|
|
|
Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы (2011.01.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі және «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Үкіметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 қаулысымен бекітiлген
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі
1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі және «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес әзірленген және адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді. ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347; 07.05.04 ж. № 518 (бұр. ред. қара); 28.10.04 ж. № 1120 (бұр. ред. қара); 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді ; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - Әділет департаменттері) құратын Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттайтын әділет комиссияларында (бұдан әрі - Адвокаттық қызметпен айналысу комиссиясы) аттестациядан өтеді. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар Әділет департаменттері құратын Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттайтын әділет комиссияларында (бұдан әрі - Нотариаттық қызметпен айналысу құқығы комиссиясы) аттестациядан өтеді. Адвокаттық қызметпен айналысу комиссиясы жеті мүшеден - адвокаттар алқасының төрағасын қоса алғанда, екі адвокаттан, әділет органдарының екі өкілінен, прокуратураның бір өкілінен, құқықтанушы-ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына комиссия жеті мүшеден-нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, екі нотариустан, әділет органдарының екі өкілінен, прокуратураның бір өкілінен, құқықтанушы-ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады. Адвокаттық қызметпен айналысу және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына комиссиялардың (бұдан әрі - комиссиялар) дербес құрамдары көрсетілген мемлекеттік органдардың, адвокаттар алқасының және нотариаттық палаталардың ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бір жыл мерзімге бекітіледі. Комиссиялардың жұмыс регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Комиссиялардың қызметін бақылауды уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында емтихан тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және теріс қылықтар жасағаны және өз міндеттерін орындау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьялардан басқа тұрақты судьялар болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотариустар) аттестациядан өтпейді. Сондай-ақ теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға ниет білдірген прокурорлар, тергеушілер және анықтаушылар аттестаттауға жатпайды. ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда ; ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Аттестация екі кезеңнен тұрады: 1) заңнаманы білуіне компьютерлік тест тапсыру; 2) үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексеру. 2. Аттестациядан өту үшiн құжаттарды қабылдау ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64; 21.03.02 ж. № 347; 07.05.04 ж. № 518 (бұр. ред. қара); 28.10.04 ж. № 1120 ; 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара); 2008.28.03. № 300 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам өзін аттестацияға жіберу туралы өтінішті тұрғылықты жері бойынша Әділет департаменттері арқылы тиісті Комиссияға жолдайды. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс: 1) фотосуреті бар жеке іс парағы; 2) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі; 3) жоғары заң білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі; 4) үміткердің жергілікті жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар; 5) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама. Үміткер Комиссия отырысына келген кезде оның жеке басын куәландыратын құжат (паспорт не жеке куәлік) өзінде болуы тиіс. 5. Комиссияға келiп түскен материалдар олар келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қаралады. Осы Ереженiң 4-тармағында көзделген құжаттар берiлмеген не тиiстi ресiмделмеген жағдайда, үмiткердiң өтiнiшi қаралмайды және келiп түскен күннен бастап 5 күннен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге қайтарылады. 3. Аттестацияны өткізудiң тәртібі мен шарттары 6. Аттестацияға «Адвокаттық қызмет туралы» не «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына (нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткерлер үшiн тағлымдамадан өту туралы талаптардан басқа) сай келетiн Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiледi. Умiткердiң заңнамалық кесiмдермен қойылатын талаптарға сәйкестігін немесе сәйкессiздiгiн тексеру мақсатында Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссия мүшелерiнiң бiрi аттестациялық iс материалдарын зерделейдi, Қорытынды жасайды және Комиссияға ұсынады. 