Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған (2008.24.12 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 8 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен тақырыбы мен кіріспесі өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
Шикі мұнай мен мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.24.12 № 1253 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 (бұр.ред.қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.24.12 № 1234 (бұр.ред.қара) қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингінің (бұдан әрі - бағалар мониторингі) қорытындылары бойынша ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Үкіметінің 2008.24.12 № 1234 Қаулысымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3-1. Осы қаулымен белгіленген Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін шикі мұнайға кедендік баж ставкалары: 1) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Үкіметімен немесе құзыретті органмен жасалған және міндетті түрде салықтық сараптамадан өткен өнімді бөлу туралы келісімдер (келісім-шарттар) бойынша және шикі мұнайға кедендік әкету баждары төлемінен босатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдаланушыларға арналған келісім-шарттар бойынша олар өндірген шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуіне; 2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап экспортталатын шикі мұнайға ренттік салық салуға жататын шикі мұнайды әкетуге қатысты қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2008.21.05. № 480 қаулысымен 3-2 тармақпен толықтырылды 3-2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне келісім-шарттардың деректемелерін және әкетілетін шикізаттың көлемін көрсетіп (келісім-шарттар бойынша бөлінісінде), жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша өндірілген шикі мұнайды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруды жоспарлап отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы ақпарат берсін. 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын. 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр ред. қара); 2008.24.12 № 1253 (бұр.ред.қара) қаулыларымен тақырыбы өзгертілді
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр ред. қара); 2008.24.12 № 1253 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi. 2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi. ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Кедендiк баж ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар ай сайынғы мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбір есепті тоқсанның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды 3-1. Есепті айдың қорытындылары бойынша (есепті тоқсанның соңына келетін айды қоспағанда) шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы бір баррель үшін өткен аймен салыстырғанда 15 АҚШ долларынан астамға өзгерген жағдайда, кеден баждарының бекітілген ставкалары осы өзгерістер болған есепті айдың баға мониторингін ескере отырып түзетіледі. ҚР Үкіметінің 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Есепті тоқсанның қорытындылары бойынша шикі мұнайға орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда, сондай-ақ көрсетілген Ережеге 3-1-тармақпен көзделген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк баж ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкіметі шешімінің жобасын дайындайды. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр ред. қара) 5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр ред. қара) 6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi. Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Мұнайдан жасалған тауарларға қатысты кедендiк баж ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
КБС=Кх(Б-138,6),
мұнда КБС - кедендiк баж ставкаларының мөлшерi; К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50%-ы; Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы. ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 8-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 8. ҚР Үкіметінің 2008.24.12 № 1253 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.20.11 № 1074 (бұр.ред.қара); 2008.24.12 № 1253 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесіне 1-қосымша
Мұнайдан әзірленген тауарлардың тізбесi
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлығы үшін келтірілген. ** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.24.12 № 1253 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесіне 2-қосымша
200__ жылғы _____ ай мұнайға арналған бағалар мониторингінің нәтижелерi
Сатылатын шикі мұнайдың нарықтық бағасы "URALS (MED)", BRENT (DTD) күнделікті түзетулерінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады. URALS (MED) "min" - биржадағы бір күн бұрынғы "URALS (MED)" ең төменгі нарықтық бағасы; URALS (MED) "mах" - биржадағы бір күн бұрынғы "URALS (MED)" ең жоғары нарықтық бағасы; BRENT(DTD) "min" - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгі нарықтық бағасы; BRENT (DTD) "mах" - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең жоғары нарықтық бағасы;
С = (Сю + Сб)/2=____АҚШ доллары,
мұнда, С - шикі мұнайдың күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы; Сю - биржадағы бір күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгі және ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы; Сб - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгі және ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
Ц = (С+С1+...+ Сn)/n х 7,5=____АҚШ доллары,
мұнда, Ц - мониторинг кезеңіндегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бір тонна үшін); Сn - мониторинг кезеңі ішіндегі мұндай түзетулер жарияланған күндердегі шикі мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы; n - мониторинг кезеңі ішіндегі түзетулер жарияланған күндердің саны; 7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициенті. Мониторинг кезеңінде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бір) баррель үшін____АҚШ долларын, бір метрикалық тонна үшін____АҚШ долларын құрады.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.24.12 № 1253 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесіне 3-қосымша
* ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 4-қосымша ҚР Үкіметінің 2008.24.12 № 1253 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен қосымшамен толықтырылды қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 642 (бұр.ред.қара); 2007.15.02. № 114 (бұр.ред.қара); 2008.28.01. № 75 (бұр.ред.қара); 2008.08.04. № 328 (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред қара); 2008.29.08. № 805 (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 1074 (бұр.ред.қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.24.12 № 1253 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы № 1036 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген. ** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа ***СЭҚ TH 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде ***жыл сайын 15 сәуір - 15 тамыз кезеңінен басқа
|