Жеке қорғаныш құралдарын кию және шешу тәртібі
І. ЖҚҚ-ға қойылатын жалпы талаптар ЖҚҚ пайдалану орнына жақын таза аймақта орналасуы тиіс, ластануды болдырмау үшін таза, құрғақ жерде қауіпсіз сақталады. Үй ошағына барған кезде ЖҚҚ қолданар алдында оны таза контейнерде тасымалдау керек. Үй ошағында пайдаланғаннан кейін шығатын жерде шешіледі және В сыныбындағы қалдықтарға арналған сары пакетке салынады. Егер өндіруші көрсетпесе немесе көп рет пайдалану үшін келісілмесе, ЖҚҚ-ы бір рет пайдаланылады. ЖҚҚ әр пациенттен кейін және/немесе процедура немесе медициналық манипуляция аяқталғаннан кейін бірден өзгереді. Зақымдалған немесе ластанған кезде ЖҚҚ-ны дереу ауыстыру керек. Егер қорғаныш көзілдірігі/қорғаныш қалқандары/комбинезон сияқты көп рет пайдалануға болатын ЖҚҚ пайдаланылса, ЖҚҚ өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес әр пайдаланылғаннан кейін зарарсыздандырылуы қажет. ЖҚҚ персоналдың киім мөлшеріне сәйкес таңдалуы тиіс. ЖҚҚ медициналық жұмыс костюмінің үстіне киіледі. ЖҚҚ таза аймақта киіледі. Лас аймақта медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешеді. ЖҚҚ кию және шешу аймағында қолды өңдеуге арналған антисептиктер болуы тиіс. Таза аймақта адамның бойымен бірдей айна болуы керек. Лас аймақта В сыныбының медициналық қалдықтарын жинауға арналған таңбаланған контейнер (пайдаланылған ЖҚҚ-ны жинауға арналған), қол жууға арналған раковина және қолды өңдеуге арналған антисептиктер болады. ЖҚҚ-ны кию ЖҚҚ пайдалануды бақылау жөніндегі жауапты адамның қатысуымен жүргізіледі. Медицина қызметкері науқастың палатасына кіргеннен кейін жауапты адам таза аймақта күту керек. Егер жауапты адам болмаған жағдайда қызметкер көзбен шолып бақылауды жүзеге асыра отырып, айна алдында киінеді. ЖҚҚ пайдалануды бақылау жөніндегі жауапты адам – бұл ЖҚҚ-ны кию/шешу техникасына және биологиялық қауіпсіздік шараларына оқытылған медицина қызметкері. Ол ЖҚҚ-ны кию және шешу кезінде көзбен шолып бақылауды жүзеге асырады.
1. №1 қорғаыш деңгейі.
ЖҚҚ-ны кию
ЖҚҚ-ны кию алдында қолды сабынмен жуып, спирттің негізіндегі антисептикпен өңдеу қажет. 1) Бас киімнің астына шашты салып, оны киіңіз. 2) Арқасында байламдары бар тоқылмаған материалдан бір рет қолданылатын халатты киіңіз. Халат денені мойыннан тізеге дейін, қолдарын білек ұшына дейін толық жабады және арқасында байланады. Мойны мен белінде түймеленеді немесе байланады. 3) Жауапты адам халаттың арқа мен белді толық жабуын бақылайды. 4) Егер сіз оптикалық көзілдірік киген болсаңыз, оны респиратор кигенше шешіңіз. Көзілдірік линзаларын спиртті салфеткамен сүртіңіз. Респираторды киіңіз және оның бетке тығыз жанасуына көз жеткізіңіз. Респиратор пайдаланылатын бет қалқаншасына сәйкес келуі тиіс. Респиратордың жанасуын қамтамасыз ету үшін екі саусақпен мұрын клипсін қысыңыз. Респиратордың жанасуын тексеру үшін бірнеше дем шығарыңыз. Көзілдіріктің имек тұтқасын респиратордың байланымының артына салып, оптикалық көзілдірікті киіңіз. Жауапты адам респиратор байламдарының желкеде орналасуының дұрыстығын тексереді. 5) Қолайлы өлшемдегі стерильді емес нитрил/латекс қолғаптарын киіңіз. Қолғап жеңдердің манжеттерін жабатынына көз жеткізіңіз. Палатаға кіреберісте жауапты адам соңғы тексеруді жүргізеді. · Қолыңызды беттен алыс ұстаңыз · Өзіңіз ұстайтын беттердің санын шектеңіз · Егер олар бүлінген немесе қатты ластанған болса, қолғапты ауыстырыңыз · Қол гигиенасы қағидаларын сақтаңыз. ЖҚҚ-ның бүтіндігі бұзылған жағдайда, ол құсық массаларымен немесе науқастың басқа бөлінділерімен ластанған жағдайда палатадан кетіңіз.
ЖҚҚ-ны шешу
Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешуге арналған аймаққа шығады. 1) Ластанған беттерді ұстамай қолғапты шешеді, қолғапты медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салады. · Қолғаптың сыртқы жағы ластанған! · Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз. · Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз. · Қолғапсыз қолыңыздың саусақтарымен екінші қолыңыздың білек тұсынан ұстап, екінші қолғапты бірінші қолғаптың үстінен тартыңыз. 2) Қолды спирттің негізіндегі антисептикпен өңдеңіз. 3) Халаттың байлауын үзіп, халатты ластанған жағымен ішке қарай бұрап шешіңіз. · Халаттың алдыңғы бөлігі мен жеңдері ластанған! · Егер сіздің қолыңыз халатты шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Байлауды шешу кезінде жеңдердің денеңізге тимеуін қадағалай отырып, халат байламдарын шешіңіз. · Халаттың тек қана ішкі жағын ұстап, халатты мойын мен иықтан сыртқа тартыңыз. · Халаттың сыртын айналдырыңыз. · Халатты жинаңыз немесе түйіндеп байлаңыз және медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз. 4) Қолыңызды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз. 5) Медициналық масканы немесе респираторды шешіңіз. · Медициналық масканың/респиратордың алдыңғы бөлігі ластанған — ҰСТАМАҢЫЗ! · Егер сіздің қолыңыз медициналық масканы/респираторды шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Медициналық масканың/респиратордың төменгі байламдарын немесе иілгіш ленталарын, содан кейін жоғарғы байламдарын ұстап, алдыңғы жағына тимей шешіңіз. · Медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз. 6) Қолыңызды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз. 7) Бас киімді шешіп, медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз. 8) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолыңызды жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.
2. №2 қорғаныш деңгейі.
ЖҚҚ-ны кию
1) Қолды сабынмен жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. 2) Бас киімнің астына шашты салып, оны киіңіз. 3) Респираторды киіңіз (N95 немесе FFP2). Екі саусақпен мұрынға респиратор клипсін басыңыз. Бірнеше дем шығарып, респиратордың тығыз орналасқанына көз жеткізіңіз. Егер сіз оптикалық көзілдірікті киген болсаңыз, оларды респиратор кигенше шешіңіз, көзілдірік линзаларын спирттік салфеткамен сүртіңіз. 4) Қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқаншасын киіңіз, оларды реттеңіз. Егер бет қалқаншасы болмаса, қорғаныш көзілдірігін оптикалық көзілдіріктің үстінен киеді. 5) Арқасында байламы бар мата емес материалдан тігілген халатты пайдаланған кезде. Халат денені мойыннан тізеге дейін, қолды білектің ұшына дейін толығымен жабады және артқы жағына байланады. Мойын мен белге бекітіледі немесе байланады. 6) Комбинезонды пайдаланған кезде. Тоқылмаған материалдан жасалған капюшоны бар қорғаныш комбинезонын ашыңыз. Комбинезон сырғытпасын ашып, оны жоғарыға қарай жылжытыңыз. Комбинезонның оң және сол жақтарын тізбектеп киіңіз. Комбинезонның жоғарғы жағын түзеп, жеңін киіңіз. Комбинезонның сырғытпасын иекке дейін сырғытыңыз. Капюшонды киіңіз. Комбинезон сырғытпасын соңына дейін жабыңыз. Комбинезон клапандарының жабысқақ лентасынан қорғаныш пленкасын алып, оларды оған жапсырыңыз, сырғытпасы мен жағасын жабыңыз. 7) Қолайлы мөлшердегі стерильді емес нитрил/латекс қолғаптарын киіңіз. Қолғап жеңдердің манжеттерін жабатындығына көз жеткізіңіз. 8) Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды.
ЖҚҚ-ны шешу
Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешу үшін лас аймаққа шығады. 1) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру арқылы өңдеңіз. 2) Ластанған бетке тимей, қолғапты шешіңіз, оларды қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. · Қолғаптың сыртқы жағы ластанған! · Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз. · Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз. · Үстіңгі қолғапсыз қолыңыздың саусақтарымен екінші қолыңыздың білек тұсынан ұстап, екінші қолғапты бірінші қолғаптың үстінен тартыңыз. 3) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз. 4) Комбинезон клапандарының жабысқақ лентасын алып, сырғытпасын шешіңіз. Комбинезонның капюшонын шешіңіз. Комбинезон жеңдерін лас жағымен ішіне қарай айналдырып, комбинезонның жеңдерін шешіңіз. Комбинезонның лас жағын ішіне айналдырып, оны толық шешіңіз және оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. Егер су өткізбейтін бахилаларды пайдалансаңыз, оларды киіммен бірге шешіңіз. 5) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру арқылы өңдеңіз. 6) Егер Сіз тоқылмаған материалдан жасалған, арқасында байламы бар халатты пайдаланған болсаңыз, шешу тәртібі № 1 қорғаныш деңгейінде көрсетілген. 7) Қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын шешіңіз. · Көзілдіріктің сыртқы жағы немесе қалқан ластанған! · Егер қолыңыз көзілдірікті немесе қалқаншаны шешу кезінде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Бастағы бауларын немесе көзілдірік тұтқасын көтеріп, көзілдірікті немесе қалқаншаны артқы жағынан бастап шешіңіз. · Егер қорғаныш көзілдірігі немесе қорғаныш қалқаншасын қайта пайдалануға болатын болса, оны өңдеуге арналған арнайы контейнерге салыңыз. Егер олай болмаса, медициналық қалдықтарға арналған контейнерге тастаңыз. 8) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялау ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз. 9) Респираторды шешіп, оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. · Респиратордың алдыңғы бөлігі ластанған — ҰСТАМАҢЫЗ! · Егер қолдарыңыз респираторды шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирт негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Медициналық масканың/респиратордың төменгі жақтағы байламдарын немесе иілгіш ленталарын, содан кейін жоғарғы байламдарын ұстап, алдыңғы жағына тимей алып шешіңіз. 10) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен немесе қолды дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа батыру жолымен өңдеңіз. 11) Медициналық бас киімді шешіп, оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. 12) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолды жуып, қолды спирт негізіндегі антисептикпен өңдейді. Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды. Қолыңызды жуыңыз, душ қабылдаңыз, таза киім киіңіз және таза аймаққа шығыңыз.
3. №3 қорғаныш деңгейі. Ауаны мәжбүрлеп беретін респираторды пайдалану арнайы даярлықтан өтуді талап етеді. Әр түрлі өндірушілердің респираторлары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін, ұйымыңызда қабылданған стандартты операциялық рәсімдерді орындаңыз.
ЖҚҚ-ны кию
1) PAPR батареясының толық зарядталғанына көз жеткізіңіз. 2) қолды сабынмен жуып, оны спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. 3) мата емес материалдардан тігілген капюшонсыз комбинезонды ашыңыз. 4) комбинезон шалбарынан алмай, етікті киіңіз, содан кейін жоғары тартып комбинезонды киіңіз. 5) қолдың үлкен саусағын комбинезон жеңдерінің манжеті жанындағы саңылауға кигізіңіз. Комбинезон сырғытпасын салыңыз. 6) нитрил/латекс қолғапты комбинезон манжеттерін жабатындай етіп киіңіз. 7) ауа үрлеуіш қозғалтқышы бар белдікті киіңіз. 8) қажет болған жағдайда алжапқыш киіңіз. 9) өндірушінің нұсқаулығына сәйкес батареяны тиісті ұяшыққа салыңыз (егер қолданылса). 10) жауапты адам ауа беру түтігін ауа үрлегішпен қосады. Респиратор шлемін (немесе капюшонды) ауа беру түтігімен жалғаңыз. Ауа ағыны индикаторының жұмысын тексеріңіз. 11) PAPR шлемін (немесе капюшон) киіңіз. Жауапты адам оны ауа беру түтігімен жалғайды.
ЖҚҚ-ны шешу
Медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешу үшін лас аймаққа шығады. 1) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. 2) Дезинфекциялау ерітіндісіне батырылған кілемшеге тұрыңыз. 3) Ластанған бетке тимей, қолғапты шешіңіз, оларды қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. · Қолғаптың сыртқы жағы ластанған! · Егер қолдарыңыз қолғап шешкен кезде ластанса, тез арада қолды жуыңыз немесе спирттің негізіндегі қолға арналған антисептикті пайдаланыңыз. · Қолғаптағы қолыңызды пайдаланып, басқа қолғаптың алақан тұсын ұстап, бірінші қолғапты тартыңыз. · Шешілген қолғапты қолғаптағы қолыңызда ұстаңыз. 4) Қолды спирт негізіндегі антисептикпен өңдеңіз. 5) Комбинезон сырғытпасын шешіңіз. Комбинезонның лас жағын ішіне айналдырып шешіңіз. Оны қақпағы жабылатын медициналық қалдықтарға арналған контейнерге салыңыз. 6) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. 7) PAPR шлемін (капюшон) ауа беру түтігімен қосылған жерден ұстап тұрып шешіңіз. Шлемді (капюшонды) қолыңызда ұстап тұрып, ауа беретін түтіктен ажыратыңыз. Дезинфекция аймағына өтіңіз 8) Ауа үрлеуіші мен ауа беру түтігімен қосылған белдікті шешіңіз. 9) Қолды спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. Қолғаптың таза жұбын киіңіз. 10) Қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес PAPR компоненттерін дезинфекциялаңыз. 11) Спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдеңіз. 12) Барлық ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін қолды жуып, спирт негізіндегі қолға арналған антисептикпен өңдейді. Жауапты адам медицина қызметкерінің іс-әрекетін бақылайды. Қолыңызды жуыңыз, душ қабылдаңыз, таза киім киіңіз және таза аймаққа шығыңыз.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 9-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде
1. Осы қосымшада іс-шаралардың мынадай сыныптамасы пайдаланылады: 1) мәдени-ойын-сауық және бизнес іс-шаралар - спектакльдер, концерттер, киносеанстар, театр, концерт, цирк қойылымдары, жарық проекциялық шоулар, конкурстар, фестивальдар, музейлерге, музей-қорықтарға, кітапханаларға және клуб мекемелеріне бару, шерулер, форумдар, конференциялар, көрмелер, клиенттік және корпоративтік іс-шаралар, тұсаукесерлер, тимбилдингтер; 2) жабық үй-жайлардағы іс-шаралар; 3) ашық аспан астындағы іс-шаралар (open air). 2. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысуды жүргізеді және тиісті келісімге қол қояды. 3. Объектіге кіреберісте келушілердің, көрермендер мен қызметкерлердің жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері жоқ адамдарды объектіге жібере отырып, байланыссыз термометрия жүргізу ұйымдастырылады. 4. Ірі объектілерде қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалана отырып, ауаны міндетті түрде зарарсыздандыру жүргізіледі. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады. Көлемі 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайларда кварц, бактерицидті шамдар және ауа рециркуляторларын пайдалану міндетті. 5. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді: 1) расталған COVID-19 жағдайларымен байланыста болғандар; 2) қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) белгілері бар адамдар.
