«Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы (2011.01.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1490 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1490 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1490 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.31.12. № 1490 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдары жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшелері (бұдан әрі - ТЕБ) ұсынады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 1) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 10-бабы; 2) «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 15-бабы; 3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтің үлгі стандарты; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысымен бекітілген Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің 65-тармағы негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) Үкіметтің электрондық порталында; 2) электрондық Үкіметтің порталында; 3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) веб-сайттарында (www.mvd.kz); 4) облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі - ІІД) веб-сайттарында, осы стандарттың 1 -қосымшасында көрсетілген ТЕБ үй-жайларында, стендтерде және ақпараттық тақталарда орналастырылады. 5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу түрі автокөлік құралдарын тіркеу немесе, қайта тіркеу және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер (бұдан әрі - КҚТК) және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін (бұдан әрі - МНТБ) беру немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжі жауап болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет басқа мемлекеттерде тіркелген және 2 айдан артық мерзімге Қазақстан Республикасына уақытша әкелінген көлік құралдарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, заңды тұлғаларға, оның ішінде көлік құралдары бар шетел азаматтарына көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) тұтынушы осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 6 сағаттан аспауы тиіс; 2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты ең көп дегенде 30 минуттан аспауы тиіс; 3) өтініш беруші жүгінген сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің уақыты 40 минуттан аспауы тиіс. 8. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж төленеді, ол «Салық және бюджетке төленетін (бұдан әрі - Салық кодекс) басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес: 1) КҚТК-ны бергені үшін - мемлекеттік баж төленетін күні ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі - АЕК) 125 пайызын; 2) автомобильге арналған МТНБ үшін - АЕК-нің 280 пайызын; 3) мотокөлікке, автомобиль тіркемесіне арналған МТНБ үшін - АЕК-нің 140 пайызын; 4) көлік құралдарын екінші жерге жеткізуге арналған «транзит» нөмірлік белгісі үшін АЕК-нің 35 пайызын құрайды. Бұдан басқа, Салық кодексінде көлік құралдарын тіркеу үшін мемлекеттік алым көзделген, ол тіркелетін (қайта тіркелетін) әрбір көлік құралы, сондай-ақ КҚТК телнұсқасын алған кезде айлық есептік көрсеткіштің төрттен бір бөлігін құрайды. Мемлекеттік баж және мемлекеттік алым Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді, олар төлемнің көлемі мен төленген күнін растайтын төлем құжаттарын береді. 9. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі. (сейсенбі - жұма күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-дан 14.30-ға дейін, сенбі күні 08.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.00-дан 13.00-ға дейін). Қабылдау кезек ретімен, алдын ала жазылусыз және тездетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. ТЕБ-тің қызмет көрсететін орны ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа бөліністерінен бөлек кіретін есігі, қабылдауды күту орындары, құжаттарды ресім үстелдері (тағандар), орындықтары, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері ілінген стенділермен жабдықталған залы болады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қызмет тікелей өтініш беруші тұрған жерде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1427 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ТЕБ қызметкеріне мынадай құжаттар ұсынуы қажет: 1) көлік құралын тіркеу бланкісінде толтырылған өтініш; 2) көлік құралын тіркеу бланкісінде толтырылған ұйымның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның өтініш; 3) тіркеу іс-қимылдарын жасау үшін жүгінген адамның жеке басын куәландыратын құжат; 4) Салық кодексінде айқындалған баж бен алымдарды төлеу туралы құжаттар; 5) мыналарды: 6) салық төлеушілер үшін - Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралдарына салық төленгендігін; 7) Салық кодексіне сәйкес салық төлеуші болып табылатын адамдар үшін - салық төлеуден босатылуға құқықты растайтын құжаттар; 8) шаруашылық жүргізетін субъектіні тіркеу туралы куәліктің немесе ұйымның заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын өзге де құжаттың бекітілген көшірмесі; 9) көлік құралына берілген тіркеу құжаты; 10) өндіруші зауыттардың немесе Қазақстан Республикасының шегінде көлік құралына арнайы (немесе мамандандырылған) жабдық орнатқан кәсіпорындардың қабылданылу-тапсыру актілері, сертификаттары немесе әкелінген жабдыққа арналған тиісті кедендік құжаттар, сәйкестік сертификаты. 11) кері әкету міндеттемесімен Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарының МТНБ, «Транзит» белгілері және тіркеу құжаттары; 12) көлік құралына нөмірлік агрегатқа меншік құқығын растайтын құжат. Көлік құралдарына, нөмірлі агрегаттарға растайтын құжаттар: 1) кедендік ресімдеуден өткендігін растайтын құжаттар (жүк кедендік декларациясы, кедендік кіріс ордері, уақытша әкелінген жағдайда кері әкету міндеттемесі); 2) халықты әлеуметтік қорғау органдары беретін құжаттар; 3) орындауға жататын мемлекеттік орган сот шешімінің іс-әрекеттері туралы сот орындаушысының хабарламасы, қаулысы сот куәландырған көшірмесін қоса берумен орындау парағы; 4) келісім-шарттар, куәліктер, мүлікті мұраға алу құқығы туралы құжаттар, азаматтық заңнама талаптарына сәйкес нотариалды жасалған; 5) заңды тұлғаның өз құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға көлік құралын бөлу және беру туралы мөрмен бекітілген бұйрығы (өкімі); МТНБ тіркеу, қайта тіркеу және беру кезінде өтініш берушілер нөмірлі агрегаттардың есепке алу деректеріне және жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында көлік құралдарын ТЭБ-ге тексеруге ұсынады. Көлік құралдарын тіркеу Қазақстан Республикасында аккредиттелген диполматиялық корпустарда және олардың дипломатиялық қорғанышы бар қызметкерлеріне, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы филиалдары мен өкілдіктеріне, шетелдіктер қатысатын кәсіпорындарға көлік құралдарын тіркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымдары арқылы жүргізіледі. 12. Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген өтініш бланкілерін ТЕБ қызметкері береді, ол да ІІМ-нің және ІІД-нің веб-сайттарында орналастырылған. 13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар ТЕБ-ке тапсырылады. 14. Құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініш берушінің өкіліне осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды оның тапсырғандығы туралы талон беріледі. 15. КҚТК және МТНБ көлік құралының өтініш берушісі олардың жеке қолдары КҚТК және МТНБ беретін тізілімге қойылып, жеке басын куәландыратын құжатты (сенімхат) көрсеткеннен кейін беріледі. 16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден: 1) өтініш (өтініш берушінің өкілі) көлік құралын және осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған; 2) көлік құралдары конструкциясына стандарттар мен қағидалардың талаптарын бұза отырып өзгерістер енгізілген жағдайда бас тартылады.
17. ТЕБ қызметі тұтынушылардың конституциялық құқықтарының сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, құжаттардың сақталуын, тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттық қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшейді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін ТЕБ жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері ІІМ-нің тиісті бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
20. Уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді және шағым дайындауда жәрдемдесуді осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген сенім телефондары арқылы алуға болады. 21. ТЕБ қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетілген қалалық, аудандық ішкі істер басқармаларының (бөлімдерінің), ІІД-нің, ІІМ Жол полициясы комитетінің, ІІМ-нің жоғары тұрған басшылығына белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. 22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым ІІД-нің жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан бөлімшесінің бастығына жұмыс күндері беріледі. 23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдану құқығы бар. 24. Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды адамның атына берілуі тиіс. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюы тиіс. Шағым берген кезде субъектінің немесе іс-әрекетіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөндері, жүгіну себептері және талабы көрсетіледі. 25. Келіп түскен шағым ішкі істер органының ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш иесіне күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш иесіне жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады. 26. ІІМ Жол полициясы комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4, веб-сайт: www.zholpolice.kz, кезекші бөлімнің телефоны: (7172) 71-58-68, сенім телефоны: (7172) 71-58-25.
ҚР Үкіметінің 2011.31.03. № 304 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдау туралы №_____ ТАЛОН __________________________________________________________________ (Өтініш иесінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Қабылданған құжаттардың тізбесі: 1._____________________________________________________________________________________________________________________ 2._____________________________________________________________________________________________________________________ 3._____________________________________________________________________________________________________________________ 4._____________________________________________________________________________________________________________________ 5._____________________________________________________________________________________________________________________ 6._____________________________________________________________________________________________________________________ |