Республикалық микроорганизмдер коллекциясының кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дәрілік қоспаларды биологиялық зерттеулердің орталық зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) болып қайта аталсын. 2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорын Жарғысының бекітілуін қамтамасыз етсін; 2) «Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мүлігінің қосымшаға сәйкес бөлігін Кәсіпорынға берсін. 4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) әділет органдарында Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімінде: реттік нөмірі 470-161-жол мынадай редакцияда жазылсын: «470-161. «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы»; 2) «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 267-құжат): 2-тармақтың екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы» деген сөздер «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Үкіметінің 2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 1257 қаулысына қосымша
Берілетін мүліктің тізімі Астана қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43 мекен-жайы бойынша орналасқан зертханалық корпус және оның ішіндегі зертханалар: микробиологиялық синтез топты микроорганизмдер коллекциясының зертханасы; иммунохимия және иммунобиотехнология зертханасы; фармакология және токсикология зертханасы; өсімдіктердің селекциясы мен биотехнологиясы зертханасы; экологиялық биотехнология зертханасы.
|