2 -тарау. Театрларға, концерттік ұйымдарға қойылатын талаптар
6. Ашылу алдында объектіде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, толық тазалау жұмысы (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың, концерт залдарының, дайындық бөлмелерінің, музыкалық аспаптардың, реквизиттердің, декорациялардың және т.б. беттерін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу) жүргізіледі. 7. Дайындық кезінде адамдардың саны кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен залдар бойынша бөлінеді. 9. Кіру билеттерін сату кассалары арқылы сатуды қоспағанда, онлайн режимінде жүзеге асырылады. 10. Әлеуметтік дистанциялауды қамтамасыз ету үшін, касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа да орындарда (санитариялық тораптар, гардероб және т.б.) еденге белгілер орнатылады. 11. Дайындық залдарында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жабдықтардың орналасуы немесе қол жетімділігі қамтамасыз етіледі. 12. Киім шешетін бөлмелерде персонал келушілерді бөлу бойынша үйлестіруді жүзеге асырады және жұмыс күнінің соңында жетондарды дезинфекциялау құралдарымен өңдейді. 13. Қызметкерлер сыртта залдардың немесе алаңдардың алдында 50 адамға 1 қызметкер есебінен қауіпсіз қашықтық бойынша кезекті үйлестіруді қамтамасыз етеді. 14. Кіреберісте, холлдарда, фойеде, дәліздерде, лифттілерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады. 15. Объектінің әкімшілігі: 1) қызметкерлер мен әртістер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізуді; 2) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер); 3) халыққа маскамен қызмет көрсетуді; 4) желдету режимін сақтап, профилактикалық тексеру жүргізе отырып (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын; 5) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекция жүргізуін; 6) пайдаланғаннан кейін жинау құралдарын (шелектер, щеткалар, шүберектер) арнайы бөлінген орындарда тиісінше сақтауды; 7) әр 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған бөлмелерді желдетуді; 8) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, құралдарды, үстелдерді, орындықтарды, музыкалық аспаптарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялап, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинауды; 9) үй - жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының (бұдан әрі - ЖҚҚ) және қолғаптардың азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын; 10) дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдарды жіберуді; 11) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған түрінде сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған. 16. Алаңның үздіксіз және жүйелі жұмысы үшін: 1) касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа жерлерде (санитариялық тораптар, гардероб, келушілерді тіркеу, бақылау және билеттер беру пункттері және т. б.) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін еденге белгілер орнатылады; 2) келушілерді ақпараттандыру мақсатында кіреберісте алаң бойынша жүріп-тұру схемасы әзірленеді және орналастырылады; 3) объектінің аумағында сілтеуіш, ескертетін көрсеткіштер (үш тілде) орнатылады; 4) келушілер (көрермендер) үшін алаңда болу бойынша арнайы ұсынымдар (жадынамалар) әзірленеді; 5) кезекте адамдар жиналған жағдайда ыңғайлы және қауіпсіз күту аймақтары жасалады. Келушілерге (көрермендерге) қойылатын талаптар 17. Объектіге кіру негізгі кіреберістен жүзеге асырылады. 18. Келуші келген уақыты кезеңінде маска кию режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс.
3-тарау. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде кинотеатрлардың қызметіне қойылатын талаптар
19. Кинотеатр әкімшілігі қызметтерді сату орындарында, сондай-ақ қол жеткізуді бақылау орындарында адамдардың жиналуын болдырмау мақсатында мынадай шарттарды қамтамасыз етеді: 1) кіру билеттерін сату ресми сайтта немесе арнайы сервистерді пайдалана отырып онлайн жүзеге асырылады, кассалардан билеттерді сатып алу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі; 2) кіру билеттерін бақылауды ұйымдастыру жүйесі әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, турникеттер бойынша кезекті бөле отырып, оңайлатылған схема бойынша жүзеге асырылады; 3) келушілердің қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар қою арқылы әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу; 4) объектіге маскасыз кіруге жол берілмейді, келушілердің объект ғимаратында міндетті түрде маска киюі қамтамасыз етіледі; 5) кинозалда тамақ пен сусынмен кіруге тыйым салу. 20. Қызмет көрсетуші және техникалық персонал жұмысқа тек маскамен жіберіледі. 21. Объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинауды жүргізу (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу); 22. Ұйымға кіреберісте персонал мен келушілердің дене температурасын жанаспайтын немесе жанасатын тәсілмен (электронды, инфрақызыл термометрлер, тасымалданатын тепловизорлар) бақылау. Жіті инфекция белгілері болған кезде қызмет көрсетуге жол берілмейді. 23. Үй-жайды желдету, қызметкерлер мен қонақтардың орындарын вирулицидтік әсер ететін дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, ылғалды жинау және дезинфекциялау. 24. Желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету: 1) желдету режимін сақтауды қамтамасыз ете отырып, объектілердің ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізу; 2) көрермендер залына арналған ішке сору-сыртқа тарату желдеткішінің бөлек жүйелері; 3) сыртқа тарату шахталары арқылы залдарға сыртқы ауаның ұйымдастырылмаған түсуін болдырмау; 4) сору камералары мен желдету жүйесі қондырғыларына дезинфекция жүргізу; 5) желдеткіш жүйесі жабдықтарының қызметтік үй-жайларына бөгде адамдардың кіруін шектеу. 25. Едендегі тиісті таңбалар, сондай-ақ ағындарды бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін қоршаулар мен тосқауыл таспалардан жасалған ирек белгілер. 26. Залдарға дезинфекция жүргізуге (таяныштарды, есік тұтқаларын, кресло шынтақ сүйеніштерін сүрту) 15 минут желдетуді қоса алғанда сеанстар арасында кемінде 30 минут үзілісті сақтау. 27. Келушілерге объекті әкімшілігіне тиесілі қандай да бір мүкәммалды беруге алдын ала дезинфекция (оның ішінде жеке қорғаныш пленкасына буып-түю) жүзеге асырылған және өз бетінше өңдеу үшін дезинфекциялау сулықтарын берген және басқалары болған жағдайда ғана жол беріледі. 28. Мүмкіндігінше өнімді байланыссыз тәсілдермен, оның ішінде тауарларды сату автоматтарының (вендингтік машиналардың) көмегімен сатуды жүзеге асыру ұсынылады. 29. Объекті әкімшілігі қызметкерлерді бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптармен, сондай-ақ қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен қамтамасыз етеді. 30. Объекті әкімшілігі жалпы міндеттермен және өндірістік процестермен байланысты емес әртүрлі бөлімдердің және функционалдық топтардың (әкімшілер, кассирлер, бармендер, кеңсе қызметкерлері, техникалық персонал және т.б.) кинотеатр қызметкерлері арасындағы байланыстарды шектеуді қамтамасыз етеді. 31. Жұмыс орындарында тамақ ішуге тыйым салынады. Тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде - тамақтану бөлмесінде қабылдау керек. 32. Объектінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етуі қажет: 1) кассаларда, кіреберістерде, холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте, сондай-ақ әрбір залға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату; 2) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы); 3) халыққа маскамен қызмет көрсету; 4) одан әрі кәдеге жарату үшін таңбаланған контейнерлерде (полиэтилен қаптар) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды орталықтандырылған жинау; 5) техникалық персоналдың (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде дезинфекциялау жүргізуі; 6) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) тиісінше сақтау;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |