Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы (2012.19.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 20 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысының 5-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн. 2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысымен бекітілген Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы Ереже I. Жалпы ережелер. 1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) «Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысына сәйкес құрылады. ҚР Үкіметінiң 03.03.04 ж. № 267 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Комиссия заң тәртібімен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара); 2007.18.05. № 390 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді 5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат саны шегiнде), оған Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi. 6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келісіп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлігіне ғана берiледi. ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 2005.22.02. № 156 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгерді 7. ҚР Үкіметінің 2007.18.05. № 390 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 8-тармақ өзгертілді 8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу; iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 9-тармақ өзгертілді 9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды: Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарды қарайды; адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушыларды айқындайды; алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң лимиттерiн белгiлейдi. халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды 9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 10-тармақ өзгертілді 10. Комиссияның: iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға; тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге; iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге; лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртібін бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге құқығы бар; ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуге; ҚР Үкіметінiң 21.01.02 ж. № 72; 20.11.02 ж. № 1223 (бұрынғы ред. қара); 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара); 22.07.04 ж. № 782 (бұр. ред. қара); 2005.22.02. № 156 (бұр. ред. қара); 2006.13.07. № 668 (бұр. ред. қара); 2007.27.03. № 233 (бұр. ред. қара); 2007.18.05. № 390 (бұр. ред. қара); 2007.28.10. № 998 (бұр.ред.қара); 2008.18.09. № 856 (бұр.ред.қара); 2009.25.09. № 1449 (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1010 (бұр.ред.қара); 2011.02.07. № 764 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрамы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 496 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына қосымша
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссияның Құрамы
Комиссия мүшелері
|