Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы (2011.30.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 16 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсін: 1) «Үкімет пен Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық актiлерінiң жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 22 шілдедегi № 678 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 23, 199-құжат): қазақ тiліндегі мәтiннің тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулықты (заңдық техникасы) бекіту туралы»; көрсетiлген қаулымен бекітілген Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындаудың және келiсудiң тәртiптерi мен оларды ресiмдеудiң ережелерi (заңдық техникасы) туралы нұсқаулықта: қазақ тiліндегі мәтiннiң тақырыбы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнің жобаларын ресiмдеу жөніндегі нұсқаулық (заңдық техникасы)»; «1. Жалпы ережелер» және «2. Үкiмет пен Премьер-Министр актілерінiң жобаларын дайындаудың және олардың келiсуден өтуiнiң тәртібі» деген бөлiмдер алынып тасталсын; 36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң тақырыптары алдыңғы мәтіннен - екi жол аралық интервалмен, ал келесi мәтiннен - бiр интервалмен ажыратылады.»; 42-тармақта «тақырыптан» деген сөзден кейiн «, тараулардың, бөлiмдердiң, параграфтар мен бөлiмшелердiң атауларынан» деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|