Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесiнiң жекелеген
Осы редакция 2008 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 желтоқсандағы № 1959 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 19.06.02 ж. № 674 қаулысымен 1 тармақтын күші жойылды 1. Қоса берiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қаржы бақылау комитетiнiң құрылымы бекітілсiн. 2. Қоса берiп отырған тiзбеге сәйкес мемлекеттік мекемелер - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қаржы бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi құрылсын. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 24 мамырдағы № 626 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 22, 215-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің Қазынашылық комитетi туралы ережеде: 1-тармақта: бiрiншi абзацтағы "мақсатты пайдаланылуына" деген сөздерден кейiн "алдын ала және ағымдағы" деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қазынашылық аумақтық бөлiмшелерi болады"; 10-тармақта: 3) тармақшадағы "iшкi аудиттi" деген сөздер "және қазынашылық органдары жүйесіндегі iшкi аудиттi" деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша алынып тасталсын; 11-тармақта: 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "12) бюджет жүйесiнде бухгалтерлiк есептi және қазынашылық органдарында iшкi аудиттi жүргiзудiң әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi"; 19) тармақшадағы "мақсатты пайдаланылуына тексерулердi" деген сөздер "мақсатты пайдаланылуын алдын-ала және ағымдағы бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын; 25), 27), 29 тармақшалар алынып тасталсын 12-тармақта: 8) тармақшадағы "бақылауды"' деген сөздің алдынан "алдын-ала және ағымдағы" деген сөздермен толықтырылсын; 10), 11), 12) тармақшалар алынып тасталсын; 13) тармақшадағы "оларды" деген сөздiң алдынан "қаржы бақылау органдарының ұсынысы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын; 15), 16), 17) тармақшалар алынып тасталсын; 19) тармақшадағы "iшкi аудит" деген сөздердiң алдынан "қазынашылық органдарындағы" деген сөздермен толықтырылсын; 22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "22) өз құзыретiнiң шегінде нормативтiк құқықтық актiлер, оның iшiнде бюджет жүйесiндегі бухгалтерлiк есеп пен есептілік және қазынашылық органдарындағы iшкi аудит, есептiк операциялар жүргiзу, сондай-ақ олардың атқарылуын бақылау мәселелерi бойынша, қабылдауға"; мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын: "22-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген лицензияның негiзiнде ұлттық және шетел валютасында жекелеген банктiк операцияларды жүзеге асыруға"; 19-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: "5-1) бекітілген құрылым мен штат саны лимитiнiң шегiнде штаттық кестенi бекiтедi"; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң құрылымында: "Ұйымдастырушылық-бақылау жұмыстары бөлiмi Қазынашылықты жаңғырту жобасын iске асыру жөніндегі бөлiмi Мемлекеттік мекемелерде бюджеттік рәсiмдердiң атқарылуын бақылау жөніндегі басқарма Жергiлiктi атқарушы органдарда бюджеттік рәсiмдердiң атқарылуын бақылау жөніндегі бөлiм Бақылау-тексеру жұмыстары бойынша талдау және есептілік бөлiмi Iшкi аудиттi дамыту бөлiмi" деген жолдар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы: "Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары басқармасы Қазынашылықты жаңғырту жобасын iске асыру жөніндегі басқарма Қазынашылықтың аумақтық органдарының аудитi басқармасы" деген жолдармен толықтырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 5 шiлдедегi № 930 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 295-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi туралы ережеде: 12-тармақта: 6), 11) тармақшалар алынып тасталсын; 13-тармақта: 14) тармақшадағы "тексерiстер мен" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң құрылымында: төртiншi жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ҚР Үкіметінің 19.06.02 ж. № 674 қаулысымен ереженің күші жойылды Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 338 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң құзыретi шегiнде арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ өзiнің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. Комитеттiң облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. 2. Комитет өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер оған заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады, олардың Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар. 5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473 000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33/ Абай даңғылы, 52, Министрлiктер үйi. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қаржы бақылау комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметi тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Комитетке өзiнiң функциясы болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2. Комитеттiң негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi өз құзыретiнiң шегiнде: 1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметаларын жасаудың және бекiтудiң дұрыстығына, мемлекеттік мекемелердiң бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануына, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орындауға бюджеттен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын; 2) қаржылық рәсiмдердiң сақталуы бөлiгiнде жергiлiктi бюджеттердiң әзiрленуiн және атқарылуын; 3) заемшылардың мемлекеттік заемдарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кепiлдігімен тартылған мемлекеттік емес заемдарды және бюджеттік несиелердi мақсатты пайдалануын және қайтаруын; 4) мемлекеттік кәсiпорындардың пайданың үлестерiн тиiстi бюджеттерге аударуының, сондай-ақ кiрiстi шаруашылық серiктестiктеріндегі мемлекеттік үлестерге және дивидендтердi акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне есептеудiң толықтығы мен уақытылығын бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды: 1) мемлекеттік мекемелердiң, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң шығыстар сметасын атқаруына, сондай-ақ олардың қарауындағы мемлекеттік ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiне тексерулер мен тексерiстер жүргiзудi; 2) қаржылық бақылауды жүзеге асыру саласындағы қызметтi реттейтiн заң және басқа да нормативтiк құқықтық актілердiң жобаларын дайындауға қатысуды; 3) бюджеттік қаражатты пайдаланудың қазынашылық және қаржылық рұқсаттарға сәйкестiгiне тексерулер жүргiзудi; 4) мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметаларын жасаудың және бекітудiң дұрыстығына тексерулер жүргiзудi; 5) жергiліктi атқарушы және өкiлдi органдарға мiндеттi түрде хабарлай отырып жергіліктi бюджеттердiң әзiрленуiне және қаржылық рәсiмдердi сақтауы бөлiгiнде атқарылуына бақылауды жүзеге асыруды; 5-1) мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік кәсіпорындарда және мемлекеттің қатысуы бар ұйымдарда бухгалтерлік есеп жөніндегі заңнаманың сақталуын және қаржылық есептіліктің жасалуын бақылауды жүзеге асыруды; 5-2) өздері үшін аудит міндетті мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуін бақылауды жүзеге асыруды; 6) мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындарда бюджеттік қаражаттың, оның iшiнде мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік тапсырысты орындауға бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тексерулер мен тексерiстер жүргiзудi; 7) заемшылардың мемлекеттік заемдарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кепілдiгiмен тартылған мемлекеттік емес заемдарды және бюджеттік несиелердi мақсатты пайдалануына және қайтаруына тексерулер жүргiзудi; 8) мемлекеттік мекемелердiң халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдар мен донор-елдердiң iзгiлiк, қаржылық және техникалық көмектерiн мақсатты пайдалануына тексерулер жүргiзудi; 9) Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн тексерудi және мемлекеттік мүлкiне түгендеу жүргiзудi; 10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тексерiстер жүргiзудi; 11) мемлекеттік тұрғын үй емес қорды пайдаланғаны үшiн жалдау ақысының, акциялардың мемлекеттік пакеттерiне дивидендтердiң, шаруашылық серiктестiктердегi мемлекеттiң қатысу үлесiне кiрiстердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар табыстары тиiстi бөлiгiнiң дұрыс есептелуiне және олардың бюджет кiрiсiне уақытылы толық түсуiне тексерiстер жүргiзудi; 12) Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң және өзге де мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша қаржылық мiндеттемелердiң сатып алу-сату және сенiмдi басқару шарттарына (келісімшарттарына) сәйкес орындалуына тексерiстер жүргiзудi; 13) меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдарда заңдардың талаптарына сәйкес мемлекеттік мекемелермен өзара қаржы-шаруашылық есеп айырысу мәселелерi бойынша қарсы тексерiстер жүргiзудi; 14) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсырмасы, басқа да мемлекеттік органдарының өтiнiмдерi, азаматтардың хаттары мен арыздары бойынша мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік мекемелер шығыстары сметаларының атқарылуына және қаржы-шаруашылық қызметтерiне тексерiстер мен тексерулер жүргiзудi; 15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүргiзiлген тексерiстер мен тексерулердiң нәтижелерi бойынша анықталған қаржылық жолсыздықтар мен лауазымды адамдардың терiс пайдаланғаны туралы ақпараттар ұсынуды; 16) тексерiлген объектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметіндегі анықталған жетiмсiздiк, ұрлау, терiс пайдалану фактілері мен өзге де құқық бұзушылықтар жөнiндегі тексерулер мен тексерiстердiң материалдарын тергеу органдары мен прокуратура органдарына ұсынуды; 17) бюджет жүйесiнде iшкi аудиттi жүргізудiң методологиясын әзiрлеудi және бекiтудi; 18) министрлiктердiң, агенттiктердiң, жергiлiктi атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың iшкi аудиторлық қызметтерiнiң жұмыстарын үйлестiрудi және оған әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыруды; 19) тексерулер мен тексерiстердiң материалдарын қорытудың негiзiнде мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдалану, төлем тәртiптерiн, бюджетпен есеп айырысуларды жақсарту, талан-таражға салудың және жетiмсiздiктiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік мекемелерде ақша мен мүлiктi мақсатсыз пайдалану фактілерiнiң алдын-алу мақсатында қаржылық бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi; 20) Комитеттiң аумақтық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастыруды, бақылау-тексеру жұмыстарын жүргiзуде оларға практикалық және әдiстемелiк көмектер көрсетудi, олардың жұмыс тәжiрибелерiн талдау мен қорытуды, оны жетілдiру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеудi, олардың қызметiн тексерудi, анықталған кемшіліктер мен жолсыздықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдауды; 21) Комитет қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн көтерудi ұйымдастыруға қатысуды; 22) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген басқа да функцияларды iске асыруды жүзеге асырады.
12. Комитеттiң негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) республикалық бюджет, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде жергiлiктi бюджеттер қаражатының және мемлекеттік меншiктегi өзге де мүлiктiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға; 2) өз құзыретiнiң шегiнде қаржылық бақылау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға, сондай-ақ олардың атқарылуын бақылауды жүзеге асыруға; 3) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржылық тәртiптi сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныс енгiзуге; 4) мемлекеттiң қатысуымен акционерлік қоғамдар тексеру комиссияларының құрамында болуға; 5) бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы жөнiндегі тексерулер мен тексерiстердi жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік кәсiпорындарда, екiншi деңгейдегi банктерде, әскери бөлiмдер мен олардың бөлiмшелерiнде және өзге де ұйымдарда болуға; 6) басқа мемлекеттік органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімi бойынша тексерулер мен тексерiстерге қатысу үшiн тартуға; 7) тексерiлетiн объектiлерде бюджеттік ақшаның есептелуiне, аударылуына және пайдаланылуына байланысты құжаттарға (жоспарлар, сметалар, есептемелер, бухгалтерлiк, банктiк және басқа да қаржылық құжаттар) және осы құжаттарда көрсетілген ақшаның, бағалы қағаздардың және материалдық құндылықтардың iс жүзiнде болуына тексерiстер жүргізуге; 8) өз құзыретiнiң шегiнде тексерiлетiн ұйымдардың басшыларынан және өзге де қызметкерлерiнен тексерiстер мен тексерулердiң барысында туындаған мәселелер жөнiнде түсiнiктемелер талап етуге және алуға; 9) тексерулер мен тексерiстер процесiнде тексерiлетiн объектiлердiң басшыларымен бiрлесiп заңдардың талаптарына сәйкес анықталған қаржылық тәртiптi, бухгалтерлiк есеп жүргiзу тәртібін бұзушылықтарды жою, келтiрiлген залалдың орнын толтыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдауға; 10) мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсiпорындарға тексерiстер мен тексерулердiң материалдары бойынша жолсыздықтарды жою туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге, сондай-ақ шығынның орнын толтыру және кiнәлi адамдарды жауапқа тарту жөнiнде шаралар қабылдауға; 11) салық заңдарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, материалдарды тиiстi шаралар қабылдау үшiн салық қызметi органдарына беруге; 12) заң актілерінде белгiленген жағдайларда тергеу органдары мен прокуратура органдарынан көрсетiлген органдарға берiлген тексерiстер