«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы (2009.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу ережесi бекітілсiн. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi: бiр айлық мерзiмде жергiлiктi өкiлдi органдармен келісім бойынша Учаскелік комиссиялар туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн; атаулы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiш берушiнiң отбасының құрамы туралы мәлiметтi куәландыратын уәкiлеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын; өтiнiш берушiлердің атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн ұсынатын құжаттарын тегiн куәландыруды белгіленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау және төлеу ережесi
Осы Ереже «Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрi - Заң) мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi - атаулы әлеуметтiк көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгiлейдi. 1. Жалпы ережелер 1. Заңның 2-бабында көрсетiлген жеке адамдардың атаулы әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар. 2. Атаулы әлеуметтiк көмек жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен ақшалай нысанда көрсетiледi. 3. Атаулы әлеуметтiк көмектi алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы құжаттар ұсыну арқылы расталады. 2. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн өтiнiш иесi өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жеріндегі уәкiлеттi органға немесе ол болмаған ретте кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне барып, осы Ереженiң 1-4-қосымшаларына сәйкес белгiленген үлгiдегi өтiнiш және басқа да құжаттар бланкiлерiн (бұдан әрi - құжаттар) тегiн алады. Құжаттарды өтiнiш берушінің өзi толтырады және жеке басын куәландыратын құжатты көрсете отырып, оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне тапсырады. Өтініш иесі келесі тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта өтініш берген жағдайда, осы Ережеге 2-4-қосымшаларда қамтылған мәліметтерде өзгерістер болмаған кезде осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш бланкісі ғана толтырылады. Осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берiлмейдi. ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен 5-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 5. Уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды тіркейді және өтініш иесіне құжаттарды қабылдағаны туралы осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес растау қағазын береді. Уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға береді. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күнінен бастап бес күн мерзімде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру (бұдан әрі - тексеру) нәтижелері негізінде қорытынды (6-қосымша) дайындайды және оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді. 5-1. Тексеру өтініш иесінің қатысуымен, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен жүргізіледі. 5-2. Тексерудің мақсаты өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын және өтініш иесінің атаулы әлеуметтік көмек үшін өтініш беруіне байланысты мән-жайларды зерделеу болып табылады. 5-3. Жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша учаскелік комиссия 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актісін (бұдан әрі - тексеру актісі) жасайды оған комиссия мүшелері қол қояды. 5-4. Учаскелік комиссия өтініш берушіні, ал ол болмаған жағдайда - отбасының тексеру жүргізуге қатысқан, кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің біріне актіні қол қойғызып таныстырады. 5-5. Өтініш иесінің, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы тексеру актісіне тіркеледі. 5-6. Өтініш беруші бір күнтізбелік жылдың ішінде қайта өтініш берген кезде тексеру жүргізу өтініш берушінің тұратын жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), оның (отбасының) құрамы мен табысы өзгерген жағдайда және өтініш беруші ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1440 қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өтiнiш берушiлерден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей, өтiнiш берушiлердің құжаттарын учаскелiк комиссиялардың қорытындыларымен қоса уәкiлеттi органға тапсырады. Уәкiлеттi орган кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен алған өтiнiш берушiлердiң құжаттарын тiркейдi. ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді 7. Уәкiлеттi орган қабылданған құжаттар мен учаскелік комиссия қорытындысының негізінде құжаттарды өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен қабылдап алған күннен бастап он күн iшiнде оларды қарайды және атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдерi бекiтетiн нысан бойынша шығарады қабылдайды, бұл туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлайды, бас тартқан жағдайда оның себебiн көрсетедi. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешiмге уәкiлеттi органның басшысы немесе оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды. Адамның (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындатуға өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан iшіндегі жиынтық табысын уәкiлеттi орган халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн орталық атқарушы орган белгiлеген тәртiппен есептейдi. 8. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi. Қаражат жетiспеген кезде атаулы әлеуметтiк көмек өтiнiш тiркелген хронологиялық тәртiппен берiледi. ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді 9. Атаулы әлеуметтiк көмектің айлық мөлшерiн уәкiлеттi орган отбасының әрбiр мүшесi бойынша немесе адамға жан басына шаққанда орташа табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгiленген кедейлiк шегi арасындағы айырма түрiнде есептейдi. 3. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу тәртібі 10. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегi банк арқылы, өзi таңдаған екiншi деңгейдегі банктегi немесе банк операцияларының тиiстi түрiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректерiн көрсете отырып берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады. 11. Тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуiне қарай жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді Ережеге 1-қосымша
______________________________________ (тұрғылықты жерi, облыстық, аудандық) уәкiлетті органға ______________________________________ (тұрғылықты жері, ауданы) ______________________________________ (көшесi, үй және пәтер №, телефоны) мекен-жайы бойынша тұратын ______________________________________ (Өтінiш иесiнiң аты, әкесінiң аты, тегi) жеке басын куәландыратын құжаттың № ________________ _________________ берген берiлген күнi ________________________ ЖСН ________________________ Қызмет түрі __________________
ӨТIНIШ Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды өтiнемiн. Менiң отбасым _____________ адамнан тұрады. Өтінішке белгіленген үлгідегi құжаттарды ұсынамын - 3 данада 2-4 қосымшалар. Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға мiндеттенемiн. Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдім. 200 __ ж.»___"_____________ _____________________ (өтiнiш иесінiң қолы) Құжаттар қабылданды 200 __ ж.»___"_____________ _____________________ (құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т. және қолы) _________ Отбасының тiркелу нөмiрi ___________________________________________________________________________ (қию сызығы)
Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн. Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдiм өтiнiш иесiнің қолы ___________________ Азамат _______________ қоса берiлiп отырған құжаттармен _____ дана, отбасының тiркелу нөмiрi _________ өтiніші 200 __ жылғы «___»_____________ қабылданды Өтініш қоса беріліп отырған құжаттармен учаскелік комиссияға 200_ ж. «__» _________ берілді. 200_ж. «___»________ қабылданды __________________________құжатты қабылдап алған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә және қолы; уәкілетті органның құжаттардың ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімінен қабылданған күні туралы белгісі 200_ж. «__»_____ құжатты қабылдап алған тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы, қолы ____________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т., лауазымы, қолы _________________ Ережеге 2-қосымша 1-нысан Отбасының тіркелу нөмірі ____________ Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер _________________________ _________________________ (Өтініш иесінің А.Ә.Т.) (мекен-жайы, тел.)
Отбасының құрамы туралы М.О. мәліметті растауға уәкілетті органның лауазымды адамының А.Ә.Т. _____________________ (қолы) Ережеге 3-қосымша 2-нысан Отбасының тіркелу нөмірі ____________ Өтініш иесінің отбасы мүшелерінің 200__ жылғы ___ тоқсанда тапқан табысы туралы мәліметтер ____________________________ _______________________________ (А.Ә.Т.) (мекен-жайы, телефон)
Өтініш иесінің қолы ____________________________ Күні ________________________________ ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Ережеге 4-қосымша 3-нысан Отбасының тіркелу нөмірі ____________ Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер
____________________________ ____________________________ (А.Ә.Т.) (мекен-жайы, тел.) Өтініш иесінің қолы _____________________________ Күні ______________________ ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесіне 5-қосымша ___________________________________________ (елді мекен, аудан, облыс) уәкілетті органына ___________________________________________ (елді мекен, аудан) ___________________________________________ (көшесі, үй және пәтер №, телефоны) мекен-жайы бойынша тұратын ___________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты) жеке куәлігінің № ______________ ______________________________берген берілген күні ______________________ ӘЖК № _______________________________ қызмет түрі_________________________
Өтініш (Ереженің 4-тармағының 3 абзацында көзделген жағдайларда)
Менің отбасыма атаулы әлеуметтік көмек тағайындауыңызды өтінемін. Менің отбасым____________ адамнан тұрады. Мен бұрын Ережеге 2-4-қосымшаларда көрсеткен мәліметтерде өткен тоқсанда өзгерістер болған жоқ. Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескерту жасалды. 200___ ж. «____» _____________ ______________________ (өтініш берушінің қолы) Құжаттар қабылданды 200___ ж. «___» ____________ ______________________ (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы) _______________________________Отбасының тіркелу нөмірі Өтініш учаскелік комиссияға 200___ж. «___»_________ берілді. 200____ж. «___»___________ қабылданды _______________________________құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы; уәкілетті органның ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы 200_ «__» _______ белгі, құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, қолы _______________________; ____________________________________________________________________ (қию сызығы) Мен бұрын Ережеге 2-4-қосымшаларда көрсеткен мәліметтерде өткен тоқсанда өзгерістер болған жоқ. Өзгерістер туындаған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескерту жасалды. Өтініш берушінің қолы______________________ Отбасының тіркелу нөмірі_________ азамат____________ өтініші 200__ жылғы «___» _____________ қабылданды. Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы_________
ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен 6-қосымшамен толықтырылды Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесіне 6-қосымша
Учаскелік комиссияның №__қорытындысы
___ ______200__ж.
Учаскелік комиссия «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес отбасының (өтініш берушінің)___________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарап, _____________________________________________________________________ (ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің) негізінде отбасына (тұлғаға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берудің_____________________________________________________ туралы (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы) қорытынды шығарады Комиссия төрағасы: __________________ _______________________ Комиссия мүшелері: __________________ _______________________ __________________ _______________________ __________________ _______________________ ___________________ ______________________ (қолдары) (Т.А.Ә.) __дана қоса берілген құжаттармен қорытынды 200__ж. «__» ___ қабылданды Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________________
ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен 7-қосымшамен толықтырылды Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесіне 7-қосымша
Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру АКТІСІ
200__ж.«___» _______ ___________________ (елді мекен) 1. Өтініш берушінің Т.А.Ә.____________________________________ 2. Тұратын мекен-жайы ________________________________________ ____________________________________________________________________ 3. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______ адам, оның ішінде
Барлық еңбекке қабілеттілері_______адам. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _____ адам. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңның 2-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген себептер бойынша жұмыспен қамтылмағандары _____адам Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында) ______ адам. Кәмілетке толмаған балалардың саны _____ адам, оның ішінде: толықтай мемлекеттік қамсыздандырудағы оқитындар ________адам; жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ____ адам, жылына оқу құны ______ теңге. |