Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 21 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 16.02.04 ж. № 182 қаулысымен тақырып өзгертілді
Мемлекет тарапынан кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiн басқару мен бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. № 482; 27.06.02 № 699; 28.12.02 ж. № 1405; 30.06.03 ж. № 630 (бұр. ред. қара); 16.02.04 ж. № 182 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгерді 1. 1-қосымшаға сәйкес кейбір акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын немесе кейбір республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға (бұдан әрi - РМК) қатысты мемлекеттік басқару органдары болып табылатын мемлекеттік органдар (бұдан әрi - уәкiлеттi органдар) заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) қоғамның директорлар кеңесiнiң (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін): ұйымның орталық аппараты қызметкерлерiнiң штатын; ұйымның есепке алу саясатын бекiтуiн; 3) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) ұйымның атынан: ұйымның қызметi мен оны дамытудың орта мерзiмдiк жоспарын (қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын) орындаудың нәтижелерiне ұйымның бiрiншi басшысының жауапкершiлiгі мен материалдық ынталандырылуының тiкелей байланысты болуын көздейтiн ұйымның бiрiншi басшысымен келісім-шарт; аудиторлық ұйыммен жыл сайынғы аудит жүргізуге шарт жасасуын; 4) басшысы қоғамның директорлар кеңесiнiң төрағасымен (мемлекеттік басқару органымен - РМК үшін) келісім бойынша тағайындалатын iшкi аудиттiң жеке құрылымдық бөлiмшесiнiң ұйымда болуын; ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 691 Қаулысымен 5) тармақша редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 5) уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен міндетті аудитті жүргізу жөніндегі біліктілік талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымдардың қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына және Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттен Қазақстан Республикасында халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарын ресми жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялаған халықаралық қаржылық есептілік пен аудит стандарттарына сәйкес ұйымның жыл сайынғы аудитінің жүргізілуін; 6) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiткен нысандар бойынша таралымы 30 мың данадан асатын қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жылдық (аудиторлық ұйым куәландырған) және тоқсандық қаржы есептiлiгiнiң уақытылы жариялануын; 8) ұйым басшылары шетелдiк iссапарларының уәкiлеттi органмен келісілуiн; 9) қоғамның директорлар кеңесi төрағасының (мемлекеттік басқару органының - РМК үшін) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекiткен нысандар бойынша ұйымның қаржы-шаруашылық қызметi туралы ұйым, оның еншiлес, тәуелдi ұйымдары және өзiнiң қатысу үлесiн есепке алу және қатысушылардың қаржылық есеп беруiнде оның ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан, осы қызметтен алынатын активтердi, мiндеттемелердi, кiрiс пен шығысты көрсету үшiн бiрлескен қызметтi жүзеге асыратын ұйымдары (бұдан әрi - бiрлесiп бақыланатын ұйымдар) бөлiгiнде - жеке, сондай-ақ өспелi қорытындысымен - бiрiктiрiлген ақпаратты мынадай мерзiмдерде ұсынуын: 1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей; жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 1-күнiнен кешiктiрмей; 10) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттік басқару органы - РМК үшiн) алдында еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдарды басқару туралы, сондай-ақ еншілес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң негiзгi ұйым қызметiнiң көрсеткiштерiне ықпалы туралы жарты жылдық есептер беру жүзеге асыруын; 11) ұйымның бiрiншi басшысының қоғамның директорлар кеңесi (мемлекеттік басқару органы алдында - РМК үшін) алдында ұйымның орта мерзiмдi жоспардың iске асырылуы туралы жыл сайын есеп берудi жүзеге асыруын қамтамасыз ететiн көрсетiлген ұйымдардың жарғыларына өзгерістер мен/немесе толықтырулардың енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. № 482 ; 27.06.02 ж. № 699 қаулыларымен 2-тармақ өзгерді 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi 1-тармақтың 9) тармақшасында көрсетiлген ақпаратты Қазақстан Республикасының Yкіметіне берудi: 1-тоқсанның, жарты жылдықтың және 9 айдың қорытындылары бойынша есептi кезеңнен кейiнгi екiншi айдың 10-күнiнен кешiктiрмей; жылдықты - есептi кезеңнен кейiнгi төртiншi айдың 15-күнiнен кешiктiрмей қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 08.10.01 ж. № 1298 қаулыcымен қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 691 Қаулысымен 2-1 тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-1. Осы қаулының 1-тармағының 5),JLNK1000922182 9) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, осындай іс-шаралардың орындалу мерзiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен келісім бойынша ауыстыруы мүмкiн деп белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 3-тармақ алынып тасталды 3. Уәкiлеттi органдар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен 2-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестерiнiң сайлануын қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 27.06.02 ж. № 699 қаулыcымен қаулы 3-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 30.06.03 ж. № 630 қаулыcымен (бұр. ред. қара) 3-1 тармақ өзгертілді 3-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, осы қаулыға 1-қосымшада көрсетiлген ұйымдардың даму жоспарлары құрылымына және мазмұнына бiрыңғай талаптарды әзiрлесiн әрi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтсiн. 4. 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. № 482; 02.05.01 ж. № 591; 03.08.01 ж. № 1029; 25.02.02 ж. № 248; 25.09.02 ж. № 1051; 27.09.02 ж. № 1062 (2003 ж. 1 қаңтарынан күшіне енді); 24.01.03 ж. № 90; 13.03.03 ж. № 244 ; 2007.21.02 № 133; 2008.17.07. № 691 (бұр.ред.қара); 2008.17.07. № 693 (бұр.ред.қара); 2008.27.08. № 776 (бұр.ред.қара); 2008.03.10. № 915 (бұр. ред. қара) ; 2008.12.11. № 1048 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. № 482 ; 16.02.04 ж. № 182 (бұр.ред. қара) Қаулыларымен тақырыбы өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына 1-қосымша
Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5. ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 776 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 8. «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ 9. «Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)» ұлттық компаниясы» АҚ 10. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 1048 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 11. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК 12. «Қазаэронавигация» РМК 13. «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: АҚ - акционерлік қоғамы РМК - республикалық мемлекеттік кәсіпорын
ҚР Үкіметінің 25.09.02 ж. № 1051 қаулысымен 2-қосымша алынып тасталды Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына 2-қосымша Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар директорлар кеңестерiнiң құрамдары ҚР Үкіметінің 09.04.01 ж. № 482, 2001.08.08 ж. № 1041, 08.10.01 ж. № 1298 2001.12.04 ж. № 1565 2001.12.05 ж. № 1575 20.04.02 ж. № 452 қаулыларымен 2-қосымша өзгерді 1. "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ: Еламанов Болат Далдайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi, төраға; Аманбаев Мұрат Ермұқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары; Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi; Иденов Мақсат Бағытұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшiсi (келісім бойынша); Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары; Балғымбаев Нұрлан Өтепұлы - "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ-ның президентi; Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы - Атырау облысының әкімі; Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Маңғыстау облысының әкімі. 2. "ҚазТрансОйл" ЖАҚ: Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға; Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Заң бөлiмiнiң меңгерушiсi; Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы; Құлыбаев Тимур Асқарұлы - "ҚазТрансОйл" ЖАҚ-ның президентi. 3. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегі қазақстандық компания" ААҚ: Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға; Ыбырайымов Серiкхан Уәлиханұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi; Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Заң департаментiнiң директоры; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитеті төрағасының орынбасары; Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi. 4. "Қазпочта" ААҚ: Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi, төраға; Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi; Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" ААҚ басқармасының төрағасы. 5. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" ЖАҚ: Жәкiшев Мұқтар Еркiнұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға; Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi; Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы; Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi; Қасабеков Асқар Серiкбайұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ-тың президентi. 6. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ: Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi, төраға; Мырзахметов Асқар Исабекұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi; Босс Владимир Оттович - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары; Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік меншiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Смағұлов Нұрлан Еркебұланұлы - "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ-ның президентi. 7. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ: Коржова Наталья Артемовна - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi, төрайым; Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Бахмутова Еленеа Леонидовна - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi; Аймағамбетов Көпжасар Төленұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Экономикалық бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi; Сүлейменов Серiк Жүсiпұлы - "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның директоры. 8. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ: Зверьков Вадим Павлович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi, төраға; Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi; Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс вице-министрi; Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік меншiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары; Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң консультанты; Гусак Дмитрий Иосифович - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ-ның президентi; Мәжiренов Жомарт Рахымбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департамент бастығы (келісім бойынша).
9. 10. "Қазақтелеком" ААҚ: Нәлібаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары, төраға; Өтепов Эдуард Карлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары; Бектасов Әбен Ағыбайұлы - "Қазақтелеком" ААҚ-ның президентi; Есенғараев Асқар Батылханұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетінің төрағасы.
10-1. Yкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнің тiзбесi
1. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компания" жабық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 10 наурыздағы № 216 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы. 2. "Кейбір акционерлік қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 наурыздағы № 308 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 10, 92-құжат). 3. "Азық-түлiк келісім-шарт" корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 17 қыркүйектегi № 1404 қаулысы. 4. "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" ашық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 қазандағы № 1628 қаулысы. 5. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 17 қарашадағы № 1740 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 500-құжат). 6. "Эйр Қазақстан тобы" жабық акционерлік қоғамының жекелеген мәселелерi және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 2026 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 577-құжат). 7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 26 наурыздағы № 308 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 наурыздағы № 404 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 153-құжат). 8. "Кейбір акционерлік қоғамдардың жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 шілдедегі № 1083 қаулысы. 9. "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 15 тамыздағы № 1261 қаулысы. 10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 қазандағы № 1628 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қарашадағы № 1766 қаулысы.
|