|
|
|
Түркістан облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы
Осы редакция 2021 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мен, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлы, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104-бабына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысына, «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысына, «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 02 қыркүйектегі № 38 қаулысына, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСД № 42), «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ 293/2020 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы отырысының хаттамасына сәйкес «COVID-19» аурушаңдығы мен вирусты пневмонияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Түркістан облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары кезең-кезеңмен жеңілдетілсін. 2. Түркістан облысының аудан, қала әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, өнеркәсіп орындарының меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың басшылары: 2.1. ҚР БМСД № 42 қаулысының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастау қамтамасыз етілсін; 2.2. ҚР БМСД № 42 қаулысының 3-қосымшасына сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде); 2.3. «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің жұмыс режимі ҚР БМСД № 42 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес рұқсат етілсін. 2.4. қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебесі» (вакцинациясы немесе теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне демалыс күндері рұқсат етілсін; 2.5. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары бекітілсін; 2.6. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысымен бекітілген 1, 2, 3, 5-қосымшаларының алгоритмдері талаптарының орындалуы бақылансын; 2.7. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер берілуі назарға алынсын: 1) «жасыл» аймақтағы жобаға қатысушыларға жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады; 2) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады. 3. Түркістан облысының қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға: 3.1. «Ashyq» жобасына қатыспайтын нысандарда бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, форумдарды, мерекелік корпоративтерді және т.б.), отбасылық іс-шараларды (үйлену тойы, мерейтой, беташар, қыз ұзату, құдалық) және көпшілік жиналатын өзгеде іс-шараларды, сонымен қатар тұрғылықты мекен жайы бойынша (үйде) өткізуге тыйым салынсын; 3.2. қоғамдық орындарға (бөлмелерде, кәсіпорындарда, мекемелерде, базарларда, сауда объектілерінде, қоғамдық көліктер және т.б.) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ, ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде кию, 1,5-2 м. әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын; 3.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат берілсін; 3.4. Түркістан облысындағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат берілсін; 3.5. спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат берілсін; 3.6. 65 жастан асқан адамдардың аудан, қалаларда қажеттілік туындамаған жағдайда жүруі шектелсін. 4. Түркістан облысының қала және аудан әкімдеріне, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының басшысына, Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығына, Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысына, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларына, заңды тұлғаларға, кәсіпкерлік субьектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі объектілердің қызметіне рұқсат етілсін: 4.1. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режим сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналарға жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде рұқсат етуді, сонымен қатар, берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етуді; 4.2. әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, маска кию режимін сақтаған 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға; 4.3. ашық ауада жеке және топтық жаттығулар (5 адамнан артық емес); 4.4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың: мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резерваттардың және басқа нысандардың (бетперде киген жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып) қызметі; 4.5. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып автожанармай, газ құю станциялары, АЖБ жанындағы дүкендер, дәріханалар, телекоммуникация қызметі. 5. Меншік нысанына қарамастан Түркістан облысының жеке кәсіпкерлеріне және заңды тұлғаларға, кәсіпорындарының, ұйымдарының, мемлекеттік мекемелердің басшыларына: 5.1. мекемелерде халыққа қызмет көрсету кезінде, маска, қолғаптар кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң түрде сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілер қызметкерлерін уақтылы ауыстырылатын қолғаптармен және температураны өлшеуге арналған аспаптармен жеткілікті қамтамасыз ету; 5.2. қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер, беткейлерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету) қамтамасыз ету. 6. Түркістан облысының қала және аудан әкімдеріне, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, Түркістан облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына, Түркістан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына: 6.1. қалалық қоғамдық көліктерде бетперде кию режимін қатаң қадағалау, жолаушылар үшін қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатуды бақылау; 6.2. қоғамдық көліктерде және аялдамаларда адамдардың көп шоғырлануын болдырмау мақсатында біркелкі қозғалыс кестесін белгілеу, жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында «қарбалас сағаттарда» қоғамдық көлік санын ұлғайтуды және қоғамдық көлікті соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу; 6.3. Түркістан облысының аумағын (саябақтар, скверлер, балалар ойын алаңдары, көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен баспалдақ алаңдары) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді ұйымдастыру; 6.4. Түркістан облысының аумағында, шағын аудандарда, тұрғын алаптарында, көп қабатты үйлер мен ұйымдар аумағын жоспарлы-тұрақты тазартуды, қоқысты уақтылы шығаруды, қоқысқа арналған контейнерлерді тазалауды, жууды және дезинфекциялауды, қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдарды тазалықта ұстауды қамтамасыз ету. 7. Түркістан облысының аудан, қала әкімдері, қоғамдық денсаулық басқармасы, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, өнеркәсіп орындарының меншік нысанына қарамастан қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшылары: 7.1. осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген ұйымдардың егілмеген қызметкерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін міндетті ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) өткізуді қамтамасыз етілсін; 7.2. облыс бойынша, профилактикалық егуге жоспарланған халық санын (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) ескере отырып КВИ-ға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жалғастырсын; 7.3. профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін; 7.4. COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектесін. 8. Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысына, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының басшысына: 8.1. COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыруды және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды қамтамасыз ету; 8.2. COVID-19-ға үлгілерді алуға және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған тест-жүйелердің, диагностикумдардың, шығыс материалдарының азаймайтын қорын қамтамасыз ету; 8.3. Тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана тестіленетін адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда журналға беру уақытын, қабылдаған адамның ТАӘ мен лауазымын тіркей отырып, 2 сағат ішінде Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне телефон арқылы хабардар етсін. Кейіннен 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі берілсін; 8.4. медициналық ақпараттық жүйелерді «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК зертханалық ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етсін. 9. Түркістан облысының аудан, қала әкімдері, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысына, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығына, ҚР ҰЭМ бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысына, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының басшысына: 9.1. Түркістан облысы бойынша дәрілік заттардың болуы және шекті бағаның сақталуы бойынша мониторингтік топ құрылсын; 9.2. Түркістан облысы бойынша дәрілік заттардың болуы және шекті бағаны сақталуы бойынша мониторинг жүргізілсін; 9.3. Жүргізілген мониторингтің қорытындысы тиісті органдарға жолдансын. 10. Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілеріне: Объектілер өз қызметін «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 02 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген алгоритмдеріне сәйкес жүзеге асырылсын. 11. Күші жойылсын деп танылсын: 11.1. Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 27.08.2021 жылғы № 19 қаулысы; 11.2. Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 03.09.2021 жылғы № 20 қаулысы. 12. Қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. 13. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволарға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін. 14. Түркістан облысының аудан және қала әкімдері, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін. 15. Осы қаулы 2021 жылдың 27 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 21 қаулысына 1-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
«+» - қызметіне рұқсат етілген; «✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен); «-» - қызметіне тыйым салынған;
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 21 қаулысына 2-қосымша
Егілмеген қызметкерлері ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі тиіс объектілер тізімі
- қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өнеркәсіп орындары, өзге де объектілер); - халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің; - мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары); - халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар); - жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің; - білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың; - санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар); - қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың; - барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары); - денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың; - дәріхана ұйымдарының; - тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары); - экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың; - демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар); - байланыс және телекоммуникация объектілерінің.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |