ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 15-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
1) 740-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:
2) тармақша «жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1) тармақша «жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 741-баптың екінші бөлігінде:
2) тармақша «жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1) тармақша «жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
2-тармақ 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы:
«жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
3-тармақ 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы:
«жинақ төлемдеріне» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдеріне немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
«жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
4-тармақ 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
4. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі:
«жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
2) тармақша «жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1) тармақша «жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесінде Қазақстан Республикасының тарихи-құжаттамалық мұрасының сақталуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер құру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) архив ісін және басқарудың құжаттамалық қамтамасыз етілуін реттеу;
2) Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, қалыптастыру, жинақтау, сақтау мен пайдалану, ретке келтіру және есепке алу;
3) қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) архив ісін ұтымды басқару;
2) заңдылық;
3) пайдаланушылардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз Ұлттық архив қорының құжаттарына тең қол жеткізуі;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау.»;
2) 18-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;»;
2-3), 2-7), 3), 7), 9) және 18) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архив iсі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту;».
6. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
14-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, оның күштері, құралдары және әдістері туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы экс-Президенттерінің және олардың отбасылары мүшелерінің денсаулық жағдайы және жеке өмірі туралы мәліметтер;».
7-тармақ 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
7. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-баптың 8-тармағының екінші бөлігі:
«жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«қағидаларда» деген сөзден кейін «, не ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітетін бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларында» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 5-баптың 1-тармағы 6) тармақшасындағы «жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.» деген сөздер «жүргізу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін есепке жатқызу үшін ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу тұрғын үй құрылысы жинақ банктері қызметінің негізгі түрлері болып табылады.».
8. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды ұсыну және сыйлықақылар беру үшін құқықтық негіздер құру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асырудың тиімділігін арттыру;
2) үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру;
3) үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету;
4) азаматтық бастамаларды қолдау;
5) мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығын дамыту.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) үкіметтік емес ұйымдар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінің жариялылығы мен ашықтығы.»;
2) 4-1-бапта:
1) тармақша «нәтижелерін бағалау» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік гранттар ұсыну және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру» деген сөздермен толықтырылсын;
6), 8), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды ұсыну және сыйлықақылар беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
9. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері
1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін қамтамасыз ету осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан халқының мәдениетін қайта жаңғыртуға, сақтап қалуға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;
3) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды патриоттық және эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
4) мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
5) халыққа мәдени қызмет көрсетудің мемлекеттік ең төмен стандарттарын белгілеу;
6) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
7) дарынды адамдарды қолдауды қамтамасыз ету;
8) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау;
9) мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуі мен әкелінуіне, оларға меншік иесі құқығының заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға қатысты шараларды қабылдау;
10) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық-мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шет елдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелікті қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
12) мәдениет саласында ғылыми және білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қолдау;
13) Қазақстан халқының ұлттық мәдени игілігі мен мәдени мұрасын қорғауға және дамытуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени кеңістігін нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ оларды қолдау.»;
3) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) креативті индустрияны дамытуға жәрдем көрсететін заңды тұлғаны айқындайды;»;
4) 7-бапта:
1-1) тармақшадағы «органдарды үйлестіруді және оларға» деген сөздер «органдардың қызметін үйлестіруді және оған» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет, креативті индустриялар, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
3) және 3-1) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-5) тармақшамен толықтырылсын:
«3-5) креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету мен оны ынталандыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
9) тармақша алып тасталсын;
11-1) тармақшадағы «әзірлейді және бекітеді» деген сөздер «айқындайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
21-1), 23-5) және 23-8) тармақшалар алып тасталсын;
25) тармақшадағы «меншік нысандарына қарамастан,» деген сөздер алып тасталсын;
35-1) тармақшадағы «тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын», «тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары» деген сөздер тиісінше «географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын», «географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атаулары» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-2), 35-3), 35-4), 35-5), 35-8), 35-9) және 35-14) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 35-15) тармақшамен толықтырылсын:
«35-15) осы Заңның мақсатына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдениет саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
36) тармақшадағы «функцияларды» деген сөз «өкілеттіктерді» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 8-бап мынадай редакциядағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;».