7. Аттестациялық iс материалдарын қарау қорытындылары бойынша Комиссия аттестацияға жiберу туралы не жiберуден бас тарту туралы уәждi шешiм шығарады. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Егер үмiткер заңнамалық кесiмдермен белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестациялауға жiберуден бас тартылуы мүмкiн. Аттестациялауға жiберуден бас тартылған жағдайда Комиссия азаматқа шешiм шығарылған күннен бастап 15 күннен кешiктiрмей заңнама нормаларына сiлтеме жасай отырып, уәждi шешiмдi беруге мiндеттi. Аттестациялауға жiберуден бас тарту заңнамамен белгiленген тәртіппен сотқа шағымдалуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда 9. Аттестациялауға жiберiлген үмiткер аттестациялау өтетiн орын, күнi және уақыты туралы, оны өткiзгенге дейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей, аумақтық әдiлет органдары арқылы хабардар етiледi. ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 (бұр. ред. қара); 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № 752 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. Комиссия аттестациялауды қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiне бiр рет жүргiзедi. Комиссиялардың отырысы ашық және жария өткізіледі. Комиссиялардың отырыстарына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы. 11. Аттестацияға жiберiлген үмiткер қолданыстағы заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өтедi. Комиссия тестiлеудi өткізудiң адалдығын, шарттарының, уақытының, қорытындыларын есептеудiң және мазмұнының стандарттылығын қамтамасыз етедi. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12. Тестілеу барысында өзінің мазмұны және көлемі бойынша әртүрлі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу тестілері адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін бөлек қолданылады. Тестілерге кіретін сұрақтар тізбесі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі тиіс. Тестілерде жауаптардың біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқасы болуы тиіс. Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді тестілеу бөлек жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді 13. Умiткер өз қалауы бойынша тестiлеуден мемлекеттік тiлде немесе орыс тілінде өтуге құқылы. Бұл ретте үмiткер өз қалауын жазбаша растауы тиiс. ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Умiткерлер аттестацияны өткізу тәртібімен, үмiткерлердi iрiктеу рәсiмiнiң ұзақтығымен және мазмұнымен алдын ала таныстырылуы тиiс. ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі. Тестілеуге бөлінген уақыт тоқсан минутты құрайды. ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді 16. Тестiленудiң алдында үмiткер тестiлеуден өту жөнiнде егжей-тегжейлi нұсқау алады. Тестiлеуден өту кезiнде үмiткердiң анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, сондай-ақ қандай да бiр жазбаларды пайдалануына жол берiлмейдi. Умiткер көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда ол тестiлеуден аластатылады. 17. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен өздiгiнен жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылады және үмiткерге жеке қол қойдыру жолымен танысу үшін ұсынылады. Тестiлеу нәтижелерi бар қағаздың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64; 21.03.02 ж. № 347 ; 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18. Егер ұсынылған жүз сұрақтан дұрыс жауаптардың саны жетпіс және одан көп болса, үміткер тестілеуден өтті деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі. Егер ұсынылған жүз сұрақтан дұрыс жауаптардың саны жетпістен аз болса, үміткер тестілеуден өтпеді деп саналады. 19. ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347 қаулысымен алып тасталды ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен 19-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 19-1. Үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексерген кезде өзінің мазмұны бойынша әртүрлі билеттер, адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін жеке-жеке пайдаланылады. Билеттер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі тиіс. Билеттерде үш сұрақтан болуға тиіс. Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін емтихан билеттері бойынша білімін тексеру бөлек жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 752 Қаулысымен 19-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 19-2. Аттестаттау билеттері Әділет департаменттерінің мөрімен бекітілетін конверттерге салынады. Аттестаттау билеттері салынған конверттерді Комиссияның төрағасы аттестацияда аттестатталушылардың және Комиссия мүшелерінің қатысуымен ашуға тиіс. ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 19-3-тармақпен толықтырылды 19-3. Емтихан билеттерінің сұрақтарына жауап беру үшін аттестацияланушының дайындалуына 10 минуттан аспайтын уақыт беріледі. Аттестацияланушы ауызша айтқан баяндаған және түсініктеме берген сұрақтарға аттестацияланушының берген жауаптарының дұрыстығын Комиссия мүшелері бес баллдық жүйе бойынша бағалайды. Комиссияның әрбір мүшесі аттестацияланушының (басқалардан тәуелсіз) жауаптарын бағалайды. Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша төрағалық етуші Комиссия мүшелері ұсынған нәтижелерді есептейді, содан кейін жинақталады және Комиссияның барлық қатысушы мүшелерінің санына бөлінеді. Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ аттестацияланушының билет сұрақтары бойынша жинаған орташа баллдары Комиссияның хаттамасында көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 қаулысымен 19-4-тармақпен толықтырылды 19-4. Егер жалпы орташа баллы кемінде төрт баллды құраған үміткер аттестациядан өтті деп саналады. Сұрақтар бойынша төрт баллдан аз жинаған үміткер аттестациядан өтпеді деп саналады. ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347 ; 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № 752 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 20-тармақ өзгертілді 20. Тестiлеу және/немесе емтихан сұрақтарына жауабының нәтижелерi бойынша Комиссия осы Ережеге 1, 2-қосымшаларда белгiленген нысандар бойынша аттестациялау туралы не аттестацияламау туралы уәждi шешiмдi аттестация өткен күннен кейiнгі күннен кешiктірмей шығарады. Комиссиялардың аттестаттау туралы шешімдері ол шығарылған сәттен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 ; 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 21-тармақ өзгертілді 21. Комиссияның шешiмi екi данада жасалады, олардың бiреуi аттестациялық iсте қалады, екiншiсi - шешiм шығарылған күнi үміткердің талабы бойынша берiледi. Комиссияның отырысында міндетті түрде хаттама жүргізіледі, онда отырыстың күні, уақыты мен өткізілетін жері, аттестацияланушының тегі, аты, әкесінің аты, тестілеу нәтижесі, емтихан билетінің нөмірі мен мазмұны, аттестацияланушының жауаптары, билет сұрақтары бойынша Комиссия мүшелерінің қойған бағалары және орташа баллдары, сондай-ақ Комиссияның шешімі көрсетіледі. Комиссияның хаттамасына аттестацияға қатысқан барлық мүшелері қол қояды. Комиссияның шешiмi заңнамамен белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкін. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 21.03.02 ж. № 347 ; 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 22-тармақ өзгертілді 22. Комиссияда аттестациядан өтпеген адам үш айдан ерте емес аттестацияға жiберу туралы өтiнiшпен Комиссияға қайта жүгінуге құқылы. ҚР Үкіметінің 19.01.02 ж. № 64 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді 23. Дәлелдi себептер бойынша аттестацияға келмеген үмiткер, осы Ереженiң 9-тармағында көзделген тәртiппен, Комиссияның келесi отырысына шақырылады. Үмiткер қайтадан келмей қалған жағдайда,оның өтiнiшi қараусыз қалдырылады және оның ұсынған құжаттарымен бiрге қайтарылады. Үкіметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 қаулысына 1-қосымша ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 (бұр. ред. қара); 28.10.04 ж. № 1120 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № 752 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесіне 1-қосымша
Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерді аттестаттау туралы шешімі
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға
Хатшы
Мүшелері __________________________ аттестатталсын деп шешті. (Т.А.Ә)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерді аттестаттау туралы шешімі
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға
Хатшы
Мүшелері ________________________ аттестатталсын деп шешті. (Т.А.Ә)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
ҚР Үкіметінің 07.05.04 ж. № 518 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2006.02.06. № 495 (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № 752 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту 2-қосымша
Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткердің аттестациядан өтпегені туралы шешімі
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға
Хатшы
Мүшелері
шешім шығарды
1. _____________________________________ аттестациядан өтпеді деп саналсын. (Т.А.Ә) 2. __________________________ Комиссияға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін қайта жүгінуге құқылы. (Т.А.Ә)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткердің аттестациядан өтпегені туралы шешімі
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға
Хатшы
Мүшелері
шешім шығарды 1. _______________________________ аттестациядан өтпеді деп саналсын. (Т.А.Ә) 2. _______________________________ Комиссияға адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін қайта жүгінуге құқылы. (Т.А.Ә)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |