Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы (2013.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚРҮкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚРҮкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 Қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен тақырыбындағы және мәтін бойынша «кесімдерді», «кесімдерге», «кесімдердің», «кесімдері», «кесімдер», «кесімнің», «кесімді», «кесімдерін», «кесім», «кесімдерді», «кесімге», «кесімдеріне», «кесімде» деген сөздер тиісінше «актілерді», «актілерге», «актілердің», «актілері», «актілер», «актінің», «актіні», «актілерін», «акті», «актілерді», «актіге», «актілеріне», «актіде» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидалары
ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар): 1) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін (бұдан әрі - нормативтік құқықтық актілер) мемлекеттік тіркеу мерзімдерін, мемлекеттік тіркеуге ұсыну тәртібін; 2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарды; 3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді; 4) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тарту тәртібін; 5) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізуді; 6) тіркелген нормативтік құқықтық актілердің қолданысын тоқтата тұрудың, тоқтатудың тәртібін айқындайды.
2. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 333 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 38-бабына сәйкес қолданыс мерзіміне (тұрақты немесе уақытша) қарамастан, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - орталық органдар) нормативтік құқықтық актілері, мәслихаттардың, сондай-ақ, әкімдіктер мен әкімдердің (бұдан әрі - жергілікті органдар) нормативтік құқықтық актілері әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 333 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Нормативтік құқықтық актінің Қағидалардың 2-тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкестігін Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары айқындайды. 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдарының мемлекеттік тіркеу қажеттілігі туралы мәселені шешу үшін сол немесе өзге актіні ұсыну туралы сауалдарын орталық және жергілікті органдар мұндай сауал келіп түскен сәттен бастап екі аптаның ішінде орындайды. ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Орталық органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін - аумақтық әділет органдары құжаттардың ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Жергілікті органдардың жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау, әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды: 1) заң сараптамасын: құқық нормасының болуы және мемлекеттік тіркеудің қажеттілігі мәніне; актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне; 2) орталық органның нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындысын - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің немесе оның орынбасарының, жергілікті органының - аумақтық әділет органының басшысының бекітуі; 3) нормативтік құқықтық актіні Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне оған мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып енгізу; 4) негізгі нормативтік құқықтық актінің бірінші парағының жоғарғы оң бұрышында нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы мөртабан қою, сондай-ақ нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының бірінші парағының жоғарғы оң бұрышында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің немесе оның аумақтық органының елтаңбалық мөрін қою. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытындының және мөртабанның үлгілік нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрі бекітеді; 5) тіркелген нормативтік құқықтық актілерді жіберу: бір данасы (түпнұсқалары) нормативтік құқықтық актіні ұсынған органға жіберіледі; екінші және үшінші даналары Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберіледі (осы тәртіп мемлекеттік құпияны қамтитын нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды); нормативтік құқықтық актінің төртінші данасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында қалады. Нормативтік құқықтық актінің әрбір жіберілетін данасына нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу туралы қорытынды қоса беріледі (егер нормативтік құқықтық акті азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса, қорытындыда оны ресми жариялау қажеттілігі көрсетіледі). ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуге тиіс.
3. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге ұсыну тәртібi
ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, осы орган басқармасының отырысында осы актілер қабылданған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күннің ішінде ұсынылатын нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде, елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда, төрт данада ұсынылады. Егер нормативтік құқықтық актіні екі және одан да көп мемлекеттік орган бірлескен акті түрінде қабылдаған жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органдар саны бойынша нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қосымша ұсынады. Нормативтік құқықтық акті мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген (бекітілген) жағдайда, нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеуге мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен (бекіткен) күнінен бастап екі апта ішінде ұсынылады. Орталық немесе жергілікті органның бірінші басшысы болмаған жағдайда, оның міндетін атқаратын адам бекіткен нормативтік құқықтық актіні ұсынған осы орган оған тиісті міндеттер жүктелгені туралы құжаттың көшірмесін де ұсынуға тиіс. Тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынған жағдайда, ол тиісті орталық немесе жергілікті органның қайта бекітуіне жатады және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына осы тармақта белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылады. Бұл ретте, нормативтік құқықтық актіге ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың қайталама қорытындысының көшірмесі және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге қайталама сараптамалық қорытындының көшірмесі қоса беріледі. ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 ; 2007.12.10. № 938 (бұр.ред.қара); 2010.13.12. № 1347 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Нормативтік құқықтық актіге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде анықтама-негіздеме қоса беріледі және мыналарды: 1) нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік органның атауын; 2) нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен нормативтік құқықтық актіні қабылдау негіздемесін (органның құзыреті); 3) нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесін (нақты мақсаттар, дәлелдер және акті неге байланысты қабылданды); 4) осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды әзірлеу туралы мәліметтерді; 5) осы Қағидалардың 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтерді; 6) осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдердің қысқаруын көздейтіндігі; 7) нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтерді; 8) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәліметтерді; 9) сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) қамтуға тиіс. Қоса берілетін анықтама-негіздемеге осы актіні шығарған орган заң қызметінің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам не осы актіні шығарған органның заң қызметі басшысын алмастыратын адам қол қояды. Бірлескен нормативтік құқықтық актіні ұсынған жағдайда қоса берілетін анықтама-негіздемеге оны мемлекеттік тіркеуге ұсынған орган заң қызметінің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам не осы актіні шығарған органның заң қызметі басшысын алмастыратын адам қол қояды. Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті құрылымдық бөлімше басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды. Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда, анықтама-негіздемеге осы актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органда заңгер функцияларын орындайтын адам не жергілікті органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
4. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптар
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 333 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-тармақ өзгертілді 10. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын нормативтік құқықтық акті мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс: 1) нормативтік құқықтық актіні қабылдау рәсімінің сақталуына: алқа (сайланбалы) органы үшін - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі; орталық және жергілікті орган үшін - бірінші басшының не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның қолының болуы; 2) қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі: Қазақстан Республикасының Конституциясына; Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарға; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлықтарына; Қазақстан Республикасының кодекстеріне, заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарына; Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулыларына; Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтарына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына; орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актіде; 3) егер келісу қажет болса, нормативтік құқықтық актінің келісімінің болуы; 4) нормативтік құқықтық актінің деректемелерінің болуы: 5) негізгі нормативтік құқықтық актіде оның қолданысқа енгізілу мерзімін қамтитын нормалардың болуы; 6) нормативтік құқықтық актінің құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы; 7) нормативтік құқықтық акті мәнінің мазмұндалу стиліне қойылатын талаптардың сақталуы; 8) егер нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оларға сілтеме жасалған жағдайларда қосымшалардың болуы; 9) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі, соның ішінде қосымшалардағы мәтіндерінің де сәйкес келуі; 10) нормативтік құқықтық актінің барлық парақтарына осы актіні қабылдаған (келіскен) органның заң қызметі басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамның не заң қызметі басшысын алмастыратын адамның әрбір парағына қол қоюы жүргізіледі. Мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда әрбір параққа қол қоюды осы нормативтік құқықтық актіні әзірлеген тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам жүргізеді. Жергілікті органда заң қызметі болмаған жағдайда әрбір параққа қол қоюды осы органда заңгер функцияларын орындайтын адам не мемлекеттік органның бірінші басшысы, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам жүргізеді; 11) «Норма шығармашылығы қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптама жүргізу ережесіне сәйкес нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы; 12) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болуы; 13) жүргізілуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесінің болуы. Нормативтік құқықтық актіні қабылдаған орган сараптамалық қорытындымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда ілеспе хатта сараптамалық қорытындымен және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысымен келіспеу себептеріне дәлелді негіздеме келтіреді. 11. ҚР Үкіметінің 2011.16.09. № 1067 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкес келуін нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған орталық және жергілікті орган қамтамасыз етеді.
5. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу
13. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. 14. Тізілімде тіркеу күні, берілген нөмірі, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның атауы, күні, нормативтік құқықтық актінің нөмірі және атауы, енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәліметтер көрсетіледі. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрі белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тарту тәртібі
ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.14.09. № 1370 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден, егер мұндай акті: 1) азаматтардың заңнамада белгіленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса; 2) жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келсе; 3) оны шығарған органның құзыреті шегінен шықса; 4) егер келісу қажет болған мүдделі органдармен келісілмесе; 5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса; 6) осы Қағидаларда, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу қағидаларында белгіленген тәртіп бұзыла отырып қабылданса, бас тартылады. Бас тарту туралы бас тартудың негіздері көрсетіле отырып, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органға жазбаша хабарланады. Мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда нормативтік құқықтық актінің бір данасы (көшірмесі) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органында қалады. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Нормативтік құқықтық акті мынадай талаптар сақталмаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға қараусыз кері қайтарылады: 1) нормативтік құқықтық актіде Заңның 17-бабында көрсетілген деректемелердің біреуінің болмауы; 2) нормативтік құқықтық актіні елтаңбалық мөрмен расталған баспа және электрондық түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түпнұсқасын (түпнұсқа мәтіндерін) қоса алғанда төрт данада ұсынбау; 3) нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі анықтама-негіздеменің қоса берілмеуі; 4) қоса берілген анықтама-негіздеменің осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі; 5) нормативтік құқықтық актінің барлық парақтарына қол қою жүргізілмеуі; 6) осы Қағидалардың 10-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актіге сараптамалық қорытынды көшірмесінің болмауы; 7) бірінші басшы болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адамға тиісті міндеттер жүктелгені туралы құжат көшірмесінің болмауы. Бұл жағдайда орталық немесе жергілікті орган анықталған бұзушылықтарды жояды және осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзім сақталған кезде оны қайта бекітпей мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынады. ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.11.04. № 333 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ жаңа редакцияда 17. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуды алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді. Бұл тәртіп алқалы түрде шешім қабылдайтын орталық органдарға және кезекті (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекіткен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы актіні ұсынатын мәслихатқа қолданылмайды. Егер нормативтік құқықтық акт бірлескен актімен қабылданса және оны тіркеуден бас тартылса, нормативтік құқықтық актіні бірлесе отырып қабылдаған мемлекеттік органдардың басшылары не олар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқарушы адамдар нормативтік құқықтық актіні жою туралы бірлескен акті шығарады. ҚР Үкіметінің 2013.11.04. № 333 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды 17-1. Пысықтау мақсатында, әзірлеуші мемлекеттік орган өзінің бастамасы бойынша осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтаруы мүмкін. Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтару әзірлеуші мемлекеттік орган хатының негізінде жүргізіледі. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актіні қайтаратын әзірлеуші-мемлекеттік органның хаты әділет органдарына келіп түскеннен кейін, осы нормативтік құқықтық акт хаттың келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік органға тиісті хатпен қайтарылады. Хатты алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде орталық немесе жергілікті органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам мемлекеттік тіркеуден қайтарылған нормативтік құқықтық актінің күшін жою туралы тиісті акт шығарады және оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына жібереді.
7. Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу
ҚР Үкіметінің 2010.13.12. № 1347 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 18. Мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелуге тиіс нормативтік құқықтық актілердің күшіне енуі үшін қажетті шарт болып табылады. Тіркелмеген нормативтік құқықтық актілердің құқықтық күші болмайды. 19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде және оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркелуге тиісті нормативтік құқықтық актілер «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес қолданысқа енгізіледі. Жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға байланысты қызметті жүзеге асыруға дайындау үшін жеке кәсіпкерлік субъектісіне қажетті мерзімдерден көріне отырып белгіленуге тиіс. |