мен тексерулердiң материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты не қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту туралы немесе алдын ала тергеу барысында iстi тоқтату туралы қаулылардың көшiрмелерi қоса берiлген дәлелдi қорытынды алуға; 13) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің 176 (екінші бөлімінде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану; 13-1) соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 172, 188-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасауға; 13-2) Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комитетінің төрағасына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 167-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау және істерді қарау үшін тексерулер және тексерістердің материалдарын беруге; 14) бөлiнген қаражат қазынашылық және қаржылық рұқсаттарда көзделмеген мақсаттарға пайдаланылған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарына және жергiлiктi атқарушы органдарға қаржыландыруды қайтарып алу жөнiнде ұсыныс енгiзуге; 15) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Комитеттiң мүлкi 13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 14. Комитетке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитеттiң өзiне бекітіп берiлген мүлiкті өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке заңдармен белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитет қызметiн ұйымдастыру 16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның өз ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады. 17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады. 18. Төраға осы мақсатта: 1) өзiнiң орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi; 2) заңдарға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі жүйесi органдарының қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасына сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңдарда белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады; 4) Комитеттiң бұйрықтарына қол қояды; 5) бекітілген құрылым мен штат саны лимитiнiң шегiнде штаттық кестенi бекiтедi; 6) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi; 7) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттiң атынан өкiлдiк етедi; 8) заңдарға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 19. Төраға болмаған уақытта оның мiндетiн Комитеттiң қызметiн үйлестiретiн, өзiне төраға жүктеген басқа да мiндеттердi жүзеге асыратын орынбасарларының бiрi атқарады. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 19.06.02 ж. № 674 қаулысымен құрылымның күші жойылды Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 338 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қаржы бақылау комитетiнiң құрылымы Басшылық Мемлекеттік мекемелерде бюджеттік рәсiмдердiң атқарылуын бақылау басқармасы Жергiлiктi атқарушы органдарда бюджеттік рәсiмдердiң атқарылуын бақылау басқармасы Мемлекеттік меншiктiң пайдаланылуын бақылау басқармасы Ұйымдастырушылық және методологиялық жұмыстар басқармасы Мемлекеттік сыртқы заемдар мен несиелердiң мақсатты пайдаланылуын бақылау басқармасы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 338 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Қаржы бақылау комитетiнiң құрылатын мемлекеттік мекемелерiнiң-аумақтық бөлiмшелерiнiң ТIЗБЕСI 1. Қаржы бақылау комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы 2. Қаржы бақылау комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша басқармасы 3. Қаржы бақылау комитетiнiң Алматы облысы бойынша басқармасы 4. Қаржы бақылау комитетiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы 5. Қаржы бақылау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы 6. Қаржы бақылау комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша басқармасы 7. Қаржы бақылау комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы 8. Қаржы бақылау комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша басқармасы 9. Қаржы бақылау комитетiнiң Қостанай облысы бойынша басқармасы 10. Қаржы бақылау комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы 11. Қаржы бақылау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы 12. Қаржы бақылау комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы 13. Қаржы бақылау комитетiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы 14. Қаржы бақылау комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы 15. Қаржы бақылау комитетiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы 16. Қаржы бақылау комитетiнiң Астана қаласы бойынша басқармасы |