«2014 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 640 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2014 жылғы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 640 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4725 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдеде «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|