Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы
Осы редакция 2017 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлык қолтаңба туралы заңдары 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау 6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптері 7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар 8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау 9-бап. Электрондық кұжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері 3-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңба 10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану 11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары 12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесіңдегі электроңдық цифрлық қолтаңба 13-бап. Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану 14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту 15-бап. Тіркеу куәлігінің мазмұны 16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі 17-бап. Тіркеу куәлігі иесінің құқықтары мен міндеттері 18-бап. Тіркеу куәлігін кері қайтарып алу 19-бап. Шетелдiк тiркеу куәлiктерiн тану 20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi 20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия 20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу 21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары 22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметін тоқтату 26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертілуін немесе тоқтатылуын көздейтін электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен міндеттерін реттеуге бағытталған.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган - ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) арнайы куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесі; 3) архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы - архивтер мен құжаттаманы басқарудың орталық атқарушы органы; 4) куәландырушы орталық - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға; 5) куәландырушы орталықты аккредиттеу - куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ресми тануы; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-1) - 5-4) тармақшалармен толықтырылды 5-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде және өзге де мемлекеттік ақпараттық ресурстарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық; 5-2) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы - куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық; 5-3) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы - трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе; 5-4) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы - мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық; 6) қол қоюшы тұлға - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымды иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға; 7) құжаттың электрондық көшірмесі - төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат; 8) 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) тіркеу куәлігі - куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат; 10) тіркеу куәлігін иеленуші - өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті құқыққа сыйымды иеленетін жеке немесе заңды тұлға; 11) электрондық архив - архивтік электрондық құжаттардың жиынтығы; 12) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 13) электрондық құжат айналымы - мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу; 14) электрондық құжат айналымы жүйесі - қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі; 15) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы - электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам; 16) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы; 17) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары - электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы; 18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті - кез келген тұлғаға қолжетімді және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі; 19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.
2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлык қолтаңба туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 3-бап. Шетелдік тіркеу куәлігін пайдалану мен шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу 1. Егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, куәландырушы орталық пен шетелдік тіркеу куәлігі иесінің арасыңда туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу кезінде тіркеу куәлігі берілген мемлекеттің құқығы қолданылады. 2. Егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу кезінде Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) электрондық құжат айналымының тәртібі мен шарттарын айқындайды; 3) уәкілетті органның өкілеттіктерін айқындайды; 4) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуден өткізу ережелерін бекітеді; 4-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті 1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган: 1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді; 3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; 4) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 5) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекітеді; 6) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 7) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекітеді; 8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді; 9) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекітеді; 10) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекітеді; 11) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді; 12) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды 13-2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқама береді; 14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2. Архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті органы: 1) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады; 2) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді; 3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді; 4) электрондық құжаттар мен электрондық архивті пайдалана отырып іс қағаздарын жүргізу мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді; 6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 5-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау 1. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптері Электрондық құжат айналымы: 1) электрондық құжат айналымының әр түрлі жүйелерінің жұмыс істеуі; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) деректер жасау, өндеу, сақтау және беру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылатын қызметтің кез келген салаларында электрондық құжаттарды пайдалану; 3) кез келген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық құжаттарды беру принциптері негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылады.
2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Электрондық құжат оны телекоммуникациялар желісі арқылы берген кезден бастап жіберілген болып есептеледі. 3. Кірген электрондық құжат жолданым иесінің ақпараттық жүйесінде оны тіркегеннен кейін түскен болып есептеледі. 4. Алғаны туралы хабарламада электрондық құжатты алу фактісі мен уақыты туралы және оның жөнелтушісі туралы деректер болуға тиіс. Ол авторға түспеген жағдайда, жолданым иесі құжатты алмаған болып есептеледі. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды 4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттың электрондық көшірмесі беріледі. 5. Электрондық құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін, сондай-ақ арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және (немесе) мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде сақталады. 9-бап. Электрондық кұжат айналымы жүйесіне қатысушының құқықтары мен міндеттері 1. Электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы: 1) куәландырушы орталық тіркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау үшін осы куәлаңдырушы орталыққа жүгінуге; 2) бірнеше куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуін пайдалануға құқылы. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы белгiленген электрондық құжат айналымы ережелерiн сақтауға мiндеттi.
3-тарау. Электрондық цифрлық қолтаңба
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану 1. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзі қойған қолымен тең және мынадай шарттар орыңдалған кезде: 1) тіркеу куәлігі бар ашық кілттің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы куәландырылғанда; 2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабык, кілтіне заңды түрде иелік еткеңде; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) электрондық цифрлык колтаңба тіркеу куәлігінде аталған мәліметтерге сәйкес пайдаланылғанда; 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаны жасағанда және тіркеу куәлігін бергенде, бiрдей заңдық салдарға әкеп соғады. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады. Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін иеленуші - заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның жұмыскеріне немесе өзі тағайындаған адамға осы заңды тұлғаның атынан электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға өкілеттік беруге құқылы.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары Электрондық цифрлық қолтаңба құралдарының Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртіппен сәйкестігі расталуға жатады.
2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесіңдегі электроңдық цифрлық қолтаңба 1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің өкілеттігі шегінде өздері шығаратын электрондық құжаттарды куәландыру кезінде пайдалана алады. 2. Электрондық құжат айналымының мемлекеттік емес жүйелерінде электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен пайдаланылады. 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-бап. Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану Шетелдiк тiркеу куәлiгi бар шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңба мынадай жағдайларда: 1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес; 2) шетелдік куәландырушы орталықтар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейін; 3) шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптары Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейiн Қазақстан Республикасының аумағында электрондық цифрлық қолтаңба деп танылады.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14-бап. Тіркеу куәлігін беру Тіркеу куәлігі он алты жасқа толған адамға ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды 14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту Куәландырушы орталық: 1) ұсынылған құжаттар толық болмаған; 2) анық емес мәліметтер ұсынылған; 3) соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес; 4) адам он алты жасқа толмаған жағдайларда, тіркеу куәлігін беруден бас тартады.
15-бап. Тіркеу куәлігінің мазмұны 1. Тіркеу куәлігінде мынадай мәліметтер: 1) тіркеу куәлігінің нөмірі мен оның қолданылу мерзімі; 2) электрондық цифрлық қолтаңбанын иесін бірдейлендіруге мүмкіндік беретін деректер; 3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті; 4) электроңдық цифрлық қолтаңбаның тиісті жабық кілтін жасау үшін пайдаланылатын электроңдық цифрлық колтаңба құралдары туралы деректер; 5) электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану салалары мен оны қолдануды шектеу туралы ақпарат; 6) тиісті куәландырушы орталықтың реквизиттері болуға тиіс. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушымен келiсе отырып, электрондық құжат айналымы үшiн қажеттi қосымша ақпаратты тiркеу куәлiгiне енгiзеді. 16-бап. Тіркеу куәліктерін қуәлаңдырушы орталықтарда сақтау тәртібі мен мерзімі 1. Тіркеу куәліктерінің көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті куәландырушы орталықтарда сақталады. 2. Кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерін куәландырушы орталықтарда сақтау мерзімі -кемінде бес жыл. 3. Кері қайтарып алынған тіркеу куәліктері осы баптың 2-тармағында аталған мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұрағаттық сақтауға түседі. |