Бұқаралық ақпарат құралдары туралы (2014.16.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен ; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - журналистi тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы; 2) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға; 3) бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары; 4) бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны; 5) бұқаралық ақпарат құралының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат; 6) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 7) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио-, телебағдарламаларды эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру; 8) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым; 9) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) - еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға; 10) кешен - бiр бiрiмен ортақ мақсаттарымен байланысты және бiрыңғай құрылым құрайтын ғимараттар жиынтығы; 11) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы; 12) порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы кино, бейнеөнім - моральдық құндылықтарға сәйкес келмейтін, адамның ар-ожданы мен қадір-қасиетін қорлайтын жыныстық қатынасты натуралды түрде, егжей-тегжейлі фиксациялау не жыныстық әуестіктің қозуына немесе жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ықпал ететін жыныстық қатынас процесіндегі жалаңаш гениталийлерді көрсету; 13) ресми хабар - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан әрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) стационарлық үй-жайлар - iргетасы бар, олардың тiреу конструкциясына нұқсан келтiрмей оларды орнынан ауыстыру мүмкiн болмайтын күрделi ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бір бөлiгi; 4) суицидті насихаттайтын ақпарат - адамды өз өмірінен әдейілеп айырылуға итермелейтін ақпарат; 15) таратушы - меншiк иесiмен, баспагермен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 16) теле-, радиоарна - кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату торына сәйкес қалыптастырылған теле-, радиобағдарламалар мен дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы; 17) теле-, радио, кинохроникалық бағдарлама - тиісті атауы, хабар тарату көлемі бар және теле-, радиоарнаның басқа бөліктеріне қарамастан пайдаланылуы мүмкін теле-, радиоарнаның мазмұнды аяқталған бөлігі; 18) цензура - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын және материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарламалар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу; 19) эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагниттi жүйелердi пайдалана отырып, теле-, радиобағдарламаларды, дыбыс-бейне жазбаларды тарату; 20) эротикалық сипаттағы өнім - гениталийлерді қоспағанда, адамдардың жыныстық қатынастарын, адам денесінің ұятты тұстарын көрсететін және порнография элементтерін қамтымайтын баспасөз басылымы немесе теле-, радиобағдарлама.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді ( бұр. ред. қара) 2-бап. Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы 1. Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады. 2. Мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды 2-1. Бұқаралық ақпарат құралдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге міндетті. 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге, экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есiрткi құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға жол берiлмейдi. 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Бұқаралық ақпарат құралын әкімшілік құқық бұзушылықтар не қылмыстық жазаланатын әрекеттер жасау мақсатында пайдалануға жол берілмейді.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара) 3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі 1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік тiлде және басқа да тiлдерде таратылады. 2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тiлдер туралы заңдарына сәйкес бұқаралық ақпаратты алу және оны тарату кезiнде әркiмнің ана тілін пайдалану құқығын қамтамасыз етедi. 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдары 1. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1-тараумен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 1-1-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу
4-1-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік реттеу 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау арқылы жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган мен басқа да мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-2-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-2-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды; 3) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-3-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-3-бап. Уәкілетті органның құзыреті 1) бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз етеді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпарат агенттіктерін есепке қоюды жүзеге асырады; 3) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6) 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды; 8) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 9) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдiк мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алудың бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi; 10) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) тарихи және (немесе) мәдени құндылығы бар жазылымдарды сақтау тәртібін айқындайды; 12) журналистерді аккредиттеу ережесін бекітеді; 13) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруы жөніндегі қызметін үйлестіреді; 14) орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді; 15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-4-бап өзгертілді 4-4-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары: 1) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асырады; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таратылатын шетелдік баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асырады; 3) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның жүзеге асырылуын бақылайды; 5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 6) уәкiлеттi органға шетелдік баспасөз басылымдарын есепке алу жөнiндегi ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау жөнiндегi мәлiметтердi табыс етедi. 7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-5-баппен толықтырылды 4-5-бап. Мемлекеттік бақылау 1. Мемлекеттік бақылаудың мақсаты жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. 2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау мыналарды: 1) осы Заңда көзделген талаптарды сақтау жөніндегі бақылауды; 2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын жарнамаға қатысты бақылауды қамтиды. 3. Уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында орындалады. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 5. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыру
ҚР 03.05.01 ж. № 181-II Заңымен 5-бап толықтырылды 5-бап. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1. Бұқаралық ақпарат құралын құру құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға тиесілі. Бұқаралық ақпарат құралы заңды тұлға нысанында да, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi нысанында да құрылуы мүмкiн. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асыруға, ақпараттық сипаттағы хабарламалар мен материалдарды таратуға теле-, радиоарнасын, мерзiмдi баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттiгiн есепке қою туралы куәлiк негіздеме болып табылады. Бұл талаптар интернет-ресурстарға қолданылмайды. 2. Заңды тұлғаның - Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралы меншiк иесiнің немесе осы саладағы қызметті жүзеге асырушының акцияларының (үлесiнiң, пайының) 20 проценттен астамын шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың, азаматтығы жоқ адамдардың тiкелей және (немесе) жанама иеленуiне, пайдалануына, билiк етуiне және (немесе) басқаруына тыйым салынады.
