Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2018 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін. 2. «Қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2072 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген
Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
Осы Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
1. Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу (бұдан әрі - мемлекеттік сатып алу) мыналарды: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын болса, құқықтық тәртіп пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|