Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың (2006.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі және "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 қаулысымен бекітiлген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi және "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзiрленген және адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдардың аттестациядан өту тәртібі мен шарттарын белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347; 07.05.04 ж. № 518 (бұр. ред. қара); 28.10.04 ж. № 1120 (бұр. ред. қара); 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдар Әділет министрлігі құратын және Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының, Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының, Республикалық нотариаттық палатаның өкiлдерiнен Қазақстан Республикасы Парламентi екi палатасының депутаттарынан және заңгер-ғалымдардан құрылатын Әдiлет аттестациялық комиссиясында (бұдан әрi - Комиссия) аттестациядан өтедi. Қазақстан Республикасының Әдiлет біліктілік алқасында емтихан тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және терiс қылықтар жасағаны және өз мiндеттерiн орындау кезiнде заңдылықты бұзғаны үшiн судья қызметiнен босатылған судьялардан басқа тұрақты судьялар болып жұмыс iстеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттік нотариустар) аттестациядан өтпейдi. Сондай-ақ терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдiрген прокурорлар, тергеушiлер және анықтаушылар аттестациялауға жатпайды. Әдiлет аттестациялық комиссиясының құрамы мен оның жұмыс регламентiн Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда ; ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Аттестация екі кезеңнен тұрады: 1) заңнаманы білуіне компьютерлік тест тапсыру; 2) үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексеру. 2. Аттестациядан өту үшiн құжаттарды қабылдау ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64; 21.03.02 ж. № 347; 07.05.04 ж. № 518 (бұр. ред. қара); 28.10.04 ж. № 1120 ; 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді 4. Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адам өзiн аттестацияға жiберу туралы өтiнiштi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетiнiң кеңсесi арқылы Комиссияға жолдайды. Өтiнiшке мына құжаттар қоса берiлуi тиiс: 1) фотосуретi бар жеке iс парағы; 2) ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 3) жоғары заң білімi туралы дипломның нотариальды куәландырылған көшiрмесi; 4) ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 5) ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) 6) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнiң немесе төлқұжатының көшiрмесi; 7) үмiткердiң тұрғылықты жерi бойынша берiлген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар; 8) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама. 1) тармақшада көрсетілген адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамның ұсынған құжаты Комиссия бекiткен құжаттарды тиiсiнше ресiмдеу туралы талаптарға сәйкес болуы тиiс. Умiткер Комиссия отырысына келген кезде оның жеке басын куәландыратын құжат (паспорт не жеке куәлiк) өзiнде болуы тиiс. 5. Комиссияға келiп түскен материалдар олар келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралады. Осы Ереженiң 4-тармағында көзделген құжаттар берiлмеген не тиiстi ресiмделмеген жағдайда, үмiткердiң өтiнiшi қаралмайды және келiп түскен күннен бастап 5 күннен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге қайтарылады. 3. Аттестацияны өткізудiң тәртібі мен шарттары 6. Аттестацияға "Адвокаттық қызмет туралы" не "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына (нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер үшiн тағлымдамадан өту туралы талаптардан басқа) сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiледi. Умiткердiң заңнамалық кесiмдермен қойылатын талаптарға сәйкестігін немесе сәйкессiздiгiн тексеру мақсатында Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссия мүшелерiнiң бiрi аттестациялық iс материалдарын зерделейдi, Қорытынды жасайды және Комиссияға ұсынады. 7. Аттестациялық iс материалдарын қарау қорытындылары бойынша Комиссия аттестацияға жiберу туралы не жiберуден бас тарту туралы уәждi шешiм шығарады. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Егер үмiткер заңнамалық кесiмдермен белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестациялауға жiберуден бас тартылуы мүмкiн. Аттестациялауға жiберуден бас тартылған жағдайда Комиссия азаматқа шешiм шығарылған күннен бастап 15 күннен кешiктiрмей заңнама нормаларына сiлтеме жасай отырып, уәждi шешiмдi беруге мiндеттi. Аттестациялауға жiберуден бас тарту заңнамамен белгiленген тәртіппен сотқа шағымдалуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда 9. Аттестациялауға жiберiлген үмiткер аттестациялау өтетiн орын, күнi және уақыты туралы, оны өткiзгенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей, аумақтық әдiлет органдары арқылы хабардар етiледi. ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 (бұр. ред. қара); 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. Комиссия аттестациялауды қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiне бiр рет жүргiзедi. Комиссия аттестациядан өткізу жөніндегі көшпелі отырыстар ұйымдастыруға құқылы. 11. Аттестацияға жiберiлген үмiткер қолданыстағы заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өтедi. Комиссия тестiлеудi өткізудiң адалдығын, шарттарының, уақытының, қорытындыларын есептеудiң және мазмұнының стандарттылығын қамтамасыз етедi. 12. Тестiлеу барысында өзiнiң мазмұны және көлемi бойынша әр түрлi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бiлу тестiлерi адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер үшiн бөлек қолданылады. Комиссия тестiлеуге кiретiн сұрақтардың тiзбесiн құрастырады және бекiтедi. Умiткерлердiң білімiн бағалауға арналған сұрақтар тиiстi кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық салалары мен пәндерiнiң тақырыптарына сәйкес келуi тиiс. Тест жауаптарының бiреуi дұрыс болатын кемiнде үш нұсқадан тұруы тиiс. Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлердi тестiлеу бөлек жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді 13. Умiткер өз қалауы бойынша тестiлеуден мемлекеттік тiлде немесе орыс тілінде өтуге құқылы. Бұл ретте үмiткер өз қалауын жазбаша растауы тиiс. ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Умiткерлер аттестацияны өткізу тәртібімен, үмiткерлердi iрiктеу рәсiмiнiң ұзақтығымен және мазмұнымен алдын ала таныстырылуы тиiс. 15. Тестiлеу компьютер техникасы пайдалана отырып өткiзiледi. ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді 16. Тестiленудiң алдында үмiткер тестiлеуден өту жөнiнде егжей-тегжейлi нұсқау алады. Тестiлеуден өту кезiнде үмiткердiң анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, сондай-ақ қандай да бiр жазбаларды пайдалануына жол берiлмейдi. Умiткер көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда ол тестiлеуден аластатылады. 17. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен өздiгiнен жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылады және үмiткерге жеке қол қойдыру жолымен танысу үшін ұсынылады. Тестiлеу нәтижелерi бар қағаздың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64; 21.03.02 ж. № 347 ; 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді 18. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан жоғары пайызын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 пайызынан аз болса, үмiткер тестiлеуден өтпедi деп саналады. 19. ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347 қаулысымен алып тасталды ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды 19-1. Уміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексерген кезде өзінің мазмұны бойынша әр түрлі билеттер, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін жеке-жеке пайдаланылады. Комиссия билеттерді құрастырады және бекітеді. Уміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыбына сәйкес келуге тиіс. Билеттерде үш сұрақтан болуға тиіс. Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін емтихан билеттері бойынша білімін тексеру бөлек жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды 19-2. Аттестациялау билеттері Әділет министрлігінің мөрімен бекітілетін конверттерге салынады. Аттестациялау билеттері салынған конверттерді Әділет аттестациялау комиссиясының төрағасы аттестацияда аттестацияланушылардың және Әділет аттестациялау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен ашуға тиіс. ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 19-3-тармақпен толықтырылды 19-3. Емтихан билеттерінің сұрақтарына жауап беру үшін аттестацияланушының дайындалуына 10 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Аттестацияланушы ауызша айтқан баяндаған және түсініктеме берген сұрақтарға аттестацияланушының берген жауаптарының дұрыстығын Комиссия мүшелері бес баллдық жүйе бойынша бағалайды. Комиссияның әрбір мүшесі аттестацияланушының (басқалардан тәуелсіз) жауаптарын бағалайды. Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша төрағалық етуші Комиссия мүшелері ұсынған нәтижелерді есептейді, содан кейін жинақталады және Комиссияның барлық қатысушы мүшелерінің санына бөлінеді. Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ аттестацияланушының билет сұрақтары бойынша жинаған орташа баллдары Комиссияның хаттамасында көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 19-4-тармақпен толықтырылды 19-4. Егер жалпы орташа баллы кемінде төрт баллды құраған үміткер аттестациядан өтті деп саналады. Сұрақтар бойынша төрт баллдан аз жинаған үміткер аттестациядан өтпеді деп саналады. ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347 ; 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 20-тармақ өзгертілді 20. Тестiлеу және/немесе емтихан сұрақтарына жауабының нәтижелерi бойынша Комиссия осы Ережеге 1, 2-қосымшаларда белгiленген нысандар бойынша аттестациялау туралы не аттестацияламау туралы уәждi шешiмдi аттестация өткен күннен кейiнгі күннен кешiктірмей шығарады. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 ; 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 21-тармақ өзгертілді 21. Комиссияның шешiмi екi данада жасалады, олардың бiреуi аттестациялық iсте қалады, екiншiсi - шешiм шығарылған күнi үміткердің талабы бойынша берiледi. Комиссияның отырысында міндетті түрде хаттама жүргізіледі, онда отырыстың күні, уақыты мен өткізілетін жері, аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты, тестілеу нәтижесі, емтихан билетінің нөмірі мен мазмұны, аттестацияланушының жауаптары, билет сұрақтары бойынша Комиссия мүшелерінің қойған бағалары және орташа баллдары, сондай-ақ Комиссияның шешімі көрсетіледі. Комиссияның хаттамасына аттестацияға қатысқан барлық мүшелері қол қояды. Комиссияның шешiмi заңнамамен белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкін. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347 ; 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 22-тармақ өзгертілді 22. Комиссияда аттестациядан өтпеген адам үш айдан ерте емес аттестацияға жiберу туралы өтiнiшпен Комиссияға қайта жүгінуге құқылы. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді 23. Дәлелдi себептер бойынша аттестацияға келмеген үмiткер, осы Ереженiң 9-тармағында көзделген тәртiппен, Комиссияның келесi отырысына шақырылады. Үмiткер қайтадан келмей қалған жағдайда,оның өтiнiшi қараусыз қалдырылады және оның ұсынған құжаттарымен бiрге қайтарылады. Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 қаулысына 1-қосымша ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 (бұр. ред. қара); 28.10.04 ж. № 1120 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесіне 1-қосымша
Әділет аттестаттау комиссиясының адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына үміткерді аттестаттау туралы шешімi
200 жылғы «____» ________ __________ қаласы Адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша әділет аттестаттау комиссиясының құрамында: Төраға Хатшы Мүшелерi шешім шығарды ____________________________ аттестатталсын. (Т. А. Ә.)
Комиссия төрағасы Комиссия хатшысы ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту 2-қосымша
Әділет аттестаттау комиссиясының адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына үміткердің аттестациядан өтпегенi туралы шешімi
200 жылғы «____» ________ _________ қаласы Адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша әділет аттестаттау комиссиясының құрамында: Төраға Хатшы Мүшелерi шешім шығарды 1. ________________ аттестациядан өтпеді деп саналсын. (Т. А. Ә.) 2. _____________________ әділет аттестаттау комиссиясына (Т. А. Ә.) адвокаттық (нотариаттық) қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін қайта жүгінуге құқылы.
Комиссия төрағасы Комиссия хатшысы
|