Сауда қызметін реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-II Қазақстан Республикасының Заңы (2018.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары 3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары 4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу 5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері 6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті 7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 7-1-бап. Алып тасталды 9-бап. Сауда қызметі саласында баға белгілеу 10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi 14-бап. Сауда қызметiндегi сатып алу-сату шарты 3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу 14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау 15-бап. Алып тасталды 15-1-бап. Алып тасталды 16-бап. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу 17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу 18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу және сан жағынан шектеулер 18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі 18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері 19-бап. Алып тасталды 20-бап. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық 21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) 22-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану 5-тарау. Сауданың өзге түрлері 25-бап. Тапсырыс бойынша сауда 26-бап. Шекара маңындағы сауда 28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметі 29-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру 30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау 6-тарау. Сауда қызметi субъектiлерiне және тауарларға қойылатын талаптар 31-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар 32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар 32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары 33-бап. Алып тасталды 33-1-бап. Тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылау 35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық 36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы органдардың», «жергілікті атқарушы органдар», «жергілікті атқарушы органдармен» деген сөздер «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттік реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) - жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты серпінін мониторингтеу мақсатында белгіленетін уақытша шара; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1) арзандатылған тауар - кемшілігінің болуына не кемшілігінің жойылуына байланысты төмендетілген бағамен өткізілетін тауар; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды 1-2) әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер - квоталарды белгілеу жолымен енгізілуі мүмкін тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөніндегі шаралар; 2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi - бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, сауда қызметiнің субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы; 3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары - әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі; 4) бөлшек сауда - сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-1) жаппай сату - тиiсiнше сападағы тауарларды төмендетілген бағамен өткізу; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-2) кедендік әкелу бажы - тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде кеден органдары алатын міндетті төлем; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды; 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 4-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-3) кедендік әкету бажы - тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары алатын міндетті төлем; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) кедендік баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі - белгіленген тарифтік квотадан артық әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшері (шамасы); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемесі - белгіленген тарифтік квота шегінде әкелінетін немесе әкетілетін тауарларға белгіленетін кедендік әкелу немесе әкету бажының мөлшерi (шамасы); 7) көтерме сауда - кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет; 8) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9) рұқсат - автоматты түрде лицензиялау (қадағалау) белгіленген тауар нысанасы болып табылатын, сыртқы сауда шартының (келісімшартының) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін арнайы құжат; 10) сауда алаңы - тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) сауда базары - аумақта шаруашылық қызмет ету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өрт қауіпсіздігі, сәулет-құрылыс талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де талаптарға сәйкес келетін сауда қызметіне арналған оқшауланған мүліктік кешен; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11) сауда желiсi - сауда базарларын қоспағанда, ортақ басқарудағы және бiрыңғай коммерциялық белгi және дараландырудың өзге де құралдары аясында пайдаланылатын, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы; 12) сауда қызметi - жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 14) сауда қызметiнің субъектici - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15) сауда объектiсi - құрал-жабдықпен арнайы жарақтандырылған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды 15-1) сауда орны - тауарлар сату кезінде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын құрал-жабдықпен жарақтандырылған орын; 16) сауда саясаты - осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 16-1) стационарлық емес сауда объектісі - инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық біріктірілуінің) болуына немесе болмауына қарамастан жермен берік байланысы жоқ уақытша құрылыс немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды 16-2) стационарлық сауда объектісі - жермен берік байланысқан және инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылған (технологиялық біріктірілген) ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай), құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгі (қосарлас, қосарлас-жапсарлас, жапсарлас салынған үй-жай); 17) сыртқы сауда (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметi) - тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды 17-1) сыртқы сауда қызметінің қатысушылары - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18) тарифтiк квота - кедендiк әкелу немесе әкету бажының қолданыстағы мөлшерлемесiмен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу немесе әкету кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелу немесе әкету бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесiн қолдануды көздейтiн, жекелеген тауарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi немесе Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді реттеу шарасы; 19) тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi; 20) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды 20-1) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық - тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты сыртқы сауда қызметін ерекше лицензия негізінде жүзеге асыру; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21) тауарлар тобы - функциялық мақсатында ұқсастығы бар тауарлар жиынтығы; 21-1) халықаралық мамандандырылған көрме - бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін: ресми болып табылатын немесе халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған; екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушылар болып табылатын; көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын; өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрменің басталу және аяқталу күні көрсетілген көрме; 21-2) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы - заттарды (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің мүддесін білдіретін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым не жеке немесе заңды тұлға; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 21-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 21-3) халықаралық мамандандырылған көрменiң аумағы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген тіркеу құжатында көзделген және халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзу туралы халықаралық шарттың ережелерін орындауды бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекітетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін жер учаскелерi; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-4) тармақша жаңа редакцияда 21-4) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану - бұл халықаралық мамандандырылған көрменің обьектілерін басқару (пайдалану); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 21-5) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 21-5) халықаралық мамандандырылған көрменiң объектiлерi -ғимараттар, сәулет объектiлерi, құрылыстар, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы және халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан, оны өткізуден кейін қалған өзге де объектілер; 22) iрi сауда объектiсi - сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi; 23) iшкi сауда - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 24), 25) және 26) тармақшалармен толықтырылды 24) электрондық сауда - ақпараттық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет; 25) электрондық саудадағы делдал - электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін тұлға; 26) электрондық саудаға қатысушылар - электрондық саудаға сатып алушы, сатушы және (немесе) делдал ретінде қатысушы жеке және заңды тұлғалар.
2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді 3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары 1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары: 1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту; 2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу; 4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау; 5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады. 2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi қағидаттары: 1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi; 2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың сауда қызметiне араласпауы; 3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау; 4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау; 5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету; 6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi; 7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретіндегі бiрлiгi; 8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету; 9) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістерін қолданудың біртұтастығы; 10) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын әзірлеу, қабылдау және қолдану кезіндегі жариялылық; 11) сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу шараларын қолданудың негізділігі, объективтілігі мен ашықтығы болып табылады.
2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және сауда қызметiнiң барлық субъектiлерiне қолданылады. 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Заңның күшi: 1) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды. Қазақстан Республикасының бұл заңнамалық актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру осы Заңның нормаларымен реттеледi; 2) қаржы ұйымдарының қызметіне байланысты, сондай-ақ қаржы құралдарымен операциялар жасауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау өзгертілді; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 2-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу
5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері 1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары: 1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау; 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауданы жүзеге асыруы кезінде тауарларды өткізу шарттарын айқындау; 3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру; 4) сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау; 5) сертификаттау болып табылады. 2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері: 1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу; 2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу; 4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану; 5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.
2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) - 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) сауда қызметi саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады; 10) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; 11) уәкiлеттi органды айқындайды; 12) - 14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14-1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны құрады; 14-2) 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды 14-3) қарсы шаралар қолдану туралы шешім қабылдайды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 14-4) тармақшамен толықтырылды 14-4) тыйым салулар мен шектеулердің ерекше түрлерін қолдану туралы шешім қабылдайды; 15) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылды 1-1) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады; 1-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-1) әкелу немесе әкету кедендiк бажы қолданылатын тауарлар тiзбесiн, мөлшерлемелер көлемiн және олардың қолданылу мерзiмiн, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекiтедi; 2-2) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi; 5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) тармақша 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi7-1-бап.8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi9-бап. Сауда қызметі саласында баға белгілеу 3-тарау. Iшкі сауда10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi11-бап. Көтерме сауда12-бап. Бөлшек сауда13-бап. Қоғамдық тамақтандыру14-бап. Сауда қызметiндегi сатып алу-сату шарты 3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау 4-тарау. Сыртқы сауда қызметі15-бап.15-1-бап.16-бап. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу16-1-бап. Тарифтік квоталар17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу және сан жағынан шектеулер18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі18-2-бап. Қарсы шаралар 18-3 бап. Тыйым салулардың және шектеулердің ерекше түрлері19-бап.20-бап. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерiн автоматты түрде лицензиялау (қадағалау)22-бап. Арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану 5-тарау. Сауданың өзге түрлері23-бап. Аукциондық сауда24-бап. Комиссиялық сауда25-бап. Тапсырыс бойынша сауда26-бап. Шекара маңындағы сауда27-бап. Көшпелi сауда28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметі29-бап. Электрондық сауда29-1-бап. Электрондық сауданы жүзеге асыру30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау 6-тарау. Сауда қызметi субъектiлерiне және тауарларға қойылатын талаптар31-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар31-1-бап. Сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi - дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары 7-тарау. Қорытынды ережелер33-бап.33-1-бап. Тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылау33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау34-бап. Дауларды шешу35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |