Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2022.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 14 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2017.09.08. № 486 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.16.04. № 389 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 130) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Желі, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді жасау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. «Желілер, штаттар, контингенттер туралы мәліметтерді түзу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2003 жылғы 31 наурыздағы № 58 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 2254 болып тіркелген). 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|