Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы (2007.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын тиімді үйлестіру және жүзеге асыру, жастардың саяси-әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан консультативтік-кеңесші орган ретінде Жастар ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Кеңестің Ережесі және Құрамы бекітілсін. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 517 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңес туралы ережені басшылыққа алады. 3. Кеңес өз қызметін Кеңестің мақсаттары мен міндеттеріне қызметі қайшы келмейтін халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және басқа да заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
2. Кеңестің міндеттері, функциялары мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері: мемлекеттік жастар саясатының: жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; жастарға көмек пен әлеуметтік қызметтер көрсету; жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын іске асыру жөніндегі міндеттерін іске асыруды талдау; мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. мемлекеттік жастар саясатын одан әрі іске асыру және жетілдіру; Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру; мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өзара іс-қимылы; жастар мен жастар ұйымдарының халықаралық ынтымақтастығына жәрдем көрсету; Қазақстан жастарының Жалпы республикалық форумын өткізу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады. 6. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін: мемлекеттік органдардан, ұйымдардан Кеңес міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге; қажеттілікке қарай Кеңес жұмысына ғалымдарды және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын тартуға; орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың өкілдерін Кеңес отырыстарында Кеңестің құзыретіне енетін мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
7. Кеңес төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес іске асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. 8. Кеңес хатшысы Кеңестің жұмысын ұйымдастырады, қажетті материалдарды дайындауды жүзеге асырады және отырыстар хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды. 9. Кеңес отырыстарына материалдар оның өткізілуіне дейін кемінде 3 күн қалғанда Кеңес мүшелеріне жіберіледі. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткізілетін орны мен уақытын Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша Кеңес төрағасы айқындайды. 10. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі. Кеңес мүшелері Кеңес қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама толтырылады. Кеңес мүшелері айрықша пікір құқығына ие, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса тіркелуге тиіс. 11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
4. Кеңес қызметін тоқтату тәртібi
12. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің Құрамы ҚР Үкіметінің 14.04.01 ж. № 490; 03.04.02 ж. № 397; 29.08.03 ж. № 887 (бұрынғы ред. қара);13.04.04 ж. № 413 бұрынғы ред. қара) 30.07.04 ж. № 807 (бұрынғы ред. қара); 2005.03.05. № 420 (бұр. ред. қара); 2005.30.11. № 1176 (бұр.ред.қара); 2006.06.06. № 517 (бұр. ред. қара) ; 2007.26.04 № 333 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Жансейіт Қансейітұлы министрі, төраға
Қоңырбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Уәлихан Сиянбекұлы министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры
Өтешев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Нұрлан Сүлейменұлы министрлігі Жастар саясаты департаментiнiң директоры, хатшы"; Кеңес мүшелері:
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Алик Жатқамбайұлы Ішкі істер вице-министрі Хамзина - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Нұргүл Қалиқызы министрлігі Білім, ғылым және кадрлық ресурстар департаментінің директоры
Қуанғанов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Фархат Шаймұратұлы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Бердiоңғаров - Қазақстан Республикасының Парламентi
Әбдіманапов - Қазақстан жоғарғы оқу орындары ректорлары
Бобрышева - "Шығыс Қазақстан облыстық жастар және
Палаев - "Қазақстан ауыл жастары одағы" қоғамдық
Бақытбеков - Қазақстан студенттері альянсының көшбасшысы Нағи Қалтайұлы
Дәулетжанов - Батыс Қазақстан облысы облыстық Мұхтар Серікұлы мәслихатының депутаты (келісім бойынша)
Хаматдинова - «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің тең Алина Наильевна төрағасы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Саяси кеңес бюросының мүшесі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты республикалық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары
Сәдуақасов - халықаралық гроссмейстер, 1998 жылғы
Баймұқанов - Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту Нұрбол Болатұлы мемлекеттік қорының директоры
Тупицын - Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, Сергей Геннадьевич әлеуметтiк саясат жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Алтынбаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Мұхтар Қапашұлы министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы
Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек Гүлжан Жанпейісқызы және халықты әлеуметтiк қорғау министрi
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасының Ғабидолла Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Рахматоллаұлы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, "Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бітірушілерінің қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ержан Жалбақұлы ақпарат вице-министрi
Досжан - Қазақстан Республикасы Президентінің Ардақ Дүкенбайұлы Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімнің меңгерушісi
Көтербеков - Қазақстан Республикасы Көлік және Дулат Қазистайұлы коммуникация министрлігі Көліктік инфрақұрылымды дамыту комитетінің төрағасы
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және Аида Дәденқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры
Орсариев - "Астана қаласының Ішкі саясат Арын Амангелдіұлы департаменті" мемлекеттік мекемесінің директоры
Рахманберді - Студенттік құрылыс және жастардың еңбек Талғат Абайұлы жасақтары республикалық штабының төрағасы
Қалауи - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Мейірім Жоламанұлы «Жас Отан» Атырау облыстық жастар қанатының төрағасы
Қалымов - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ерік Бекболатұлы «Жас Отан» Ақмола облыстық жастар қанатының төрағасы
Кәрімбаев - «Қазақстан жастары конгресі» қауымдастығы Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры
Новодворская - Қостанай облысының Балалар және жастар Наталия Борисовна ұйымдары қауымдастығының төрайымы
Сатыбалдиев - Батыс Қазақстан облысы әкімінің жастар ісi Марс Қадырғалиұлы жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі;
|