Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту (2008.25.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Жамбыл облысы әкімдігінің 2010.09.02 № 254 Қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес және «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысын орындау үшін, Жамбыл облысы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қайтыс болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2008 жылғы 27 наурыздағы № 86 қаулысымен бекітілген
«Қайтыс болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік қызмет медицина ұйымдарында қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік беру тәртібін анықтайды. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы № 520 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылғы 27 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4946 болып енгізілген) негізінде жүзеге асырылады. 4. Мемлекеттік қызмет қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік беретін Жамбыл облысының медициналық ұйымдарында жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны алғашқы медициналық құжат нысаны № 106/у-07 «Қайтыс болуы туралы дәрігерлік куәлік» беру. 6. Мемлекеттік қызмет қайтыс болған адамдардың туыстарына немесе қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдарға, ал ондай адамдар болмаған жағдайда мәйітті тапқан ішкі істер органдарына көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|