Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi (2014.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 7) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 9) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 10) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 12) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 13) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.03. № 237 Қаулысымен (бұр. ред. қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - агроөнеркәсіптік кешен саласында (балық аулауды қоспағанда) басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мынадай ведомстволары бар: 1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» мемлекеттік мекемесі; 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі. 9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Кенесары көшесі, 36. 10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің миссиясы - мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешендегі саясатын тиімді қалыптастыру және іске асыру арқылы бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен құру. 15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру; 2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету; 3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету; 4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; 5) өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; 6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.05.08. № 901 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді 16. Орталық аппараттың функциялары: 1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады: агроөнеркәсіптік кешен; астық нарығы; өсімдіктер карантині; мақта саласы; 2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады: асыл тұқымды мал шаруашылығы; өсімдіктерді қорғау және олардың карантині; бал ара шаруашылығы; тұқым шаруашылығы; ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; 2-1) мынадай салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады: тұқым шаруашылығы; асыл тұқымды мал шаруашылығы; өсімдіктер карантині; астық нарығы; өсімдіктерді қорғау; ветеринария; мақта саласын дамыту; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; 3) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлеуді жүзеге асырады; 5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеуді жүзеге асырады; 6) жануарларды бағалау, асыл тұқымдық құндылығын бағалау және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеуді жүзеге асырады; 7) асыл тұқымды өнімді (материалды) бағалауға және генетикалық бақылауға арналған әдістемелер мен техникалық құралдар әзірлеуді жүзеге асырады; 8) жануарларды бағалау, асыл тұқымдық құндылығын бағалау және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекітеді; 9) тұқым стандартын бекітеді; 10) асыл тұқымды мал зауыттарын, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын және асыл тұқымды мал репродукторларын бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін әзірлейді; 11) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтардан және байқаулардан өткізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 11-1) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 12) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктердің нысандарын және оларды беру тәртібін әзірлейді; 13) асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін әзірлейді; 14) Қазақстан Республикасының Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі инспекторлар туралы ережені әзірлейді және бекітеді; 15) асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді; 16) асыл тұқым кітабын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 17) асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 18) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді; 19) мал шаруашылығы салалары бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді; 20) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басымды тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді; 21) жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін әзірлейді; 22) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық базасын жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 23) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидиялар нормативтерін әзірлейді; 24) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртібін әзірлейді; 24-1) оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесін анықтайды; 25) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 26) мемлекеттік өсімдіктер карантині инспекторлары туралы ережелерді бекітеді; 27) зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантиндік объектілермен залалданған карантинге жататын өнімді алып қою және жою қағидаларын әзірлейді; 28) әкелінетін карантинге жататын өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлейді; 29) карантинге жататын өнім тізбесін әзірлейді; 29-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді және ұсынымдарды бекітеді; 30) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаттарының негізінде карантиндік шараларды әзірлейді; 31) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін айқындайды; 32) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің, сондай-ақ олармен құпияланған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді; 33) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 34) астық өндірушілерін қорғауға демпингке қарсы шараларды қолдану жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді; 35) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 36) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын бекітеді; 37) астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлейді; 38) астық және оның тіршілік ету циклі процестері бойынша техникалық регламенттер әзірлейді; 39) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын әзірлейді; 40) астық сақтау қағидаларын әзірлейді; 41) астық қолхаттарын беру, айналымы және оны өтеу қағидаларын әзірлейді; 42) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын әзірлейді; 43) электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану қағидаларын әзірлейді; 44) астық нарығының мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 45) мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді; 46) астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді; 47) астық қолхаты жазылатын бланкілерге, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртібіне, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді; 48) астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісінің нысандарын әзірлейді және бекітеді; 49) облыстар бөлінісінде мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлейді және бекітеді; 49-1) астықтың сатып алынатын бағасын белгілеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді; 49-2) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешімдер қабылдайды; 50) агент пен отандық астық өндіруші, сондай-ақ агент пен астық экспорттаушы арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді; 51) ішкі нарықты реттеу мақсатында агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астығы ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді; 52) астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астығы ресурстарының астығынан өндірілген ұнды өткізу шартының үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді; 53) астықты экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы және оны астықты экспорттаушыға беру туралы растау нысандарын әзірлейді және бекітеді; 54) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы жария шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді; 55) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құруға, жұмыс істеуіне және таратуға қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу тәртібін, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу тәртібін әзірлейді; 56) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 57) бал араларын қорғауға және өсімін молайтуға бағытталған ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жүзеге асырады; 58) бал араларын Қазақстан Республикасында тұқымдық аудандастыру жоспарын бекітеді; 59) бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштардың және басқа да препараттардың тізбесін бекітеді; 60) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 61) аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады; 62) өсімдіктерді қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге тапсырыстардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады және үйлестіреді; 63) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 63-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады; 64) пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді; 65) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольді және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 66) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді; 67) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 68) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекітеді; 69) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес хаттамалар мен нұсқамалардың нысандарын, сондай-ақ оларды жасау және шығару тәртібін бекітеді; 70) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлейді; 71) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснаманы әзірлейді; 72) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін, зерттеулер нәтижесінде әзірленген әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру бойынша оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі; 73) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнайы сақтауыштарды (көмбелерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын айқындайды; 74) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 75) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласындағы мамандарды, ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды қайта даярлауды ұйымдастырады; 76) профилактикасы, диагностикасы және оларды жою бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін әзірлейді; 77) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 78) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді; 79) ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 79-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады; 80) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өмірі және денсаулығы үшін салдарларды ескере отырып, сондай-ақ халықаралық талаптарға сәйкес келетін ветеринариялық нормативтерді бекітеді; 81) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді; 82) ветеринария саласында техникалық регламенттерді әзірлейді; 83) ветеринариялық препараттардың республикалық запасын қалыптастыру, пайдалану және есептен шығару тәртібі мен нормативтерін бекітеді; 84) ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды пайдалану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп тану тәртібі мен нормативтерін бекітеді; 85) ветеринария саласындағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру тәртібін әзірлейді; 86) тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, ветеринария саласындағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін әзірлейді; 87) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшеп және жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру тәртібін әзірлейді; 88) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алу қағидаларын әзірлейді; 89) ҚР Үкіметінің 2014.05.08. № 901 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 90) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгілік ережені әзірлейді; 91) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін әзірлейді; 92) процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді; 93) лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларын әзірлейді; 94) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру мен жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларын бекітеді; 95) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру тәртібін әзірлейді; 96) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, ветеринариялық есепке алу және есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді; 97) ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлейді; 98) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды есептік тіркеу тәртібін бекітеді және оны өткізеді; 99) жануарларды өсіруді, өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді; 100) жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (малды сою), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді; 101) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды әзірлейді; 102) ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды әзірлейді; 103) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекітеді; 104) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, азықтық қоспаларға нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу тәртібін бекітеді; 105) өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлерін аттестаттау тәртібін әзірлейді; 105-1) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар желісінің мемлекеттік нормативін әзірлейді; 105-2) биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою тәртібін әзірлейді; 105-3) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын бекітеді; 105-4) сараптама актісін (сынақтар хаттамасын) беру қағидаларын әзірлейді; 105-5) ветеринариялық-санитариялық сараптаманы өткізу қағидаларын әзірлейді; 105-6) ветеринариялық препараттарды, азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркеуді өткізу қағидаларын әзірлейді; 105-7) жануарларды өткізу қағидаларын әзірлейді; 105-8) жануарларды карантинге қою қағидаларын әзірлейді; 105-9) дезинфекциялауды, дезинсекциялауды, дератизациялауды өткізу қағидаларын әзірлейді; 105-10) эпизоотиялық мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді; 105-11) ветеринариялық препараттарды және азықтық қоспаларды байқаудан өткізу қағидаларын бекітеді; 105-12) жануарлармен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді; 105-13) шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу және алып тастау қағидаларын әзірлейді; 105-14) ветеринариялық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлейді; 105-15) диагностикалық зерттеулерді жүргізу қағидаларын бекітеді; 105-16) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді; 106) ветеринария саласындағы нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін бекітеді; 107) аумақтарды аймақтарға бөлу тәртібін айқындайды; 108) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөптік қоспалар қауіпсіздігінің мониторингін жүргізу тәртібін белгілейді; 109) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 110) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың нысанды киім (погонсыз) үлгісін және оны киіп жүру тәртібін бекітеді; 111) ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөптік қоспалар қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 112) ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді; 113) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі кезіндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді; |