Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы
Осы редакция 2013 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3 және 13-тармақтарын, 11-1-бабының 14-тармағын, 17-бабының 5-тармағын, 17-1-бабын, 18-бабының 1-тармағын, 20-бабының 13-тармағын, 30-бабының 13-тармағын, 40-бабының 12-тармағын, 44-бабының 5-тармағын, 45-бабының 7-тармағын және 60-бабын, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-1-тармағын, 36-1-бабын, 52-бабының 1-2-тармағын, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-1-бабының 6-тармағын, 21-бабының 4-тармағын, 26-бабын, 32-бабының 14-тармағын, 34-бабының 13-тармағын, 44-бабының 6-тармағын, 48-бабының 3 және 9-тармақтарын, 62-бабының 9-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мынадай Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің «ВВВ»-дан немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі белгіленсін: банктік немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар; банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленетін (мәртебесіне ие) заңды тұлғалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|