6-бап. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі 1. Меншік иесі - бұқаралық ақпарат құралын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, не жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестігі. 2. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі тиісті шарт негізінде өзінің меншікті, сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты редакция, редактор, журналист, баспагер, таратушы ретінде іс-қимыл жасауға құқылы.
7-бап. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы 1. Редакция меншік иесінің тапсыруы бойынша бұқаралық ақпарат құралын әзірлеуді және шығаруды (эфирге шығаруды) жүзеге асырады. 2. Редакцияға бас редактор (редактор) басшылық етеді. 2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 2-1- тармақпен толықтырылды 2-1. Мыналар: 1) сот іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар; 2) тағайындау кезінде заңда белгiленген тәртiппен соттылығы алынбаған немесе өтелмеген азаматтар; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) шетелдiктер не азаматтығы жоқ адамдар; 2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде бас редактор (редактор) бола алмайды. 3. Меншік иесі мен редакция арасындағы қатынастар жарғымен және шартпен реттеледі.
1. Ақпарат агенттігі - Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тіркелген, қызметі ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды жинауға, қайта өңдеуге және таратуға бағытталған заңды тұлға. 2. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарында оның атауы мен шығарылған уақыты қоса берілуге тиіс. 3. Ақпарат агенттігінің хабарлары мен материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары таратқан кезде ақпарат агенттігіне сілтеме жасауға міндетті. 4. Ақпарат агенттігіне осы Заңның 2, 10-баптарының күші қолданылады.
9-бап. Бұқаралық ақпарат құралының баспагері 1. Баспагер - бұқаралық ақпарат құралының өнімін өндіруді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. 2. Егер меншік иесі бұқаралық ақпарат құралының әрі баспагері болмаса, меншік иесі мен баспагердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі жеке шартпен белгіленеді.
2006.05.07. № 156-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-бап жаңа редакцияда 10-бап. Мерзімді баспасөз басылымын және ақпарат агенттігін есепке қою, қайта есепке қою 1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымы мен ақпарат агенттігі уәкілетті органда міндетті түрде есепке қойылуға жатады. 2. Есепке қою, қайта есепке қою үшін мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің меншік иесі не оның уәкілеттік беруі бойынша әрекет ететін тұлға осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келетін өтініш береді. 3. Мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде айқындалатын тәртіппен алым алынады. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою, қайта есепке қою туралы өтiнiш түскен күнiнен бастап он жұмыс күні iшiнде қаралуға тиiс. Өтiнiштi қараудың қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесiне есепке қою туралы куәлiк бередi не мынадай негiздер бойынша: 1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумаққа таралатын не оның аты бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң атымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қойғаны туралы куәлiк берген болса; 2) егер өтiнiштiң мазмұны осы Заңның 11-бабының талаптарына сай келмейтiн болса; 3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн есепке қою үшiн алым төленбесе; 4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттiгiн қайта есепке қою туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына немесе ақпарат агенттiгiне меншiк құқығын басқа тұлғаға берудi растайтын шарттың нөмірі мен жылы, айы, күні көрсетілмесе; 5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан аты (атының бiр бөлiгi) бiрдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi есепке қоюға мәлiмделген болса немесе аты мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы немесе ақпарат агенттiгi мәлiмделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының немесе ақпарат агенттiгiнiң меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қоюдан бас тартады. 5. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды. Ақпарат агенттігінің меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде ақпараттық сипаттағы хабарлар мен материалдарды таратуға кірісу құқығын сақтайды. Мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайда, уәкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады. 6. Мерзімді баспасөз басылымы және (немесе) ақпарат агенттігі меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының және (немесе) ақпарат агенттігінің аты, басылымның не материалдар мен хабарлардың тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығарылу мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке алынуға жатады. |