2021 - 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 651 шешімі
(2021.11.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021.02.04. № 52 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.07.07. № 83 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.06.09. № 99 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.11.11. № 123 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2021 – 2023 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 47 177 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 2 878 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 44 299 мың теңге;
2) шығындар – 48 188 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 011 мың теңге.
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021.02.04. № 52 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.07.07. № 83 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.06.09. № 99 шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.11.11. № 123 шешімімен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда