Келу аймағында келушілер музей немесе кесене (мешіт) аумағына кіру үшін кезекке тұрады. Кассадағы билет сатылымы қашықтық сақтаған жағдайда іске асырылады. Келушілер санитариялық аумақта, сауда нүктелерінде еркін жүре алады. Санитариялық аймақта, сауда нүктелерінде адамдардың жиналуын болдырмау үшін олардың алдында 2 метр қашықтықты сақтай отырып арнайы қашықтық белгілерін (турникеттер орналастыруға да болады) салу қажет; 2) күту аймағы – 2 метрлік әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып арнайы орындар бөлінген күтуге арналған алаң болып табылады. Күту алаңына келушілер 15-30 адамнан тұратын топ болып кіреді (музейлердің экспозициялық залдарының көлеміне байланысты: 100 шаршы метрге дейін 15 адам, одан үлкен болса 30 адам). Саны 40 адамнан аспайтын туристік топтарды (1 автобус) бірге қабылдауға рұқсат етіледі (егер де келушілер күту аумағы мен музей ішіне еркін сия алатын болса). Келушілерге ыңғайлы болу үшін көлеңкелі орындарды белгілеу немесе жабық алаңдарды көздеу және оларды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, отыратын орындармен қамтамасыз ету қажет; 3) музейдің ішкі аймағы – экспозициялық залдар мен кассалар (музей ғимаратының ішінде орналасқан кассалар). Кассада билет сату қашықтықты сақтаған жағдайда жүзеге асырылады. Келушілер музей ғимаратына 10-15 адамнан жіберіледі (бұл музейлердің экспозициялық залдарының алаңына байланысты: 90 шаршы метрге дейін - 10 адам, одан үлкен болса - 15 адам). Экспозициялық залдар немесе гидтер санына байланысты келушілер 10-15 адамнан тұратын топтарға бөлінеді (мысалы, төрт залға төрт топ немесе бір гидке бір топтан). Топтағы адамдар саны залдардың алаңына байланысты болады: 100 шаршы метрге дейін 10 адам, одан үлкен болса 15 адам. Әрбір экспозициялық залмен танысу уақыты 10 минут. Егер музейде бір ғана үлкен зал болса 20 минут уақыт бөлінеді. Музейдің ішкі аймағында келушілер 1,5-2 метр қашықтықты сақтауға тиіс. 4) Орналастыру аймағы және (немесе) діни жоралғыларды жөнелту орындары - мешіттер, кесенелер, зиярат мазарлары немесе діни жоралғылар мен табыну орындар. Келушілердің объектіге келуі, күту және онымен таныстыру әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып осы талаптың 82, 83, 84 –тармақтарына сәйкес жүргізіледі. Діни жоралғыларды атқару (құдықтан су алу, ағашқа шүберек байлау және т.б.) музей-қорық қызметкерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Музей-қорық аймағына мал кіргізуге, құрбандық ниетімен оны союға және т.б. әрекеттерге жол берілмейді. 5) Археологиялық қазба аймағы – музей-қорық аумағы немесе одан тыс жердегі археологиялық қазба жұмыстарының орны. Объект музей-қорық аумағында орналасқан болса келушілерді археологиялық қазба жұмыстарымен таныстыру музейдің ішіндегі экспозициялық залдармен таныстырғаннан кейін жүзеге асырылады. Объект музей-қорық аймағынан тыс орналасқан жағдайда келушілерді онымен таныстыру әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 20 адамнан аспайтын топ болса ғана осы талаптың 82, 83 және 84-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Археологиялық қазба орындарымен танысуға музей-қорықтағы гидтер санына байланысты бірнеше топтар жіберуге болады (мысалы, ол музей-қорық аумағынан тыс орналасқан жағдайда бір гидке бір топ). Қашықтықты сақтай отырып 20 адамнан көп емес топтарды археологиялық қазба жұмыстарымен танысу үшін апаруға болады. Археологиялық қазба жұмыстарымен танысуға баратын топтар бағдары бір-бірімен қиылыспауы тиіс. Археологиялық қазба жұмыстарымен танысу уақыты 2 метр қашықтықты сақтай отырып 20-30 минуттан аспауға тиіс.
9-тарау. Мәдениет объектілері жанындағы буфет жұмысына қойылатын талаптар
93. Үстелдер арасында кемінде 2 метр және орындықтар арасында кемінде 60 сантиметр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып орналастырылады. 94. Көрермендер буфетінің бар бағанының алдында еденге әлеуметтік қашықтық бойынша белгі қойылады. 95. Бір рет қолданылатын ыдыс пайдаланылады, содан кейін оны жинау, зарарсыздандыру және белгіленген тәртіппен жою қажет. 96. Азық-түлік өнімдерін сату оралған түрде жүргізіледі. 97. Нан-тоқаш, кондитерлік және өзге де өнімдерді сату тек оралған түрде жүзеге асырылады. 98. Буфет қызметкерлері бір рет қолданылатын маскалармен қызмет көрсетеді. 99. Жіті респираторлық инфекциялар, жоғары температура белгілері бар персонал жұмысқа жіберілмейді. 100. Буфеттің көрнекі қолжетімді жерінде тері антисептигі бар санитайзер орнатылады. 101. Буфет жұмысы аяқталғаннан кейін барлық жанасатын беттерді (үстелдер, орындықтар, бар тағаны және т.б.) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып сүрту жолымен өңдеу жүргізіледі. 102. Буфет аймағы тәртіппен және таза ұсталады.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 18-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде меншік нысанына қарамастан, балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызмет
Объектіге кіруге рұқсат: 1. Жұмыс ауысымының алдында және байланыссыз термометриясы бар ұйымға қабылдау кезінде және бір күн ішінде (көрсеткіштер бойынша) қызметкерлердің күн сайынғы таңертеңгілік сүзгісін, респираторлық аурулар симптомдарының болуына, оның ішінде отбасы мүшелерінде болуын сұрау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында шетелден келген адамдармен қарым-қатынастың болуын қамтамасыз ету, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдары бар (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) адамдар үшін оқшаулау және дереу жедел жәрдем шақыру қамтамасыз етіледі. 2. Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының персоналын (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды соңғы 3 айда қоспағанда) жұмысқа жіберу жұмыс басталғанға дейін 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен COVID-19-ға зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжат бар болған кезде жүзге асырылады. 3. Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарына келу кезінде әрбір бала мен еріп жүретін ересектерді жанааспайтын термометрлермен журналдарда нәтижелерін ресімдей отырып, термометрия жүргізіледі; 4. Ұйым аумағына бөгде адамдар мен автокөліктердің кіруіне жол берілмейді, арнайы автокөлік лагері аумағына кірген кезде дезинфекциялық іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету, тамақ өнімдерін жеткізуші үшін азық-түлікті қабылдау үшін кіреберісте арнайы алаңды жабдықтауға болады; 5. Арнайы алаңда азық-түлікті қабылдау кезінде одан әрі тасымалдауды лагерь қызметкерлері мобильді құрылғыларды (тачкаларды, тасуларды және т.б.) пайдалана отырып жүзеге асырады. Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар буып-түйілген түрде жеткізіледі, одан әрі қаптамаға дезинфекция жүргізіледі; 6. Балаларды қабылдауға қатысатын барлық қызметкерлер маскаларда, тамақ өнімдерін қабылдау-беру кезінде – маскалар мен қолғаптарда болуы керек;
Балалар күндіз болатын ұйымдардың жұмыс процесін ұйымдастыру 7. Мектеп жанындағы лагерьлерді ашу карантин кезеңінде санитариялық қағидалардың талаптары мен санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды қамтамасыз ете отырып, Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттарына (бұдан әрі – Өлшемшарттар) сәйкес жүргізіледі. 8. Әр ауысымды ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жұмыстарын жүргізіледі. 9. Барлық ғимараттарға кірер кезде және асханаға кірер алдында қолды өңдеу үшін тері антисептиктерімен қолды өңдеуге арналған дозатор ұйымдастырылады. 10. Сауықтыру ұйымының жұмысы барысында бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз етілуіне және кулерлер мен мөлшерлегіштерге өңдеу жүргізуге ерекше назар аудара отырып, ауыз су режимін ұйымдастыруды бақылау күшейтіледі. 11. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау) жауапты адам анықталады. 12. Күн сайын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күн сайын ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу, міндетті түрде жанасатын беткейлерді, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды және т. б. өңдеу жүргізіледі. Балалар үшін үй-жайды тікелей толассыз желдетудің болмауы қамтамасыз етіледі. 13. Респираторлық аурулар симптомдары бар және температурасы жоғары балалар анықталған жағдайда, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) келгенге дейін немесе «жедел жәрдем» бригадасы келгенге дейін изоляторға немесе арнайы бөлінген үй-жайға дереу оқшаулау қамтамасыз етіледі; 14. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады. 15. Есептік қажеттілікке, алаңға және өңдеу еселігіне байланысты дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры қамтамасыз етіледі. 16. Профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын, желдету режимін сақтау қамтамасыз етіледі.
Стационарлық демалыс және сауықтыру ұйымдарының (қала сыртындағы лагерьлер, базалар) жұмыс процесін ұйымдастыру
17. Әр ауысымды ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі тазалау жұмыстарын жүргізу; 18. Лагерьдің барлық қызметкерлерінің бір пайыздық кіруін жүзеге асыру; 19. Ауысым жұмысы кезеңінде қызметкерлердің лагерьден тыс жерлерге шығу мүмкіндігін болдырмау; 20. Барлық балалардың лагерьге бір мезетте келуі (бір күнде), сондай-ақ ауысым арасындағы кемінде 2 күн үзілісімен бір мезетте шығуы (қорытынды дезинфекция жүргізу үшін) жүзеге асырылады. Келген күнінен кейін балаларды қабылдауға және ауысым кезінде уақытша шығуға тыйым салынады; 21. Тәулік бойы болатын әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінен (мектеп-интернаттар, балалар үйлері және т. б.) балалар үшін жеке кіру және жеке ауысым ұйымдастыру ұсынылады. 22. Әрбір балаға келу кезінде денсаулық жағдайы туралы құжаттар (079/е нысаны Сауықтыру лагеріне баратын оқушыға медициналық анықтама), инфекциялық аурулармен, оның ішінде COVID-19 бойынша байланыстың жоқ екендігі туралы анықтамалар, келгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын жүргізілген COVID-19 зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі бар құжат болуы тиіс. Осы тармақтың талаптары тәрбиеленушілердің өз қала сыртындағы лагерьлерде демалысын ұйымдастырған, сондай-ақ осы мекеменің тәрбиеленушілері болып табылмайтын балаларды бөгде персоналды тартпай қабылдауға жол бермеген жағдайда балалар үйлеріне (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер және т.б.) қолданылмайды. 23. Барлық ғимараттарға кірер кезде және асханаға кірер алдында қолды өңдеу үшін тері антисептиктерімен қолды өңдеуге арналған дозатор ұйымдастырылады. 24. Күн сайын балалар мен қызметкерлерге термометрия жүргізу, бұл ретте балалардың барынша ажыратылуын қамтамасыз ету, олардың жиналуын болдырмау (әр отрядты жанаспайтын термометрлермен қамтамасыз ету) қамтамасыз етіледі. 25. Респираторлық аурулар белгілері бар және жоғары температуралы балалар анықталған жағдайда, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары) келгенге дейін немесе «жедел жәрдем» бригадасы келгенге дейін изоляторға дереу оқшаулау қамтамасыз етіледі. 26. Медицина қызметкерлерінің (дәрігер және медбике) тәулік бойы міндетті болуы қамтамасыз етіледі, медицина қызметкерлерінің санын балалардың санына байланысты есептеу көзделеді. 27. Қажет болған жағдайда штатқа инфекционист-дәрігерді қосу немесе инефекционист-дәрігердің консультациялық көмегін қамтамасыз ету жөніндегі медициналық ұйыммен шарт жасалады. 28. Кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін балаларды орналастыруды ұйымдастырылады. 29. Сауықтыру ұйымының жұмысы барысында бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз етілуіне және кулерлер мен мөлшерлегіштерге өңдеу жүргізуге ерекше назар аудара отырып, ауыз су режимін ұйымдастыруға бақылау күшейтіледі. 30. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, сулықтар, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды тазалау) жауапты адам анықталады. 31. Күн сайын жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды күн сайын ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізу, міндетті түрде жанасу беттерін, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқалықтарын, жиһаздарды, қол жууға арналған раковиналарды, терезе алды, есік ойықтарын, қосқыштар мен розеткаларды және т. б. өңдеу қамтамасыз етіледі. Балалар үшін үй-жайды тікелей толассыз желдетудің болмауы қамтамасыз етіледі. 32. Дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар (әдістемелік нұсқауларға немесе нұсқаулыққа сәйкес), белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен, оларға қоса берілген нұсқаулықты қатаң сақтай отырып, құралдар қолданылады. 33. Есептік қажеттілікке, алаңға және өңдеу еселігіне байланысты дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры қамтамасыз етіледі. 34. Профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын, желдету режимін сақтау қамтамасыз етіледі. 35. COVID 19-ға күдікті адамдар үшін изолятор көзделеді. 36. Мекемеде жағажай болған жағдайда әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жағажай жабдықтарын (шезлонгтар, аяқойғыштар, суға арналған кулерлер және т. б.) орналастыруды қамтамасыз ету, мүмкіндігінше сигналдық белгілеуді, әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы ақпаратты кіреберіске орналастыру қамтамасыз етіледі. 37. Балаларды тасымалдауға арналған автокөлік салонды дезинфекциялауға жатады (шығар алдында және түсіргеннен кейін), әрі қарай әрбір рейстің алдында дезинфекцияланады, әрі қарай желдетіледі. 38. Жүргізушілерді рейс алдындағы тексеру міндетті термометриямен және нәтижелерді жол қағазында ресімдеумен жүргізіледі, жүргізушілер мен еріп жүретін адамдар маска киіп, оларды міндетті түрде ауыстыра отырып, қажетті жиілікпен және қорғау құралдарымен (антисептиктер) қамтамасыз етілуі тиіс; 39. Балаларды басқа көлік түрлерімен (темір жол, әуе) тасымалдау кезінде ұйымдасқан топтарды бөгде адамдармен қарым-қатынастардан барынша оқшаулауды қамтамасыз етіледі, алдын ала дайындалған бағыттар бойынша жеткізу жүзеге асырылады.
Тамақтануды ұйымдастыру
40. Ас блогында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды күшейту; 41. Қызметкерлердің жұмыс орындарында тамақтануына тыйым салу, тамақты тек арнайы бөлінген бөлмеде-қол жууға арналған раковинамен (ыстық және суық су келтірумен) жабдықталған, күнделікті дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ету арқылы тамақ ішу бөлмесінде ғана қабылдау; 42. Бөлмелерде балалардың тамақ ішуіне тыйым салу; 43. Асханада балалардың тамақтануын ұйымдастыру үстел арасында кемінде 2 метрден қашықтықты сақтау жүзеге асырылады.
Персонал үшін сақтық шаралары
44. Барлық қызметкерлерге COVID-19 бойынша карантин кезінде профилактикалық шараларды сақтау; 45. Қызметкерлер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде маска киюі (маска ылғалданған жағдайда, бірақ кемінде 3 сағатта 1 рет ауыстырылады), арнайы киіммен, тері антисептиктерімен және дезинфекциялау құралдарымен жетк3л3кт3 к-лемде қамтамасыз етілуі тиіс. 46. Ас блогы қызметкерлерінің жұмысы жеке қорғаныш құралдарын (маскалар, қолғаптар) пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. 47. Тазалаушыларға дезинфекцияны жеке қорғаныш құралдарын: униформа, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізу қажет. 48. Дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі. 49. Персоналдың жеке және өндірістік гигиенаны сақтау үшін жағдайлар (санитариялық тораптардың, санитайзерлердің жұмыс істеуі, жуу және антисептикалық құралдардың, қағаз сүлгілердің және дәретхана қағаздарының үнемі болуы) қамтамасыз етіледі. 50. Бір рет қолданылатын медициналық маскалардың (жұмыс ауысымының ұзақтығына және 3 сағатта 1 реттен кем емес маскаларды ауыстыруға байланысты) немесе көп рет қолданылатын қорғаныш маскаларының (келесі қолдану алдында жуылатын және термиялық өңделетін), сондай-ақ бір рет қолданылатын немесе көп рет қолданылатын қолғаптардың (бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын), дезинфекциялайтын сулықтардың немесе қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерінің азайтылмайтын қоры қамтамасыз етіледі. Бір рет қолданылатын маскаларды қайталап пайдалануды болдырмау. Пайдаланылған ЖҚҚ-ны жинауды пакеттерге жүргізу, одан әрі қатты тұрмыстық қалдықтар ретінде кәдеге жарат. 51. Егер келген кезде немесе болған кезде балаларда аурудың кез келген белгілері (жөтел, әлсіздік, жоғары температура және т. б.) байқалса, қызметкерлер арасында ден қою жоспары және жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқау беруді қамтамасыз ету;
Балаларға арналған сақтық шаралары
52. Көрінетін және қол жетімді жерлерде қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерін орнатуды көздеу; 53. Жеке гигиенаны сақтау үшін жағдайларды қамтамасыз ету (санитариялық тораптардың, санитайзерлердің жұмыс істеуі, жуу және антисептикалық құралдардың, дәретхана қағаздарының үнемі болуы); 54. Ауа-райы жағдайын ескере отырып, балалардың қатысуымен ашық ауада іс-шараларды барынша көп өткізуді қамтамасыз ету; 55. Жұмыс режимін ұйымдастыру және балалардың бос уақытын ұйымдастыру отрядтарды барынша оқшаулау жағдайында (үйірмелер, қызығушылықтары бойынша сабақтар) жүзеге асырылады; 56. Гигиеналық тәрбие бойынша педагогикалық жұмысты күшейту, жеке гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ақпараттандыру, профилактика шараларын, әлеуметтік қашықтықты (жадынама) сақтау.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 20-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар
I. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі Infokazakhstan.kz сайтында жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды 2. Қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі: 1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу); 2) персонал мен келушілердің дене температурасын жанаспайтын тәсілмен бақылау. Жіті инфекция белгілері болған кезде қызмет көрсетуге жол берілмейді; 3) объекті әкімшілігі келушілердің периметрі бойынша кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып, объектінің түскі ас залдарында бір мезгілде болуын қамтамасыз етеді; үстелдер арасындағы қашықтық орындықтар арасында кемінде 1,5 м және 60 см болуы тиіс; 4) объектінің аумағына маскасіз кіруге және онда болуға тыйым салынады. 5) масканы тек тамақ ішу кезінде ғана алуға жол беріледі; 6) объектіні қорғау қызметі және еріктілік қызмет келушілердің, қызметкерлердің маска киюін, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақталуын міндетті түрде қадағалайды; 7) объектінің персоналы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, персоналдың маскасыз жұмыс істеуіне жол берілмейді. 8) асханалық үстелдерді және жиһаздарды, үстел үстелдерін, үстел жабдықтарын (солонок, перечниц, соусницалар, салфетник және т. б.) әр келушіден кейін құрамында спирт бар тазалау құралдарымен тазалау қажет; 9) «швед үстелі» жүйесі бойынша тағамдар ұсынатын объектілерде тамақпен тікелей жанасуды болдырмайтын шыны қалқаның болуы міндетті. Бұл ретте даяшының міндетті қызмет көрсетуі қамтамасыз етілуі тиіс; 10) келушілерді хабардар ету мақсатында әкімшілік объектідегі әлеуметтік қашықтық жоспарын әзірлеуі және адамдар жиналуы мүмкін орындарды көрсете отырып, кіреберісте орналасуы тиіс; 11) объектіде шотты төлеу кезінде келушілердің байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте әрбір пайдаланудан кейін құрылғыны дезинфекциялау құралымен сүрту қажет; 12) объектілердің үй-жайларын әр сағат сайын, қажеттілігіне қарай жиі желдетуді қамтамасыз етуге; бұл ретте өндірістік бақылау журналына тіркей отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге міндетті 13) балалардың ойын аймақтары бар объектілердің әкімшілігі мұндай аймақтарды кемінде үш сағатта 1 рет санитариялық өңдеуді қамтамасыз етеді. Бұл ретте мұндай аймақтарда ұсақ ойыншықтар мен конструкторларды пайдалануға жол берілмейді. 3. Объектінің меншік иесі мыналарды қамтамасыз етуі қажет: 1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау) жауапты адамды анықтау; 2) кіреберісте, сауда залдарының холлдарында, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлерді орнату; 3) еденге тиісті белгілер қою, әлеуметтік қашықтықты сақтау және келушілердің қозғалысын бағыттау үшін қоршаулар мен тосқауыл ленталарын орнату, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу; 4) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена және бақылау ережелерін сақтау қажеттілігі, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау; 5) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) қамтамасыз етіледі); 6) халыққа қызметті қолды антисептиктермен өңдей отырып, ауысымда кемінде екі рет және бүтіндігі бұзылған кезде ауыстыруға жататын масканы киіп (келушілермен тікелей байланысы бар қызметкерлер) көрсету; 7) техникалық персонал (тазалаушы) дезинфекцияны жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып, арнайы киімде жүргізуі қажет; 8) жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды; 9) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдету; 10) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, таяныштарды, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, күніне кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау); 11) табиғи желдету болмаған жағдайда ауаны зарарсыздандыру қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалана отырып жүзеге асырылады. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады. 12) үй-жайларды жинау, қызметкерлердің қолдарын өңдеу үшін дезинфекциялық және жуу құралдарының, тыныс алу органдарының ЖҚҚ-сының азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз ету; 13) дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі; 14) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабық сақтауға міндетті. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған. 4. Қоғамдық тамақтандыру объектісінің қызмет көрсетуші персоналының мекеме жабылғаннан кейін, қоғамдық тамақтандыру объектісі жабылғаннан кейін белгіленген жұмыс режиміне сәйкес қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкес мекемені ашу үшін дайындық жұмыстарын және үй-жайлар мен жабдықтарды жинау жөніндегі жұмыстарды немесе өзге де қажетті жұмыстарды жүргізуге құқығы бар.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |