Қазақстан Республикасының Заңы (2008.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 10 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-5 баптар) 2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды (6-13 баптар) 3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының (14-20 баптар) 4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (21-27 баптар) 5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы (28-32 баптар) 6-тарау. Опциондардың, фьючерстердің, своптардың, (33-35 баптар) қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарының және өзге де туынды бағалы қағаздардың айналысы 7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді (36-40 баптар) тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау 8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық (41-44 баптар) 9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті (45-56 баптар) 10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау (57-62 баптар) 11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк (63-64 баптар) 12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің (65-68 баптар) жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет 13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі (69-72 баптар) қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық 14-тарау. Кастодиандық қызмет (73-75 баптар) 15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет (76-77 баптар) 16-тарау. Орталық депозитарий (78-82 баптар) 17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы (83-90 баптар) 18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы (91-100 баптар) 19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат (101-107 баптар) 20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің (108-112 баптар) 21-тарау. Қорытынды ережелер (113-114 баптар)
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметi ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар рыногының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртібін айқындайды.
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен ; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02 № 230-III (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 1- бап өзгертілді ; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы (қолданысқа енетін мерзімін қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) агенттік облигация - қаржы агенттігі шығаратын облигация; 2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығару проспектісінде айқындалған талаптармен және тәртіппен оның басқа түрдегі бағалы қағазына айырбасталуға жататын бағалы қағазы; 3) андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушысы; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді ) 4) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде бағалы қағаздарға белгіленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға, бағалы қағазбен сауда-саттықтың көрінісін жасауға және (немесе) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып мәміле жасауға бағытталған іс-әрекеттері; 5) бағалы қағаз - мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы; 6) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы - өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асыратын және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін (клиенттердің есебін жүргізу құқығын берместен брокерді және (немесе) дилерді, тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға; 7) бағалы қағаздарды номиналды ұстау - номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерін тіркеу; 8) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі - эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы, ал белгілі бір уақыт кезінде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың құқықтарын сәйкестендіруді, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес өзге де мәліметтер; 9) бағалы қағаздардың бағасын белгілеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгілі бір уақыт кезінде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы; 10) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесінде бағалы қағаздар рыногының субъектілері арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді ) 11) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға ие тұлға, сондай-ақ пайларын ұстаушылар ортақ үлестік меншік құқығында инвестициялық пай қоры активтерінің құрамына кіретін бағалы қағаздар бойынша құқықтарды иеленетін инвестициялық пай қоры; 12) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткіштер; 13) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы - эмитенттің бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзі сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрі орналастыруын қоспағанда, эмитенттің (андеррайтердің немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы; 14) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерінің арасында баға белгілеуді алмастыру жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 15) брокер - клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы; 16) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзіне тиесілі қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысына табыс ететін құжат; 17) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тізімінен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау; 18) депозитарийлік қолхат - осы депозитарийлік қолхаттың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз; 19) депозитарийлік қызмет - басқа номиналды ұстаушылар үшін бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметін көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі қызмет; 20) депозитке салу - орталық депозитарийдің өз клиенттерінің жеке шоттарындағы қаржы құралдарын есепке алуы; 21) депонент - орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым; 22) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің орындалмауы; 23) дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы; 24) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздар; 25) дара инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор; 26) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмілелерді тіркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тіркелген тұлғаны бірыңғай сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 27) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді ) 27) жеке шоттан үзінді - орталық депозитарий,тіркеуші немесе номиналды ұстаушы беретін және тіркелген тұлғаның қаржы құралдары бойынша белгілі бір уақыт кезінде құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат; 28) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әртүрлі қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы; 29) инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы - бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп және соның есебінен жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы; 30) инсайдер - эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға; 31) инсайдерлік ақпарат - эмиссиялық бағалы қағаздар және олармен жасалатын мәмілелер туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмитенті және ол жүзеге асыратын қызмет туралы үшінші тұлғаларға белгісіз, жария етілуі осы бағалы қағаздардың немесе базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздардың нарықтағы бағасына елеулі түрде әсер етуі мүмкін кез келген ақпарат; 32) институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға; 33) инфрақұрылымдық облигация - эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объект құнына сәйкес сомада жасалған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация; 34) ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өзге де өтімділігі жоғары активтер кепілімен қамтамасыз етілген облигация; 35) кастодиан - қаржы құралдары мен клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттық-қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы; 36) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы көрсететін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетін тұлға; 37) қазақстандық депозитарийлік қолхат - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз; 38) қамтамасыз етілген облигация - эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация; 39) қаржы агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті және осы мақсатпен Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 40) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг - қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерінің есебі; 41) қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсілін осы құқықтарды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту; 42) қаржы құралы - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен айқындалған қаржы нарығының бағалы қағаздары (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтері; 43) қаржы нарығы - қаржы қызметін көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы; 44) қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 45) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаз; 46) құжаттық бағалы қағаздар - құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы 47) левередж - эмитенттің міндеттемелері мен өз капиталы мөлшерлерінің арақатынасы; 48) листинг - қор биржасының бағалы қағаздар тізімінің санатына енгізу және сол санатта болу үшін қор биржасының ішкі құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингтік) талаптар белгіленіп, бағалы қағаздарды оған енгізу; 49) лицензиат - уәкілетті орган берген лицензия негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 50) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар; 51) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарызға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз; 52) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы; 53) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары мен олардың клиенттерінің мүдделері бір-біріне сай келмейтін жағдай; 54) номиналды ұстауды есепке алу жүйесі - номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесілі бағалы қағаздар туралы мәліметтері бар, уақыттың белгілі бір кезінде бағалы қағаздарды сәйкестендіруді, олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін есеп беру жүйесі, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды айналысқа немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де мәліметтер; 55) облигацияларды өтеу - эмитенттің орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейіннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектісінде белгіленген тәртіппен сол эмитенттің акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналыстан алып қою жөніндегі іс-әрекеті; 56) облигацияларды ұстаушылардың өкілі - эмитентпен жасалған шарт негізінде қайталама бағалы қағаздар рыногындағы инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар айналысы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін көздеп іс-әрекет жасайтын ұйым; 57) облигациялық бағдарлама - эмитент бірнеше облигациялар шығаруды, оның ішінде шығарылымның тиісті проспектісінде белгіленетін әртүрлі құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару; 58) облигацияның номиналды құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген ақшалай көрінісі, оған купондық облигация бойынша процентпен көрсетілген сыйақы есептеледі, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома; 59) оқшаулау - бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салу; 60) опцион - шарт, оған сәйкес бір тарап (опционды сатушы) сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал екінші тарап (опционды сатып алушы) осы шартта аталған мүліктің (базалық активтің) белгілі бір санын осы шартта келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай шартты стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаз ретінде пайдаланылуы мүмкін; 61) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында инвесторлар толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар; 62) орталық депозитарий - негізгі функциясы депозитарийлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді ) 62-1) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесі - депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде орталық депозитарий қалыптастыратын мәліметтер жиынтығы; 63) өзін-өзі реттейтін ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға; 64) өтініш беруші - бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу мақсатымен уәкілетті органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға; 65) пруденциялық нормативтер - уәкілетті орган белгілеген және лицензиат сақтауға тиіс нормалардың қаржылық көрсеткіштері; 66) рейтинг - белгілі бір эмитенттің шамамен алғандағы кредит қабілетін немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенімділігін белгілейтін бағаның дара сандық және әріппен белгіленген көрсеткіші; 67) сауда жүйесі - сауда-саттықты ұйымдастырушының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және осы сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауда пайдаланылатын өзге де қажетті активтері мен рәсімдерінің кешені; 68) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы; 69) сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі - сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіне айналысқа жіберуге рұқсат етілген қаржы құралдарының сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес және (немесе) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жасалған тізім; 70) своп - екі тараптың уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде белгілі бір талаптармен қаржы құралдарын айырбастау жөніндегі келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз; 71) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым; 72) трансфер-агент - өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы; 73) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 74) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2009 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді ) 74) тіркелген тұлға - бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының есепке алу жүйесінде ашылған жеке шоты бар тұлға; 75) тіркеуші - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін түзуді, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы; 76) уәкілетті орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 77) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы, олармен жасалатын мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады; 78) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздардың айналыс саласы, онда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады; 79) ұлттық сәйкестендіру нөмірі - эмиссиялық бағалы қағаздарды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатымен оларға уәкілетті орган беретін әріптік-цифрлық код; 80) фьючерс - стандарттық саны мен орындалу мерзімі бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретін белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал сатып алушы мүліктің (базалық активтің) белгілі бір санын келісілген баға бойынша және белгілі бір мерзім өткеннен кейін сатып алуға немесе сатуға міндеттенеді; |