Жарнама туралы (2014.07.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-бап. Заңның мақсаттары Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады. 2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама; 2) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама; 3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға; 4) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 5) жарнама таратушы - мүлiктi, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы; 7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) 7-1) маңдайша - сауда жасау (қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау) субъектісі тауарларды сататын, қызметтер көрсететін және жұмыстарды орындайтын жерлердегі жылжымайтын объектілерде орналастырылатын, оның эмблемасын, тауарлық белгілерін, брендтерін қоса алғанда, осындай субъектінің атауы мен қызмет түрі туралы ақпарат; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды 8) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен), оның айырым белгілерімен және оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), дайындаушы, сатушы, жеткізуші туралы мәліметтер.
4-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
5-бап. Жарнамаға авторлық құқық және сабақтас құқықтар Жарнама авторлық құқықтың және сабақтас құқықтардың толық немесе iшiнара объeктici бола алады. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес қорғалуға тиiс.
2-тарау. Жарнамаға қойылатын жалпы және арнайы талаптар
6-бап. Жарнамаға қойылатын жалпы талаптар 1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы білімсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады. Жарнама мазмұнының бiр тiлден екiншi тiлге аудармасы оның негiзгi мағынасын бұрмаламауға тиiс. Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттік тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2-1 тармақпен толықтырылды 2-1. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады. 3. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалуына және сатылуына тыйым салынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалауға жол берiлмейдi. Егер жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет. 5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелмеген дiни ұйымдар мен дiни оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады. 6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Жарнама қоғамда дүрбелең туғызбауға, жеке тұлғаларды агрессияға бастамауға, сондай-ақ құқыққа қарсы өзге де әрекеттi (әрекетсiздiктi) қоздырмауға тиiс. 8. Жарнамаға қойылатын шектеулер осы Заңмен және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен белгiленедi.
1. Мынадай: 1) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларымен (жұмыстарымен, көрсетiлетiн қызметтерiмен) салыстыратын, сондай-ақ олардың абыройына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне кiр келтiретiн сөздерi, бейнелерi бар; 2) басқа өнiмдердi жарнамалауда пайдаланылатын фирмалық атауды, тауар белгiсiн, фирмалық ораманы, тауардың сыртқы безендiрiлуiн, формулаларын, бейнелерi мен басқа да коммерциялық белгiлемелерiн көшiрiп алу арқылы не олардың сенiмiн терiс пайдалану арқылы жарнамаланатын өнiмдерге қатысты тұтынушыларды жаңылдыратын; 3) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланылуы тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) сипатына, дайындалу тәсiлiне, қасиеттерiне, қолдануға жарамдылығына немесе санына қатысты жаңылыстыруы мүмкiн нұсқамалары немесе дәйектемелерi бар; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 4) жарнамаланатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) пайдаланбайтын жеке немесе заңды тұлғалардың беделiн түсiретiн, қорлайтын және мазақ ететін; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды 5) Қазақстан Республикасының заңымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлар жарнамасы, егер мұндай жарнама тауар белгісі немесе қызмет көрсету белгісі жарнамалауға тыйым салынған тауардың тауар белгісімен немесе қызмет көрсету белгісімен айырғысыз дәрежеде бірдей немесе ұқсас басқа тауарды жарнамалау түрінде, сондай-ақ осындай тауарды дайындаушыны немесе сатушыны жарнамалау түрінде жүзеге асырылса, жарнама жосықсыз жарнама болып табылады. 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) өнiмдердiң табиғаты, құрамы, дайындау тәсiлi мен күнi, мақсаты, тұтыну қасиеттерi, пайдалану шарттары, сәйкестiк сертификатының, сертификат белгiлерiнiң және ұлттық стандарттарға сәйкестiк белгiлерiнiң болуы, саны, шығарылған жерi сияқты сипаттамаларына; 2) өнiмнің нарықта болуына, оны белгiлi бiр орында сатып алу мүмкiндiгiне; 3) жарнама тарату және орналастыру кезіндегі өнiмнiң құны (бағасы) мен ақы төлеудiң қосымша шарттарына; 4) өнiмдердi жеткiзуге, айырбастауға, қайтаруға, жөндеуге және оларға қызмет көрсетуге; 5) кепiлдiк мiндеттемелерге, қызмет мерзiмдерiне, жарамдылық мерзiмдерiне; 6) қолданудың болжамды нәтижелерiне; 7) заңды тұлғаның зияткерлiк қызметiнiң және соған теңестiрiлген даралау құралдарының, өнiмнiң, орындалған жұмыстардың немесе көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiне берiлетiн айрықша құқықтарға; 8) мемлекеттік нышандарды (елтаңба, жалау, гимн), сондай-ақ халықаралық ұйымдардың нышандарын пайдалану құқықтарына; 9) ресми тануға, медальдар, жүлделер, дипломдар және өзге де наградалар алуға; 10) өнiмнiң толық топтамасын, егер ол топтаманың бiр бөлiгi болып табылса, сатып алу тәсiлдерi туралы ақпарат ұсынуға; 11) зерттеулер мен сынақтар нәтижелерiне, ғылыми терминдерге, техникалық, ғылыми және өзге де жарияланымдардан алынатын дәйек-сөздерге; 12) басқа адамдардың өнеркәсiптiк немесе сауда қызметiнiң, жеке немесе заңды тұлғаның беделiн түсiретiн кәсiпкерлiк қызметте жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) туралы ұйғарымдарға; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 13) негiздiлiгi асыра көрсетiлген түрiнде берiлмеуге тиiс статистикалық ақпаратқа; 14) тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) жасаушының, сатушының немесе оларды жарнамалайтын адамдардың мәртебесiне немесе құзыреттілік деңгейiне қатысты шындыққа сай келмейтiн мәлiметтерi бар жарнама дәйексiз жарнама болып табылады. 1) жеке тұлғалардың нәсiлiне, ұлтына, тіліне, кәсiбiне, әлеуметтiк жағдайына, жасына, жынысына, дiни, саяси және өзге де нанымына қатысты қорлайтын сөздердi, теңеулердi, бейнелердi пайдалану арқылы жалпыға бiрдей қабылданған iзгілік пен мораль нормаларын бұзатын мәтiндiк, көрiнiстi, дыбыстық ақпаратты қамтитын; 2) ұлттық немесе әлемдiк игiлiк болып табылатын өнер, мәдениет объектiлеріне, тарих ескерткіштерiне нұқсан келтiретiн; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына, ұлттық валютасына немесе шетел валютасына, дiни нышандарға нұқсан келтiретiн жарнама әдепсiз жарнама болып табылады. 4. Жарнама берушiнiң (жарнама жасаушы, жарнама таратушы) жарнама тұтынушыны қасақана жаңылыстыратын, жарнамалау көмегiмен берiлетiн жарнамасы көрiнеу жалған жарнама болып табылады. 5. Радио, теле, бейне, дыбыс және кино өнiмдерiнде, сондай-ақ өзге де өнiмдерде, соның iшiнде арнаулы бейнеқосылғыларды, қосарланған дыбыс жазбаларын пайдалану арқылы және өзге де тәсiлдермен тұтынушының қабылдауына, түйсiгiне аңдаусыз әсер ететiн жарнама жасырын жарнама болып табылады. 6. Жөнсiз жарнамаға тыйым салынады.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 8-бап. Теле-, радиоарналардағы жарнама 1. Жарнама сипатындағы хабарламалар мен материалдарға мамандандырылмаған теле-, радиоарналардағы жарнама, жүгiртпе жолды қоспағанда, тәулiк iшiнде берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауға тиiс. Жарнаманы трансляциялау кезiнде оның дыбысы трансляцияланатын бағдарлама дыбысынан жоғары болмауға тиiс. 2. Жарнаманы қосарластыру түрiнде, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсiлiмен пайдалану кезiнде оның көлемi кадр алаңының жетi жарым пайызынан аспауға және телебағдарламалардағы мәтiндiк немесе ақпараттық материалды бұзбауға тиiс. 3. Ресми хабарламалардың, Қазақстан Республикасы Президенттiгіне және өкiлдi органдар депутаттығына кандидаттар сөздерiнің, бiлiм беру және дiни телебағдарламалардың трансляциясын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдерге арналған жарнамаларды қоспағанда, балалар телебағдарламалары көрсетiлiмдерiн жарнамамен, оның iшiнде жүгiртпе жол тәсілiмен де бөлуге тыйым салынады. 4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.
9-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарындағы жарнама Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнама объектiлерiн, оның тақырыбын дербес анықтайды. Жазылым арқылы тарайтын баспасөз құралдары жазылым шарттарында басылымның тақырыптық бағыттамасын көрсетуге мiндеттi.
10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама 1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады. 2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi. 3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.
11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру осы баптың 2 - 7-тармақтарында көзделген тәртіппен плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, стеллалар, транспаранттар, афишалар түрінде және өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады. 1-1. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету саласының кәсіпорындары орналастыратын мынадай жарнама объектілері: маңдайша; жайма сөрелер мен терезелерді безендіру; жұмыс режимі туралы ақпарат; үй-жайлардың ішкі безендірілуі сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне жатпайды. 1-2. Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс. 2. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға: 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді 1) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнде жарнама объектiсiн орналастыру кезiнде - Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, белгілi бiр мерзiмге беретiн құжат; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-1) сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы және облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды 1-2) сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар қалада, астанада және облыстық маңызы бар қалада тіркелген көлік құралдарында орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды 1-3) сыртқы (көрнекi) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды 1-4) сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды 1-5) сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат; 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 1-6) тармақшамен толықтырылды 1-6) сыртқы (көрнекi) жарнаманы ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат; 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманың объектілерін орналастырудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелеріне сәйкес жергілікті атқарушы орган беретін рұқсат болған жағдайда жол беріледі. 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда 3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы арқылы өтетіндерді қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерінде, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлерде төлемақы алынады. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер аумағы шегінде республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде есептеледі және төленеді. 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін орналастыруға берілген рұқсат құжаттары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi. 5. Тарих пен мәдениет ескерткiштерi, ғибадат ету объектiлерi аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді 6. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар өтiнiштi алғаннан кейiн бес жұмыс күні iшiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыруға рұқсат беруге не оны орналастырудан негiздi түрде бас тарта отырып жазбаша жауап қайтаруға мiндеттi. 7. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру объектiлерiне өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жекеше меншiк объектiлерiнде орналастыру жөніндегі көрсетiлетiн қызметке тұрақты мемлекеттік бағалар (тарифтер) белгiлеуге тыйым салынады.
12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама Көлiк құралдарында жарнама тарату, орналастыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ережелерi сақтала отырып, көлiк құралдарының меншiк иелерiмен және егер заңда немесе шартта осы мүлiкке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлiк құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен тақырып толықтырылды (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186- IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 166-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді 13-бап. Жекелеген өнім түрлерін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау ерекшеліктерi 1. Mыналарды: 1) этил спиртін және алкоголь өнімін; 2) ана сүтін алмастырушыларды; 3) Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, міндетті сертификаттауға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді); 4) темекі және темекі бұйымдарын; 5) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әр түрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотореялар ойнату нысанында; 6) қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-1. Алкоголь өнімін, темекі және темекі бұйымын тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, темекі және темекі бұйымының атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін немесе атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады. 2. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3. Медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, дәрілік заттарды, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды, тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен реттеледі. 4. 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Қызметтік қаруды, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнімдерді жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерінде жол беріледі. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсілдерін тікелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиіс.
2006.07.07. № 181-III ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (2007.01.07. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) |