10. «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Жыныстық белгісі бойынша кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеруге, еңбек жолының, қоғамдық және жеке өмірдің барлық саласында ерлер мен әйелдердің қабілеттерін барынша толық іске асыру үшін саяси алғышарттар мен қажетті әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған, қоғамдағы ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу үшін құқықтық негіздерді құру осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
2) ел халқы арасында ерлер мен әйелдердің тең құқылық мәдениетін тәрбиелеу және насихаттау, жыныстық белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу;
3) халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын және халықаралық міндеттемелерді орындау;
4) саясатты, әлеуметтік-еңбек және отбасы қатынастарын қоса алғанда, тыныс-тіршіліктің барлық саласында жыныстар теңдігін қамтамасыз ету үшін қоғамның құқықтық және саяси мәдениетінің деңгейін арттыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) жыныстық тиесілілігіне қарамастан барлық экономикалық, әлеуметтік, мәдени, азаматтық және саяси құқықтарды пайдаланудың теңдігін қамтамасыз ету;
2) гендерлік сана-сезімді қалыптастыру, қоғамдағы гендерлік стереотиптер мен теріс түсініктерді түбегейлі жою;
3) гендерлік зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік;
4) қауіпсіздікті қолдау және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесу жөніндегі барлық күш-жігерге екі жыныс өкілдерінің тең құқылы қатысуы.».
11-тармақ 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
11. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:
2) тармақша «жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігінде:
2) тармақша «жинақ төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерін немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 98-баптың бірінші бөлігінде:
14-1) тармақша «жинақ төлемдерінен» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдерінен немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдерінен» деген сөздермен толықтырылсын;
18-1) тармақша «жинақ төлемдері түріндегі» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға білім беру жинақтау салымынан төленетін жинақ төлемдері немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша сақтандыру төлемдері түріндегі» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) дауды (жанжалды) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып шешу үшін жағдайлар жасау;
2) тараптардың жанжалдасу деңгейін төмендету.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) тараптарға дауды (жанжалды) медиация арқылы реттеу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
2) медиация тараптарына дауды (жанжалды) шешудің медиация тараптарын қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізуге жәрдемдесуді қамтамасыз ету.»;
2) 8-1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медиация саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
3), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) осы Заңның мақсаттарына, міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;».
13. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты мен міндеттері
1. Ар-ождан бостандығына құқықты қамтамасыз ету, сондай-ақ діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дінге көзқарасына қарамастан, өздерінің ар-ождан бостандығы құқықтарын іске асыруы үшін діни нанымдарды мәжбүрлеп таңуға жол бермей, тең жағдайлар жасау;
2) конфессиялар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, қоғамда діни толеранттылықты қамтамасыз ету;
3) ар-ождан бостандығына құқықты қамтамасыз ету кезінде зайырлы мемлекеттік құрылысты сақтау;
4) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, діни бірлестіктердің Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету.»;
2) 4-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;»;
1-1) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) діни қызмет және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады және оны үйлестіреді;»;
7), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) осы Заң мен Қазақстан Республикасы заңнамасының мақсатына, міндеттеріне қол жеткізу үшін діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;»;
3) 5-баптың 7) тармақшасындағы «бекітеді» деген сөз «келіседі» деген сөзбен ауыстырылсын.
14-тармақ 2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі
14. «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бастапқы білім беру капиталы - салымшының білім беру жинақтау салымына немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша есептеу сомасына есепке жатқызылатын, бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) білім беру жинақтау сақтандыруы - сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде, оның ішінде білім беру жинақтау сақтандыруы шартында белгіленген кезең өткеннен кейін, қайсысы бірінші басталатынына қарай, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын өмірді жинақтау сақтандыруы;»;
2) тармақша «оператор» деген сөзден кейін «бастапқы білім беру капиталын,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын» деген сөздер «бастапқы білім беру капиталын, мемлекет сыйлықақысын және қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақыларын» деген сөздермен ауыстырылсын;