Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы (2014.10.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөздер деп есептелсін
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға; 2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi; 4) қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 5) қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы; 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңымен 6) тармақша өзгертілді; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) қаржылық көрсетілетін қызметтер - сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, орталық депозитарийдің, бірыңғай тіркеушінің және өзара сақтандыру қоғамдарының лицензиялауға жатпайтын қызметі; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) қаржы өнімі - бұл қаржы нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шеңберінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсыну үшін қаржы ұйымы әзірлеген көрсетілетін қызмет.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi 1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары: 1) қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау; 2) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) қаржы рыногында адал бәсекенi қолдауға бағытталған қаржылық ұйымдардың қызметi үшiн тең құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары: 1) реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану; 2) қаржы ұйымдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы; 3) қаржы ұйымдарының жауапкершілігі болып табылады. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың міндеттері: 1) қаржылық ұйымдар қызметiнiң стандарттарын белгiлеу, қаржылық ұйымдарды корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру жағдайларын жасау; 2) қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдардың мониторингi; 3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы рыногының қауiпке неғұрлым бейiм салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Қаржы рыногында уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу 1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген тиiстi лицензиясы жоқ тұлғалардың қаржы рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруына жол берiлмейдi. 2. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясынсыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады.
5-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер Уәкiлеттi органның қаржылық ұйымдар үшiн олардың қаржы тұрақтылығын және қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында белгiлейтiн экономикалық шектеулер пруденциялық нормативтер болып табылады. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда уәкiлеттi орган пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi шоғырландырылған негiзде белгiлеуге құқылы.
6-бап. 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
2005.08.07. № 69-III ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді 7-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi 1. Уәкiлеттi органның мiндеттерi: 1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды iске асыру; 2) қаржылық ұйымдардың тиiстi түрлерiнiң адал бәсекелестiк принциптерiнде жұмыс iстеуi үшiн тең жағдай жасау; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану болып табылады. 2. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген өзге де мiндеттердi iске асыруды қамтамасыз етедi.
11.06.04 ж. № 562-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді 9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi 1. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарының қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында: 1) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдарды ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат бередi және оны керi қайтарып алады, сондай-ақ аталған рұқсаттар мен келісімдердi беру тәртібін айқындайды; 2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерi лауазымдарына адамдарды сайлауға (тағайындауға) келісім бередi не келісім беруден бас тартады, сондай-ақ аталған келісімдi берудiң не беруден бас тартудың тәртібін айқындайды; 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда қаржы нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру тәртiбiн белгiлейдi, көрсетілген лицензияларды бередi, олардың қолданысын тоқтата тұрады және олардан айырады; 4) қаржылық ұйымдар, қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағында орындалуы мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады; 5) қаржылық ұйымдар үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi; 5-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың уәкілетті органның талаптарын орындауын айқындауға арналған ішкі рәсімдерді бекітеді; 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 6) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғалары есептілігінің (қаржылық есептiлiктi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, табыс ету мерзiмдерi мен тәртібін белгілейді; 7) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) қаржылық ұйымдар, банк және сақтандыру холдингтері акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 8) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда және шектерде, оның iшiнде аудиторлық ұйымды тарту арқылы қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметiн тексередi; 8-1) қаржы рыногында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы уәкілетті органға өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексереді; 9) қаржылық ұйымдарға, қаржылық ұйымдардың ірі қатысушыларына, банк және сақтандыру холдингтеріне, банк конгломераттары мен сақтандыру топтарының қатысушыларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулi ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларын және санкцияларды, оның ішінде тәуекелді азайту мақсатында қолдану тәртiбiн айқындайды және оларды қолданады; 9-1) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолданады; 10) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып, қаржылық ұйымдардың лекцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды; 11) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда қаржылық ұйымдардың тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады; 12) қаржылық ұйымдар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылды 12-1) қаржы ұйымдары қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға ұсынуы үшін уәкілетті органның келісімін талап ететін қаржы өнімдерінің тізбесін (түрлерін) белгілейді; 12-2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда, қаржы ұйымдарына олар қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім береді, сондай-ақ көрсетілген келісімді беру тәртібін айқындайды. 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Уәкiлеттi орган қаржылық ұйымдарға және олардың аффилиирленген тұлғаларына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып: 1) қаржылық ұйымдар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының қаржылық жай-күйiн айқындау; 2) қаржылық ұйымдармен олардың аффилиирленген тұлғаларының басқарма құрылымының және шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн айқындау; 3) қаржылық ұйымдардың аффилиирленген тұлғаларын айқындау; 4) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау және оның алдын алу; 5) қаржылық қызмет көрсету немесе қаржы құралдарын шығару жөніндегі уәкiлеттiк берiлмеген қызметтi анықтау және оның алдын алу мақсатында тексеру жүргiзуге құқылы. 2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының және Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операциялар жүргізуді тоқтата тұру және одан бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында банктерде, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде өз өкілінің (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы. 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген функциялар мен өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 4. Уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қаржылық ұйымдардың қызметiне араласуға құқылы емес.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-1-бап өзгертілді; 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері 1. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында уәкілетті органның қызметкерлері арасынан өзі тағайындайтын өз өкілін банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқарушыларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының біріндегі өкілдер санын уәкілетті орган айқындайды. 2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады. 3. Уәкілетті орган банктегі, инвестициялық портфельді басқарушыдағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы. 4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады. 5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсаттарында мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін талдайды; 2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сұрау салуларының, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды; 3) банкте, инвестициялық портфельді басқарушыда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді; 4) банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) (бұдан әрі - банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады; 5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына қатысады. 1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсаттарында осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарынан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысандағы мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға; 2) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қол жеткізуге құқығы бар. 1) өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының табыс етпеуі немесе уақтылы табыс етпеуі, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіруі, осы қаржы ұйымдарының тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабарлауға; 2) уәкілетті органның банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті. 8. Өкіл жіберілетін банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы: 1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге; 2) өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге; 3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге; 4) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қолжетімділікті қамтамасыз етуге; 5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті. 9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады. Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейінгі бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған банкке, инвестициялық портфельді басқарушыға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жұмысқа қабылдана алмайды. Өкіл банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды. 10. Осы баптың 2 - 9-тармақтарының талаптары уәкілетті органның банктегі және сақтандыру холдингтеріндегі өкіліне қолданылады.
ҚР 2005.23.12. № 107-III Заңымен 10-бап толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi Уәкiлеттi орган банк қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында: 1) жеке және заңды тұлғалардың банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және оған ие болуына рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуына ие болуына рұқсат беру тәртібін айқындайды, аталған келісімдерді және рұқсаттарды береді не беруден бас тартады; 2) банктердiң меншiктi капиталының ең аз мөлшерiн белгiлейдi; 3) банктердiң резервтiк капиталын қалыптастыру жөніндегі талаптарды белгiлейдi; 4) банк конгломераттары үшiн пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi; 5) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) активтердi және шартты мiндеттемелердi сыныптау мен оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгiлейдi. Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және сенiмсiз санаттарға жатқызу тәртібін мемлекет алдында салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн мемлекеттік органмен келiсе отырып айқындайды; 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 7) банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi; 8) банктiң аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін айқындайды және оларды қолдану туралы шешiм қабылдайды; 9) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктi консервациялау туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (банктi уақытша басқарушыны) тағайындайды; 2008.23.10. № 185-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 9-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды; 2007 ж. 19 ақпанындағы өзгерістерді қара (ресми түрде жаряланған күннен бастап 6 ай өткенде қолданысқа енді) 10) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында көзделген барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындайды; 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады. |