Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетiнiң кейбір ұйымдары туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2000-2001 жылдары жекешелендiрiлуге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 17 шiлдедегi № 912 қаулысына сәйкес және стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы құрылымды оңтайландыру әрi бәсекелестiк ортаны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетiнiң мынадай республикалық мемлекеттік кәсiпорындары: 1) «Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» мен «Мемлекеттік алкогольдiк өнiмдi өндiрушiлердi тексеру орталығын» қайта құру арқылы оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ашық акционерлік қоғамы болып; 2) «Қазсертико» мемлекеттік ғылыми-практикалық орталығы» мен «Стандарттау метрология және сертификаттау саласындағы біліктілік арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта құру арқылы оның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100 пайыздық қатысуымен «Ұлттық тiркеу орталығы» ашық акционерлік қоғамы болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң қарамағындағы мынадай республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының атаулары: 1) «Стандарттау мен стандартты үлгiлердiң мемлекеттік ақпараттық орталығы» - «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» 2) «Метрология» - «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)»болып қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң мынадай мемлекеттік мекемелерi: 1) «Орталық Қазақстан мемлекеттік қадағалау жөніндегі аймақтық қызметi»; 2) «Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік қадағалау жөніндегі аймақтық қызметi» таратылсын. 4. 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнiң бекiтілген штат саны лимитi шегiнде, аталған Комитеттiң аумақтық органдары ретiнде мемлекеттік мекемелерi құрылсын. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) жарғыны бекіту кезiнде: «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ашық акционерлік қоғамына: стандарттаудың, метрология және сертификаттаудың аймақтық жүйелерiн әзiрлеуге қатысу; техникалық жағдайларды сараптау; өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау мен қалыптауды қамтамасыз ету, тексеру; сынаулар жүргiзу; өнiм, қызмет көрсету, өндiрiс пен сапа жүйесiн сертификаттау жөнiнде жұмыстар жүргiзу; тауардың шығарылу тегiн сараптау; сәйкестiгi мен сапасына сертификат беру; бағалы металдар мен олардың шетелдiк және отандық қорытпаларынан жасалған зергерлiк және тұрмыстық бұйымдарына сынама жасау; қымбат металдар мен асыл тастарға техникалық сараптау жүргiзу; 2) құрылып жатқан ашық акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік мекемелердiң әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн және қайта аталған республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. № 46 қаулысымен Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.31. № 1384 қаулысымен 6. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсiн. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1227 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегi комитетінің мемлекеттік қадағалау бойынша мемлекеттік мекемелерiнiң тiзiмi
1. Ақмола облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Көкшетау қаласы 2. Астана қаласы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Астана қаласы 3. Ақтөбе облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Ақтөбе қаласы 4. Алматы облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Алматы қаласы 5. Алматы қаласы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Алматы қаласы 6. Атырау облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Атырау қаласы 7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Өскемен қаласы 8. Жамбыл облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Тараз қаласы 9. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Орал қаласы 10. Қарағанды облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Қарағанды қаласы 11. Қостанай облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Қостанай қаласы 12. Қызылорда облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Қызылорда қаласы 13. Маңғыстау облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы Ақтау қаласы 14. Павлодар облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Павлодар қаласы 15. Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Петропавл қаласы 16. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Мемстандарттың мемлекеттік қадағалау басқармасы. Шымкент қаласы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 9 тамыздағы № 1227 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат.): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi» бөлiміндегі реттiк нөмiрi 367, 387-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi» «367 «Қазақстан метрология институты (ҚазМетрИн)» республикалық мемлекеттік кәсiпорны Астана қаласы 387 «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» республикалық мемлекеттік кәсiпорны Астана қаласы»; реттiк нөмiрi 368, 388, 389, 389-1-жолдар алынып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қоры туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 желтоқсандағы № 1839 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 57, 517-құжат.): көрсетiлген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қорын қалыптастыру, жүргiзу және пайдалану туралы ереже мәтiнiнде: «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын; «Стандарттар мен стандарттық үлгiлерiнiң мемлекеттік ақпараттық орталығы (ССҮМАО)»деген сөздер «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)»республикалық мемлекеттік кәсiпорыны» деген сөздермен ауыстырылсын; «ССҮМАО» деген сөз «ҚазСтИн» деген сөзбен ауыстырылсын. 6-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «стандарттау, сертификаттау және сапа жүйелерi саласындағы iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулерге, оның iшiнде, нормативтiк құжаттарды әзiрлеу мен жетiлдiруге, мамандарды қайта даярлау мен біліктiлiгiн арттыруға қатысу»; 3. «Метрология» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1342 қаулысына: 1) тақырыбында және мәтіндегі «Метрология» деген сөз «Қазақстан метрология институты (ҚазМетИн)»деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «халықаралық талаптарға сай өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн метрология жөніндегі техникалық (эталондық) базаны және нормативтiк құжаттардың үйлесiмділігiн жетiлдiру, метрология бойынша оларды тiркеу кезiнде ұйымдарды техникалық тексеру, осы салада мамандарды даярлау және біліктiлiгiн көтеру». 4. «Мемлекеттік акциялар пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат.): көрсетiлген қаулымен бекітілген, мемлекеттік акциялар пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерi тiзбесiнде: «Астана қаласы» бөлiмi реттiк нөмiрi 21-1, 21-2-мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «21-1 «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» ААҚ; «21-2 «Ұлттық тiркеу орталығы» ААҚ. «Алматы қаласы» бөлiмiнде: реттiк нөмiрi 123-6 АЛА - 000283 «Авиажөндеу зауыты № 405» ААҚ жолындағы «123-6» деген сан «123-8» деген санмен ауыстырылсын. 5. «Республикалық меншiктегi ұйымдарға мемлекеттік акциялар пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiн иелену және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: Мемлекеттік акциялар пакеттерi мен республикалық меншiктегi ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерiн иелену және пайдалану құқығы берiлген салалық министрлiктер мен өзге де мемлекеттік органдардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне» бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 118-17, 118-18-жолдармен толықтырылсын: «118-17 «Ұлттық сараптау мен сертификаттау орталығы» ААҚ; «118-18 «Ұлттық тiркеу орталығы» ААҚ. 6. Ескерту. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.18. № 1552 қаулысымен. |