. Қорытынды ережелер |