<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ...

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысы

(2024.05.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілiп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже;

  • Показать изменения

2) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

3) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

6) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

7) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

9) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

10) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

11) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

12) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 237 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

13) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

  • Показать изменения

4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы заңдарына сәйкес 2019 жылғы 11 сәуірде қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағындағы орталық аппарат функцияларының 434-28), 434-39), 434-40), 434-41), 434-42), 434-43), 434-44) және 434-45) тармақшаларын және 17-тармағының 364) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.03. № 237 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2022.23.06. № 418 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 6 сәуірдегі

№ 310 қаулысымен

бекітілген

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы

 ереже

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2022.29.12. № 1101 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2023.04.10. № 863 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.05.02. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:

1) агроөнеркәсіптік кешен;

  • Показать изменения

2) суармалы егіншілік және агромелиорация;

  • Показать изменения

3) жер ресурстары;

  • Показать изменения

4) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру;

  • Показать изменения

5) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін сақтау және өсімін молайту бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

6) заңнамада көзделген шекте өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2024.05.02. № 68 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

  • Показать изменения

1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;

  • Показать изменения

2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі;

  • Показать изменения

3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері мен өзінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

6. Министрліктің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2022.19.10. № 834 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 14 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, № 3 кіреберіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11. Министрліктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12. Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  • Показать изменения

Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеттері мен өкілеттіктері

 

ҚР Үкіметінің 2024.05.02. № 68 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

13. Міндеттері:

  • Показать изменения

1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салаларда даму жоспарларын, ұлттық жобаларды қалыптастыру;

  • Показать изменения

2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құру негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету;

4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

5) өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

6) жер ресурстарын ұтымды және тиімді басқаруды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

  • Показать изменения

7) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

  • Показать изменения

8) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

14. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

  • Показать изменения

мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;

  • Показать изменения

Министрлік қызметкерлерінің біліктілігі мен даярлығын арттыруды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тарту;

  • Показать изменения

құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

  • Показать изменения

Министрліктің құзыретіне кіретін қызмет саласындағы халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;

ведомстволардың аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету;

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;

  • Показать изменения

қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

  • Показать изменения

2) міндеттері:

  • Показать изменения

өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;

жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формалды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;

  • Показать изменения

әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;

әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдау орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету;

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;

әкімшілік актіні Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не оның өкілдерінің назарына жеткізу;

ведомстволардың, олардың аумақтық органдарының, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;

Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;

  • Показать изменения

қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

ҚР Үкіметінің 2022.26.10. № 850 Қаулысымен (2022 ж. 8 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.19.10. № 834 Қаулысымен (2022 ж. 14 қарашадан, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.15.11. № 903 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.22.09. № 729 Қаулысымен (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.16.03. № 222 Қаулысымен (2023 ж. 31 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.11.05. № 361 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.12.06. № 459 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.07. № 598 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.26.09. № 835 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.04.10. № 863 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2024.05.02. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді

  • Показать изменения

15. Функциялары:

  • Показать изменения

1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді:

  • Показать изменения

астықты өндіруді және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыруды мемлекеттік қолдау;

  • Показать изменения

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы техникалық саясат;

  • Показать изменения

2) мынадай салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:

  • Показать изменения

өсімдіктер карантині;

  • Показать изменения

өсімдіктерді қорғау;

  • Показать изменения

селекция және тұқым шаруашылығы;

  • Показать изменения

ветеринария;

  • Показать изменения

балара шаруашылығы;

  • Показать изменения

жайылымдарды пайдалану және қорғау;

  • Показать изменения

балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру;

  • Показать изменения

2-1) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді;

  • Показать изменения

2-2) агроөнеркәсіптік кешен және ауылдық аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады;

  • Показать изменения

3) ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 598 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3-1) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

3-2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

  • Показать изменения

4) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады:

  • Показать изменения

жайылымдарды басқару, суландыру, пайдалану және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі;

  • Показать изменения

агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;

  • Показать изменения

тұқым шаруашылығы;

  • Показать изменения

балара шаруашылығы;

  • Показать изменения

ветеринариялық-санитариялық бақылануға және қадағалануға тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;

  • Показать изменения

өсімдіктер карантині;

  • Показать изменения

өсімдіктерді қорғау;

  • Показать изменения

ветеринария;

  • Показать изменения

асыл тұқымды мал шаруашылығы;

  • Показать изменения

органикалық өнім өндірісі және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру;

  • Показать изменения

биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу және қолдау;

  • Показать изменения

балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру;

  • Показать изменения

4-1) азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды, жолданымдарда, хабарларда, үн қатуларда, ұсыныстарда, сұраныстарда халық көтеретін жүйелі проблемаларды уақтылы және толық қарауды, талдауды, мониторингтеуді және анықтауды, олар бойынша шешімдер қабылдауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

5) ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылатын схемаларын әзiрлейді және бекiтеді;

  • Показать изменения

6) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі жөніндегі келісімнің (меморандумның) үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

7) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі жөнінде келісім (меморандум) жасайды;

  • Показать изменения

8) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

9) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын тұжырымдайды, өз құзыретi шегiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы халықаралық жобаларды iске асырады;

  • Показать изменения

10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринария, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегi мемлекеттiк iс-шараларды ұйымдастырады;

  • Показать изменения

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

12) қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

13) мыналардың:

  • Показать изменения

агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың;

  • Показать изменения

азық-түлік тауарларының бағалары мен нарықтарының;

  • Показать изменения

азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізеді;

  • Показать изменения

14) өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысандарын және есептілікті ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;

  • Показать изменения

15) агроөнеркәсіптiк кешен субъектiлеріне өтеусiз негізде берілуге жататын ақпарат пен көрсетiлетiн қызметтердің тiзбесiн әзiрлейді;

  • Показать изменения

15-1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының оңтайлы нысандарын дамыту үшін агроөнеркәсіптік кешен салаларын айқындайды;

  • Показать изменения

15-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және ауылдық аумақтарда қалыптасатын жер қатынастарын реттейді;

  • Показать изменения

15-3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесін бекітеді;

  • Показать изменения

15-4) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланудағы мүліктің жекелеген түрлері туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жалпы пайдаланудағы мүлікті пайдалану қағидаларын бекітеді;

  • Показать изменения

15-5) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;

  • Показать изменения

16) өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

  • Показать изменения

17) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

18) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, баға, техника, кеден, салық, кредит, сақтандыру қызметi, сондай-ақ агроөнеркәсіптiк кешен саласындағы техникалық реттеу және мемлекеттің саясаты саласындағы мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзеді;

  • Показать изменения

19) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерін техникалық жарақтандыру және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;

  • Показать изменения

20) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

21) инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

  • Показать изменения

21-1) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

22) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

  • Показать изменения

23) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

  • Показать изменения

24) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткізу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

  • Показать изменения

25) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

  • Показать изменения

26) топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

27) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі мен оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

28) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзiрлейдi және бекітеді;

  • Показать изменения

29) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша:

  • Показать изменения

суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуге арналған заттай нормаларды;

  • Показать изменения

суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдалану шығындарына арналған материалдар шығыстарының заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

30) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын бекітеді;

  • Показать изменения

31) ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оны өңдеуден алынған өнімдердің табиғи кему, кебу, азаю, бұзылу нормаларын әзiрлейдi және бекітеді;

  • Показать изменения

32) агроөнеркәсiптiк кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

  • Показать изменения

33) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;

  • Показать изменения

34) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;

  • Показать изменения

35) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;

  • Показать изменения

36) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асыру және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;

  • Показать изменения

37) ауылдық елді мекендерге тартылатын агроөнеркәсіптік кешен мамандары лауазымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

38) реттелетін салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіреді және оларға әдістемелік басшылық жасайды;

  • Показать изменения

39) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтың көлемі мен бағалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;

  • Показать изменения

40) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастырады;

  • Показать изменения

41) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

42) «Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

43) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің республикалық көрмелерін, жәрмеңкелерін ұйымдастырады;

  • Показать изменения

44) субсидияларды алушы міндеттемесінің нысанын әзiрлейдi және бекітеді;

  • Показать изменения

45) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнің мониторингi мен оны бағалауды жүргiзуін ұйымдастырады;

  • Показать изменения

46) ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 598 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

47) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

48) ішкі нарыққа реттеушілік әсер ету үшін азық-түлік астығын өткізу кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компанияның шеккен шығыстарын өтеуді субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

49) ауылдық жерлерде микрокредит беру жүйесін дамыту мониторингін жүзеге асырады;

  • Показать изменения

49-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

50) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

51) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

52) мыналарды:

  • Показать изменения

мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды;

  • Показать изменения

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды;

  • Показать изменения

акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіру шаруашылығын дамытуды;

  • Показать изменения

өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды;

  • Показать изменения

ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;

  • Показать изменения

ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын;

  • Показать изменения

отандық ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу үлесін ұлғайтуды;

  • Показать изменения

агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін;

  • Показать изменения

ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды;

  • Показать изменения

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;

  • Показать изменения

облигациялар бойынша купондық сыйақыны;

  • Показать изменения

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеуге және ендіруге арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

53) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

  • Показать изменения

54) өз мүшелері үшін жұмыстарды (қызметтерді) орындау (көрсету) бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметі түрлерінің тізбесін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі өз мүшелеріне өткізетін тауарлардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;