Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2013.08.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен мазмұнмен толықтырылды; 2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) мазмұны өзгертілді Мазмұны
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры 2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру 4-бап. Жер заңнамасының қағидаттары 5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi 9-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер 11-бап. Жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi 12-бап. Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті 13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi 14-бап. Орталық уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының құзыреті 15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi 16-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті 17-бап. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi 18-бап. Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының құзыреті 19-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң құзыретi
2-бөлiм. Жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар 20-бап. Жерге меншiк құқығының түрлерi 21-бап. Меншiк құқығының мазмұны 22-бап. Жер учаскесiне меншiк құқығының туындауы 23-бап. Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскелерiне меншiгi 24-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншiк құқығы 25-бап. Жеке меншiк құқығын iске асыру 26-бап. Жерге мемлекеттік меншiк 27-бап. Мемлекеттік меншiк құқығын iске асыру
28-бап. Жер пайдалану құқығының режимі 29-бап. Жер пайдалану құқығының түрлерi 30-бап. Жер пайдалану құқығының субъектiлерi 31-бап. Жер пайдалану құқығының туындауы 32-бап. Жер пайдалану құқығын табыстау 33-бап. Жер пайдалану құқығын беру 34-бап. Тұрақты жер пайдалану құқығы 35-бап. Уақытша жер пайдалану құқығы 36-бап. Уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығы 37-бап. Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы 38-бап. Кейiнгi жер пайдалану (қосалқы жалдау) құқығы 39-бап. Мемлекеттік жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi 40-бап. Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы
42-бап. Жер учаскесiне құқық шектерi 43-бап. Жер учаскесiне құқықты табыстау тәртібі 44-бап. Жер учаскелерiн объектiлер құрылысы үшiн беру 45-бап. Құрылысқа байланысты емес жер учаскелерiн беру 46-бап. Оралмандарға жер учаскелерiн беру 47-бап. Мемлекеттік меншiктегi жер учаскелерiне құқықтар алу 49-1-бап. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі 49-2-бап. Жерді резервте қалдыру 50-бап. Жер учаскелерiн беру нормалары 51-бап. Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн жер учаскелерi 52-бап. Жер учаскесiне құқық және онда орналасқан үйге (құрылысқа, ғимаратқа) құқық 53-бап. Жер учаскесiне ортақ меншiк немесе ортақ жер пайдалану 55-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер үлестерiмен жасалатын мәмiлелер 56-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдаланудағы жер үлесiн айқындау тәртібі 58-бап. Ортақ бiрлескен меншiктегi (ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлiсу 59-бап. Бөлiнбейтiн деп танылған жер учаскесiн бөлуге жол берiлмейтiндiгi 60-бап. Жер учаскесiне ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi 61-бап. Ортақ жер учаскесiндегi жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы 63-бап. Жеке меншiктегi жер учаскесiнен және жер пайдалану құқығынан өндіріп алу
67-бап. Сервитут туындауының негiздерi 68-бап. Жеке тұлғаның бөтен жер учаскелерiнде болу және солар арқылы өту құқығы 69-бап. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы 70-бап. Уақытша (маусымдық) пайдаланылатын мал айдау жолдары 71-бап. Жер учаскелерiн iздестiру жұмыстары үшiн пайдалану 73-бап. Жер учаскесiне құқық ауысқан кезде сервитуттың сақталуы 74-бап. Сервитуттың тоқтатылуы
8-тарау. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын кепілге салу 77-бап. Жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салуды шектеу 79-бап. Жер учаскелерiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салу тәртібі 80-бап. Жер учаскесiн немесе жер пайдалану құқығын кепiлге салуды тiркеу
9-тарау. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де заттық құқықтарды тоқтату 81-бап. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi 82-бап. Жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту 85-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесiн мәжбүрлеп иеліктен шығару 87-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесiн мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде оның құнын өтеу 88-бап. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесiн сот шешiмi бойынша алып қою 89-бап. Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесiн мемлекеттік жер пайдаланушыдан алып қою 90-бап. Жекелеген санаттағы жердi алып қоюды шектеу 91-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесiн уақытша алып қою 96-бап. Меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесiн бағалау
10-тарау. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 97-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер ұғымы және оның құрамы 98-бап. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру тәртібі 99-бап. Инженерлiк тұрғыда әзiрленген суармалы жердi пайдалану 101-бап. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзуге арналған жер учаскелерi 102-бап. Өзiндiк қосалқы шаруашылыққа, бағбандыққа және саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi 103-бап. Жекешелендiрiлетiн мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдарының жер учаскесiн бөлiсу 104-бап. Ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдары 105-бап. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасының орнын толтыру 106-бап. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу тәртібі
107-бап. Елдi мекендер жерi ұғымы мен оның құрамы 108-бап. Елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту 109-бап. Елдi мекендердiң жерiн пайдалану 110-бап. Қала маңындағы аймақтар
114-бап. Темір жол көлiгiнiң жерi 115-бап. Автомобиль көлiгiнiң жерi 116-бап. Теңiз және iшкi су көлiгiнiң жерi 118-бап. Құбыр тасымалы көлiгiнiң жерi 119-бап. Байланыс және энергетика жерi 119-1-бап. Ғарыш қызметі мұқтажына арналған жер 120-бап. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік қажеттерiне арналған жер 121-бап. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары
122-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi 123-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарының жерлерi 124-бап. Жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызу 125-бап. Сауықтыру мақсатындағы жер 126-бап. Рекреациялық мақсаттағы жер 127-бап. Тарихи-мәдени мақсаттағы жер
128-бап. Орман қорының жерi ұғымы және оның құрамы 130-бап. Орман қорының жерiн жердiң басқа санаттарына ауыстырудағы шектеулер 131-бап. Орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу
132-бап. Су қорының жерi ұғымы және оның құрамы 133-бап. Су қорының жерiне меншiк құқығы 134-бап. Су айдындары жағалауынан су қорғау аймақтары мен белдеулерiне жер бөлiп шығару 135-бап. Су қоры жерiнiң құрамынан жер учаскелерiн беру 136-бап. Су қорының жерiн пайдалану тәртібі 136-1-бап. Су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру тәртібі
4-бөлiм. Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры 139-бап. Жердi қорғаудың мақсаттары мен мiндеттерi 141-бап. Топырақта зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының нормативтерi 143-бап. Радиоактивтi ластануға ұшыраған және ядролық қару сынақтары өткiзiлген жер
18-тарау. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау 144-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың мiндеттерi 146-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар 147-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның функциялары
19-тарау. Жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі 149-бап. Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны 150-бап. Жерге орналастыруды жүргiзу 151-бап. Жерге орналастыру процесi 152-бап. Мемлекеттік жер кадастры 153-бап. Мемлекеттік жер кадастрының және оны жүргізуге технологиялық байланысты қызметтің мазмұны 154-бап. Жер учаскелерiн тiркеу мақсаты үшiн есепке алу 155-бап. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлу 156-бап. Жер-кадастр құжаттамасы 157-бап. Мемлекеттік жер кадастрын жүргiзу тәртібі 158-бап. Мемлекеттік жер кадастрының мәлiметтерiн беру және кадастр ақпаратын пайдалану 160-бап. Жер мониторингiнiң мiндеттерi 161-бап. Жер мониторингiн жүргiзу 162-бап. Жер мониторингi ақпаратын алу мен пайдалану әдiстерi 163-бап. Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру
5-бөлiм. Жер заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және қорытынды ережелер 20-тарау. Меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және шығынды өтеу 164-бап. Меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау 164-1-бап. Жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды талап ету 165-бап. Меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген шығынды өтеудiң негiздерi 168-бап. Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
169-бап. Осы Кодекстiң қолданылу тәртібі
2007 жылғы 6 шілдедегі № 279-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша»мемлекеттік қажеттіктер» деген сөздер «мемлекет мұқтажы» деген сөздермен ауыстырылды; «шаруа (фермер) қожалығын», «Шаруа (фермер) қожалығын», « шаруа (фермер) қожалығы», «шаруа (фермер) қожалығының» деген сөздер тиісінше «шаруа немесе фермер қожалығын», «Шаруа немесе фермер қожалығын», «шаруа немесе фермер қожалығы», «шаруа немесе фермер қожалығының» деген сөздермен ауыстырылды; 2007.26.07. № 311-III ҚР Заңымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың)», «(республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)», «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)», «облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана)», «облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «(облыстық маңызы бар қалалардың)», «(облыстық маңызы бар қаланың)» деген сөздер тиісінше «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың», «, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «, облыстық маңызы бар қалалардың», «, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
І бөлiм. Негізгі ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры 1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; 3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жерi; 6) су қорының жерi; 7) босалқы жер. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады. 3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi: 1) орманды дала; 2) дала; 3) қуаң дала; 4) шөлейттi; 5) шөлдi; 6) тау етегi-шөлдi-далалық; 7) субтропикалық шөлдi; 8) субтропикалық-тау етегi-шөлдi; 9) орта азиялық таулы; 10) оңтүстiк-сiбiр таулы аймақтар.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап өзгертілді 2-бап. Жердi санаттарға жатқызу, оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру Жердi осы Кодекстiң 1-бабында аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жердi оның нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты бiр санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген, жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөніндегі өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
3-бап. Жерге меншiк Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн. 4-бап. Жер заңдарының принциптерi Қазақстан Республикасының жер заңдары: 1) Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлiнбейтiндiгi; 2) жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау; 3) жердi қорғау және ұтымды пайдалану; 4) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 5) жердi нысаналы пайдалану; 6) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердiң басымдығы; 7) жердiң жай-күйi және оған қолжетiмдiлiк туралы ақпаратпен қамтамасыз ету; 8) жердi пайдалану мен қорғау жөніндегі iс-шараларды мемлекеттік қолдау; 9) жерге залал келуiн болдырмау немесе оның зардаптарын жою; 10) жердi ақылы пайдалану принциптерiне негiзделедi. 5-бап. Жер заңдарының мiндеттерi Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртібін белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады. 6-бап. Жер заңдары 1. Қазақстан Республикасындағы жер заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және өзге де өсiмдiктердi, жануарлар дүниесiн, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi. 3. Жер қатынастары субъектiлерiнiң өздерiне тиесiлi құқықтарды жүзеге асыруы табиғи ресурс ретіндегі жерге және қоршаған ортаның өзге де объектiлерiне, сондай-ақ басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiрмеуге тиiс. 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Егер Қазақстан Республикасының жер, экология, орман, су заңдарында жер қойнауы, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында өзгеше көзделмесе, жер учаскелерiн иелену, пайдалану және оларға билiк ету, сондай-ақ олармен мәмiле жасасу бойынша мүлiктiк қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi. 5. Жеке және заңды тұлғалардың заңдарда белгiленген құқықтарын мемлекеттік органдардың актілерімен шектеуге болмайды. 6. Егер осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шетелдiктер, азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалар жер құқығы қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттер атқарады. 7. Басқа мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумағында жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындайды.
7-бап. Халықаралық шарттар Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң актiсiн шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар жер қатынастарына тiкелей қолданылады.
8-бап. Жердi аймақтарға бөлу 1. Аймақтарға бөлу - жер аумағын оның нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимiн белгiлей отырып айқындау. 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Елді мекендерде жерді аймақтарға бөлу бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін айқындау мақсатында жүргізіледі. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Жерді аймақтарға бөлуді облыстар, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың деңгейінде ұйымдастыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті уәкілетті органдары жүзеге асырады. Жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тиісті өкілді органдары бекітеді. Жердің нысаналы мақсатының жіктемесі жерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде әзірленеді және оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары бекітеді. 3. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4. Жердi аймақтарға бөлу кезiнде белгiленген, аумақты пайдаланудың нысаналы режимi жер құқығы қатынастарының субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5. Жердi аймақтарға бөлу жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiледi және бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
9-бап. Жер үшiн төленетiн төлемдер 1. Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусiз жер пайдаланудағы жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Мемлекет уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) берген жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады. |