Қазақстан Республикасының (2018.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI ҚР Заңын қараңыз (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы 3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі 4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері 4-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар 6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағымемлекеттік бақылау мен қадағалау 6-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау 7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі 8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы 9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату 10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату 11-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері 12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері 13-бап. Жәбірленушінің құқықтары 14-бап. Сақтандыру сомасының мөлшері 15-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері 16-бап. Сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен 18-бап. Экологиялық аудит жүргізу 19-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың жалпы талаптары 20-бап. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі 21-бап. Зиян келтірген тұлғаға кері талап қою құқығы 22-бап. Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатудың негіздемесі 22-1-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі дауларды реттеу ерекшеліктері 23-бап. Дауларды қарау тәртібі 25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жәбірленуші - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген тұлға; 2) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы кезінде болған авариялардан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға тастау немесе жер беті учаскесінде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түріндегі ластаушы заттардың жайылуы немесе иістің, шудың, тербелістің, радиацияның пайда болуы немесе электромагниттік, температуралық әсер, жарықтың әсері немесе сол уақыт үшін жол берілетін деңгейден асатын өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету болып табылатын қоршаған ортаның кенеттен абайсызда ластануы; 3) міндетті экологиялық сақтандыру - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басталуы кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (сақтандырушылардың) заңды мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастар кешені; 4) міндетті экологиялық сақтандыру шарты - сақтандырушы мен сақтанушының арасында осы Заңда белгіленген талаптармен жасалатын шарт; 5) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға; 6) сақтандыру жағдайы - басталуына орай міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) сақтандыру омбудсманы - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға; 7) сақтандыру сомасы - міндетті экологиялық сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы; 8) сақтандыру сыйлықақысы - сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме қабылдағаны үшін сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы; 9) сақтандыру төлемі - сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы пайда алушыға сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы; 10) сақтандырушы - сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға шартта айқындалған сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті заңды тұлға; 11) сақтандырылушы - өзіне қатысты міндетті экологиялық сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға; 12) сақтанушы - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын, сақтандырушымен міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан жеке және (немесе) заңды тұлға; 13) үшінші тұлғалар - міндетті экологиялық сақтандырудан туындайтын рәсімге тартылған және мүдделеріне нұқсан келтірілген құқық қатынастары субъектілері; 14) уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері; 15) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген, қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндеті; 16) шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі - әрекеті нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қызметі.
2-бап. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Осы Заң «Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен еттелген құқық қатынасына қолданылмайды. 3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру объектісі Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірген зиянын өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі міндетті экологиялық сақтандыру объектісі болып табылады.
4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері 1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу болып табылады. 2. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері: шығындарды өтеудің кепілдігі; тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі; қоршаған ортаның авариялық ластануының алдын алуды экономикалық ынталандыру болып табылады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Мiндеттi экологиялық сақтандыруды жүзеге асырудың ерекшелiктерi 1. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу бойынша бiр сақтандырушыларға басқаларының алдында негiзсiз артықшылықтар беруге немесе алуға, сақтанушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған қызметке жол берiлмейдi.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жататын тұлғалар Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті экологиялық сақтандыруға жатады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
6-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру саласындағымемлекеттік бақылау мен қадағалау 1. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңда белгіленген міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Сақтандыру ұйымдарының қызметін мемлекеттік қадағалауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Ақпараттық өзара іс-қимыл жасау Қоршаған ортаның авариялық ластану жағдайлары және олардың салдары туралы ақпаратқа ие уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, прокуратура органдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар осы ақпаратты сақтандырушыға, сақтанушыға (пайда алушыға), сақтандыру омбудсманына олар өтініш жасаған кезде беруге міндетті.
7-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты және оны жасасу тәртібі 1. Міндетті экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушының арасында өміріне, денсаулығы мен мүлкіне зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғалардың және (немесе) зиян келтірілуі мүмкін қоршаған ортаның пайдасына осы Заң мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын шарттың негізінде жүзеге асырылады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қызметін міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасаспай жүзеге асыруға құқылы емес. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын объектінің иесі біреуден көп болған кезде, міндетті экологиялық сақтандыру шарты объектінің барлық иелерін сақтандырылушылар ретінде сақтандыру полисінде міндетті түрде көрсете отырып, олардың кез келген біреуімен жасалады. 2. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында моральдық зиянды, қолдан шығарып алған пайданы өтеу мен тұрақсыздық айыбын төлеуді қоспағанда, сақтанушы шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асырған кезде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделеді. 3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті сақтандырудың осы түрі (сыныбы) бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиіс. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерікті. Сақтандырушы сақтанушыға міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес. 4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жазбаша нысанда жасалады. Сақтанушының өтініші міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін негіз болып табылады. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында көрсетілуге тиісті талаптардың толық болмағаны үшін жауапкершілікті сақтандырушы өз мойнына алады. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешіледі. 5. Сақтандыру полисі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 826-бабында тізбелеп көрсетілген талаптардан басқа, сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшерін қамтуға тиіс. Міндетті экологиялық сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен оны ресімдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді. Сақтандыру полисі бланкісін дайындауға және оның телнұсқасын ресімдеуге жұмсалған шығыстарды сақтанушы (сақтандырылушы) өтейді, бұл ретте өтелетін шығыстардың жалпы сомасы өтініш берген күнгі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс. 6. Егер сақтандыру міндеті жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе міндетті экологиялық сақтандыру шартын сақтандырылушының жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасаса, бұл тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде, сақтандырылушының алдында тиісінше сақтандыру кезінде сақтандыру төлемі жүзеге асырылуы тиіс болатын талаптар деңгейінде жауаптылықта болады.
8-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы 1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбірленуші деп танылған тұлғаларға қатысты қолданылады. 2. Жауапкершілігі осы Заңның 5-бабына сәйкес міндетті экологиялық сақтандыруға жататын сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектінің иесі ретінде сақтандырылған жағдайда, міндетті экологиялық сақтандыру шарты қоршаған ортаға зиян келтірілгені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бөлігінде ғана жасалады. 3. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген күннен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. 4. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты күшіне енген күнінен бастап кемінде он екі ай қолданылады. 5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледі.
9-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату Міндетті экологиялық сақтандыру шарты: 1) шарттың қолданылу мерзімі аяқталған; 2) шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған; 3) сақтандырушы міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асырған жағдайларда тоқтатылды деп саналады.
10-бап. Міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату 1. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады. 2. Міндетті экологиялық сақтандыру шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін мынадай мөлшерлерде қайтарып алуға құқығы бар:
11-бап. Сақтанушының құқықтары мен міндеттері 1. Сақтанушы: 1) сақтандырушыдан міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша міндетті экологиялық сақтандыру талаптарын, өзінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді талап етуге; 2) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға; 4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жүргізген келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есептерімен танысуға; 5) міндетті экологиялық сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын мәселелерді реттеу үшін осы Заңның 22-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырушыға не сақтандыру омбудсманына немесе сотқа жүгінуге; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) өтінішті және қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына (тікелей сақтандыру омбудсманына, соның ішінде оның интернет-ресурсы арқылы не сақтандырушы, соның ішінде оның филиалы, өкілдігі арқылы) жіберуге; 7) осы Заңда көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін алуға құқылы. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін. 1) сақтандыру сыйақыларын міндетті экологиялық сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде төлеуге; 2) сақтандырушыға сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы хабарлауға; 3) сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге; 4) қоршаған ортаның авариялық ластануы кезінде ықтимал залалдарды болғызбау немесе азайту үшін қалыптасқан жағдайларда ақылға қонымды және қолдан келетін шаралар, соның ішінде мүліктерді аман алып қалуға және зардап шеккен тұлғаларға көмек көрсетуге шаралар қолдануға; 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) қоршаған ортаның авариялық ластануы жөнінде және зардап шеккен адамдар туралы тиісті органдарға олардың құзыретіне орай (мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына, медициналық жедел жәрдем қызметіне, авариялық қызметтерге) хабарлауға; 6) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға кері талап қою құқығының сақтандырушыға ауысуын қамтамасыз етуге міндетті. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
12-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері 1. Сақтандырушы: 1) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мәліметтерден басқа, осы Заңға сәйкес міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасу үшін қажетті мәліметтерді, соның ішінде міндетті экологиялық сақтандырудың бұрынғы шарттары, сақтандыру жағдайлары мен сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты табыс етуді талап етуге; 2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушіге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға; 3) сақтанушыдан қоршаған ортаның ластану тәуекелін бағалау үшін қажетті, болған сақтандыру жағдайының себептері, мөлшері мен салдарлары туралы толық және дұрыс ақпарат алуға; 4) сақтандыру жағдайының басталу себептері мен өзге де мән-жайларын белгілеу үшін қоршаған ортаға келтірілген зиянды, жәбірленушінің (пайда алушының) бүлінген (жойылған) мүлкін бағалауды жүргізуге; 5) қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшерін бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы тартуға; 6) қоршаған ортаның сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі және одан кейінгі жай-күйіне және сақтанушы жүзеге асыратын шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлеріне өз зерттеулерін жүргізуге; 7) осы Заңның 21-бабында көзделген жағдайларда зиян келтірілгені үшін жауапты тұлғаға кері талап құқығын қоюға; 8) осы Заңның 22-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемдерін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа де құқықтары көзделуі мүмкін. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) сақтанушыны міндетті экологиялық сақтандыру талаптарымен, оның ішінде міндетті экологиялық сақтандыру шартынан туындайтын құқықтармен және міндеттермен таныстыруға; 2) табыс етілген құжаттардың толық тізбесін және олар қабылданған күнді көрсете отырып, өтініш берушіге анықтама беруге; 3) міндетті экологиялық сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға сақтандыру полисін беруге; 4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алған кезде оны дереу тіркеуге; 5) қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) қоршаған ортаға келтірілген зиянның мөлшеріне сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша бағалау жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есебін көрсете отырып, сақтандыру актісін жасауға және оны жәбірленушіге (пайда алушыға) танысу үшін беруге; 6) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) сақтандыру жағдайының басталу фактісін және сақтандырушы өтеуге тиісті зиянның мөлшерін растайтын құжаттар жеткіліксіз болған кезде оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жетіспейтін және (немесе) дұрыс ресімделмеген құжаттардың толық тізбесін көрсете отырып, бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға; 7) сақтанушыға оның сақтандыру жағдайы кезінде зиянды болғызбау немесе азайту мақсатында шеккен шығыстарын өтеуге; 8) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге; 9) сақтандыру полисі жоғалған жағдайда, сақтанушының жазбаша өтініші негізінде оған сақтандыру полисінің телнұсқасын беруге; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 10) сақтандыру төлемінен бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда осындай шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде сақтанушыға бас тарту себептерінің жазбаша негіздемесін жіберуге; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды 11) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) өтінішті алған кезде бес жұмыс күні ішінде сақтанушының (жәбірленушінің, пайда алушының) талаптарын қарауға және дауды одан әрі реттеу тәртібін көрсете отырып, жазбаша жауап беруге; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды 12) сақтанушыдан (жәбірленушіден, пайда алушыдан) сақтандыру омбудсманына жіберілетін өтінішті алған кезде осы өтінішті, сондай-ақ оған қоса берілетін құжаттарды сақтандыру омбудсманына алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта жіберуге міндетті. Міндетті экологиялық сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
13-бап. Жәбірленушінің құқықтары 1. Жәбірленуші: 1) сақтанушының (сақтандырылушының) шаруашылық немесе өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарлауға; 2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтандырушыға табыс етуге; |