Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір (2009.02.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын. ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен 3-тармақ толықтырылды 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетiн және оның аумақтық бөлімшелері; ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын. 5. ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. Қоса берiлiп отырған: 1) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 6) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 7) ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 8) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 9) ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен 9-1-тармақшамен толықтырылды 9-1) ҚР Үкіметінің 2008.15.02. № 141 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 589 (бұр.ред.қара); 2007.09.04. № 280 (бұр.ред.қара); 2008.07.05. № 429 (бұр.ред.қара); 2009.15.07. № 1071 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 10) тармақша өзгертілді 10) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Өнеркәсіп, Техникалық реттеу және метрология, комитеттерiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. 7. ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен алып тасталды (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігін ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн. 9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн. 10. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі» деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi»; «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс істерi жөніндегі комитетi» деген бөлiмнiң тақырыбындағы «Құрылыс» деген сөзден кейiн «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттік тiлдегi мәтiнде «жөніндегі» деген сөз алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 528-жол алынып тасталсын; 2) «Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетiлген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi» деген бөлiмнiң тақырыбындағы «Құрылыс» деген сөзден кейiн «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттік тiлдегi мәтiнде «жөніндегі» деген сөз алынып тасталсын. 11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 12. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.05.12. № 1180 қаулысымен Ереже жаңа редакция (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.15.02. № 141 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.07.05. № 429 қаулысымен (бұр.ред.қара) ; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.15.07. № 1071 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) индустриялық, оның ішінде қорғаныс-өнеркәсібі, елді ғылыми-техникалық, инновациялық дамыту арнайы экономикалық аймақтарды реттеу саласында, сондай-ақ сауда қызметін дамыту, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету, инвестицияларды мемлекеттік қолдау, ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді (бұдан әрі - реттелетін сала) жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Сауда комитеті, Инвестиция комитеті, Өнеркәсіп комитеті, Техникалық реттеу және метрология комитеті. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Министрліктің штат санының лимитін Министрдің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 7. Министрліктің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 000001, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, «Транспорт Тауэр» ғимараты. 8. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 11. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
12. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: ҚР Үкіметінің 2008.15.02. № 141 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.15.07. № 1071 қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді 1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру: мемлекеттің индустриялық дамуы, оның ішінде елдің индустриялық дамуы үшін жағдайлар жасау бойынша; арнайы экономикалық аймақтарды құруды, олардың жұмыс істеуін және таратылуын мемлекеттік реттеу, экспорттық бақылау, елдің ғылыми-технологиялық дамуы, оның ішінде ғылыми-технологиялық әзірлемелерді енгізу (ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану) және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру негізінде ел экономикасын дамыту үшін жағдайлар жасау; техникалық реттеу мен өлшемдер бірлігін дамыту, сауда қызметін дамыту, оның ішінде теңгерімді кеден-тариф саясатын жүргізу және тауарлардың импорты кезінде ішкі нарықты қорғау жолымен отандық өндірісті дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау және ұлттық сауда режимін ырықтандыру деңгейін ұлғайту; Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қатынастарын дамыту, оның ішінде сауда қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысы; 2) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды қалыптастыру; 3) ұйымдық және экономикалық, оның ішінде мемлекеттік инновациялық саясатты іске асыру үшін инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін шарттарды құру жолымен инновациялық қызметті ынталандыру; 4) экономиканы дамыту және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді құру, жұмыс жасап тұрған өндірістерді ұлғайту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен тармақ 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды пысықтау; 4-2) экономиканы әртараптандыру және үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту үдерістерін үйлестіруді жүзеге асыру; 5) реттелетін салада салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; 6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру болып табылады. ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) индустриялық даму, оның ішінде тау-кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен қорғаныс өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, құрылыс материалдары өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ сауданы дамыту, техникалық реттеу және өлшемдер бірлігі, ғылыми-техникалық, инновациялық және инвестициялық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оны реттеуді жүзеге асырады; 2) реттелетін салада халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды; 4) реттелетін салада бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және келіседі; 5) реттелетін салада мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді, оның ішінде реттелетін салада мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын үйлестіреді; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен тармақ 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) мемлекеттік органдардың қазақстандық қамту мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен тармақ 5-2) тармақшамен толықтырылды 5-2) ұйымдар мен мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі шараларды пысықтауды жүзеге асырады; 6) сауда қызметін дамыту бойынша, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының сауда қызметі саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; 7) сауда қатынастарын жетілдіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерделейді; 8) тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 9) биржалар қызметін және биржалық сауданы дамытуды талдауды жүзеге асырады; 10) Биржалық сауданың үлгі ережесін бекітеді; 11) биржалық құжаттарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді; 12) демпингтік тауарды жеткізушілердің сауда тәжірибесін демпингке қарсы реттеуге жалпы басшылықты жүзеге асырады; 13) елеулі залал келтіру фактілері бойынша жеткізушілердің сауда тәжірибесін мемлекеттік реттеуді және оның мониторингін жүзеге асырады; 14) өз құзыреті шегінде талқылау рәсімдері бойынша нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 15) республикалық көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізуге және оған қатысуға бастамашылық жасайды; 16) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметін жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды; 17) халықаралық сауда ұйымдарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан түседі; 18) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеудің шараларын қолдану жөнінде ұсыныс әзірлейді; 19) Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесін жетілдіреді; 20) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, өнім номенклатурасын (тізімін) әзірлейді; 21) Қазақстан Республикасының қорғаныстық тапсырысын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген тапсырмаларды мемлекеттік тапсырыс берушілер мен орындаушыларға хабарлайды; 22) өнеркәсіпті, оның ішінде тау-кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика және медицина өнеркәсібін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды реттеуді жүзеге асырады; 22-1) ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді; 23) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуді, қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыруды үйлестіреді; 24) техникалық регламентті бекітуді қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді немесе келіседі; 25) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласында қатерлерді бағалау бағдарламаларын әзірлейді; 26) машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды анықтау мақсатында тұтыну нарығының мониторингін және оларды сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды пысықтауды жүзеге асырады; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен тармақ 26-1) тармақшамен толықтырылды 26-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамтудың мониторингін және тиісті ұйымдар ұсынатын жүргізілген, жүргізілетін және келесі жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен тармақ 26-2) тармақшамен толықтырылды 26-2) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуында қазақстандық қамту мониторингін жүзеге асырады;»; 27) арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы оператор компанияны айқындау ережесін әзірлейді және арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамаға сәйкес оператор компанияны айқындайды; 28) арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыруға жеке және заңды тұлғаларды жіберу ережесін әзірлейді және бекітеді; 29) арнайы экономикалық аймақтардың қызметін регламенттейтін мынадай құжаттарды: арнайы экономикалық аймақтарды құруға арналған өтінімдердің нысандарын; уәкілетті орган мен оператор компания арасындағы, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін оператор компания мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арасындағы үлгі шарттарды бекітеді; 30) арнайы экономикалық аймақ туралы тұжырымдаманы, экономикалық негіздемені және ереже жобасын жасау жөніндегі талаптарды белгілейді; 31) арнайы экономикалық аймақтарды құру, жұмыс істеуі және тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 32) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақтарды мерзімінен бұрын тарату туралы ұсыныс енгізеді; 32-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық қызметтің басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді; 32-2) инновациялық қызметті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді; 32-3) инновациялық гранттар беру және зияткерлік меншік объектілерін енгізу бойынша қабылданған шаралар туралы есептер беру ережелерін әзірлейді; 32-4) мемлекеттік органдардың инновациялық қызметті дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 32-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметті ынталандыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді; 32-6) инновациялық гранттарды бөледі; 32-7) инновациялық грант туралы үлгілік шарт нысанын бекітеді; 32-8) инновациялық гранттар есебінен жүзеге асырылатын инновациялық жобалардың іске асырылу мониторингін және олардың орындалу тиімділігін бағалауды жүргізеді; 32-9) инновациялық дамыту шараларының кешенін әзірлейді; 32-10) Қазақстан Республикасының инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамасының орындалуын, оның ішінде инновациялық дамыту шаралары кешенінің орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 32-11) инновациялық даму институттарының тізбесін әзірлейді; 32-12) технопарктер жанынан құрылған сарапшылар кеңестерінің жұмыс тәртібін айқындайды; 32-13) инновациялық қызмет саласындағы халықаралық байланыстарды дамыту үшін жағдайлар жасайды; 32-14) өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлейді;»; 33) - 35) ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 36) салалық бағыттылыққа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 37) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу және химиялық өнімді техникалық реттеу саласындағы ұсыныстарды дайындау үшін сараптама кеңестерін құрады; 38) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы, оның ішінде химиялық өнімінің қауіпсіздігі проблемалары бойынша зерттеулерді көздейтін салалық бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады; 39) химиялық өнімді өндіру және қолдану кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудің нормаларын бекітеді; 40) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы техникалық құжаттаманы келіседі; 41) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарына және техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін химиялық өнімді анықтау мақсатында тұтыну нарықтарының мониторингін жүргізеді және оны сатуға жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлейді; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 42) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуында қазақстандық қамту жөнінде ақпарат беру нысандарын бекітеді; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен тармақ 42-1) тармақшамен толықтырылды 42-1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық өндірушілер өндіретін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бағалау өлшемдерін әзірлейді және бекітеді; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен тармақ 42-2) тармақшамен толықтырылды 42-2) офсеттік саясат саласындағы әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; 43) құзыретті органмен келісім бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге немесе келісім-шартпен байланысты жанама қызметке қатысты қазақстандық қатысуды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 44) құзыретті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасында дамып келе жатқан басымды жоғары технологиялық өндірістердің тізбесін бекітеді; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен 45) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 45) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің әрі оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады; 2009.18.03 № 354 Қаулысымен тармақ 45-1) тармақшамен толықтырылды 45-1) бірлесіп бекітілген нысандар негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері тұрақты ұсынатын қазақстандық қамту жөніндегі жалпы ақпаратты жинақтау мен талдауды қамтамасыз етеді; 46) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімдерді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін айқындайды; 47) инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасауға қойылатын талаптар белгілейді; 48) - 56) ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 57) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді; 58) жобалар мен техникалық регламенттерді талдауды және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатқа және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізуді ұйымдастырады; 59) техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 60) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді жүзеге асырады; 61) реттелетін саладағы техникалық регламенттерді әзірлейді және келіседі; 62) халықаралық талаптарға сәйкес орнатылатын химиялық өнімді ескерту таңбалау кезінде көрсетілуі тиіс қауіптіліктің стандартты нышандарының тізбесін бекітеді; 63) техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді; |