Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы (2015.29.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2016 ж. 1 наурызға дейін қолданылған редакция
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жылжымайтын мүлік орталықтарының», «жылжымайтын мүлік орталығының», «жылжымайтын мүлік орталықтары», «жылжымайтын мүлік орталығына», «жылжымайтын мүлік орталығын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары» деген сөздер тиісінше «жылжымайтын мүлік орталықтарының және олардың филиалдарының», «жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының», «жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары», «жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына», «жылжымайтын мүлік орталығын және оның филиалын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң жылжымалы мүлiкке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатында осындай мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн белгiлейдi.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) жылжымалы мүлiк - көлiк құралдары, айналымдағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүлiктiк құқықтар, соның iшiнде болашақтағы өнiмге және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен жылжымайтын мүлiкке жатқызылмаған өзге де мүлiкке құқық; 2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне кепiл талаптары бар (кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш) кепіл туралы шарттағы немесе өзге шарттағы мәлiметтердi енгiзу жөнiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың iс-қимылдары жиынтығын, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк берудi және тiркеушi органдардың және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтарының және олардың филиалдарының осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi; 3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) - мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар; 4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк - тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат; 5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) - тiркеушi органдар және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi; 6) өтiнiш берушi - тiркеушi органға және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсiмi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады; 7) тiркелген кепiл - осы Заңда белгiленген тәртiппен тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлi; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) уәкілетті ұйым (бұдан әрі - жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалдары) - жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдерін тіркеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын.
2-бап. Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 3-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар 1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар: 1) кепiл берушi, кепiл ұстаушы; 2) тiркеушi органдар; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары; 3) үшiншi тұлғалар. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Тiркеушi органдардың және (немесе) жылжымайтын мүлік орталықтарының және олардың филиалдарының қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдар, ал жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiмен жасалған кепiлдi тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметiне заң актілерімен уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік орган жүзеге асырады. 4-бап. Мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу 1. Мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi заңдарға сәйкес осы мүлiктi тiркеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген орган жүзеге асырады. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi. 3. Кепiлдерi мiндеттi түрде тiркелуге жататын мүлiк түрлерi, меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, сондай-ақ оны тiркеудi жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласындағы мемлекеттік монополия 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары жүзеге асырады. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі: 1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша; 2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркелуге тиіс. 2. Мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлiн тiркеу: 1) егер кепiл берушi заңды тұлға болып табылатын жағдайда, заңды тұлғаның тiркелген орны бойынша; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) егер жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсiпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепiл берушi болып табылған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі тіркелген тізілімді жүргізуге міндетті. 4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, сондай-ақ Заңда берiлген өкiлеттiк шегiнде жылжымалы мүлiк кепiлiнiң жекелеген түрлерiн тiркеуге уәкiлеттi мемлекеттік органдар жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi жүргiзу ережелерi мен рәсiмдерiн белгiлейтiн ведомстволық актiлер шығаруға құқылы. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-11 Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi 1. Эмиссиялық бағалы қағаздар кепiлiн тiркеу бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылған бағалы қағаздар кепiлiн тiркеуге осы Заңның 8-бабының ережелерi қолданылады. Қара: Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы № 77-1 Заңың; Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы ҚР 1997 жылғы 5 наурыздағы № 78-1 Заңың 1-1. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 2. Қоғам үшiн елеулi тарихи (оның iшiнде археологиялық), көркемдiк немесе өзге де мәдени құндылығы бар мүлiк кепiлiн тiркеу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 3-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара) 3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 4-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара) 4. Ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеудi тiркеушi орган алғашқы өтiнiш жасаған кезде бiр рет қана жүргiзедi. Бұл ретте, тiркеушi орган кепiл тізілімін жүргізуді жүзеге асырады. 7-бап. Жеке кәсiпкерлердiң, жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу құқықтары Жылжымалы мүлiктiң кепiлi кезiнде жеке кәсiпкер, жеке немесе заңды тұлға кепiлдi кепiл берушi ретiнде де, кепiл ұстаушысы ретiнде де тiркей алады. 8-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң құқықтық маңызы 1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кепiл берушiнiң аталған мүлкiне үмiткер кепiл ұстаушылардың талаптарына қатысты кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгiн (күнiн) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң және басқа да заң актілерінiң ережелерiне сәйкес белгiлейдi. Әрбiр алдыңғы тiркелген кепiл ұстаушы барлық өзiнен кейiн тiркелген кепiл ұстаушылардың алдында, сондай-ақ осы мүлiктiң тiркелмеген барлық кепiл ұстаушыларының алдында мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету кезiнде басымдыққа ие болады. 2. Мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлi құқығы, егер кепiл туралы шартта (кепiл талаптары бар өзге шартта) немесе заң актілерінде неғұрлым кеш мерзiм көзделмесе, аталған мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын органда жылжымалы мүлiк кепiлi тiркелген сәттен бастап пайда болады. 2-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртібі
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш 1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына не халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi. 1) тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының атауы; 2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi (жеке тұлға үшiн); 3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны; 4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы (кепiл нысанасы туралы мәлiметтер); 5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы; 6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолтаңбасы және заңды тұлға үшiн мөрi (ол болған кезде); 8) кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепiл туралы мәліметтер; 9) өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы (бар болған жағдайда) қамтылуы тиіс. Өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуi тиiс. Өтінішті тiркеушi органға және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына не халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берген кезде өтініш беруші - жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті. 3. Өтінішпен бірге кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары қамтылған өзге шарт ұсынылады, ол өтініште қамтылған мәліметтерді тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалы тексергеннен кейін тіркеу туралы белгі соғылып, өтініш берушіге қайтарылады. 4. Осы Заңда көзделгеннен басқа қандай да бір өзге құжаттар мен мәлiметтерді талап етуге жол берiлмейдi. 5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалы өтініш түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тiркелген кепiлдiң өзгерістерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттік тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiппен алым алынады.
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 9-2-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 9-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 9-2-бап. Ақпараттық қызметтер көрсету және өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен тiркеу құжаттарында жол берiлген қателердi түзету үшiн төлемақы Ақпараттық қызметтер көрсеткенi үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен тiркеу құжаттарында жол берiлген қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 9-3-бап. Жылжымалы мүлік кепілін екінші деңгейдегі банктер арқылы электрондық тіркеу тәртібі 1. Жеке немесе заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банкпен кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге шарт жасасқан жағдайда, екінші деңгейдегі банк жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша келісімімен тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған, кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтініш жібереді. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтініштің мазмұны осы Заңның 9-бабының 2-тармағымен айқындалады. Жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге арналған өтінішке кепіл беруші мен кепіл ұстаушының электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілі туралы шарт немесе кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге шарт және жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың деректемелері туралы мәліметтер қоса беріледі. Тіркеуші орган қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және кепіл ұстаушыға «электрондық үкіметтің» веб-порталына тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті не тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жібереді. 2. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді 10-бап. Тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының мiндеттерi 1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалы: 1) өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды алғандығын растайтын, күнi, уақыты (сағаты, минуты) көрсетiлген қолхат беруге; 2) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне (оның iшiнде деректердiң компьютерлiк базасына) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштегi деректердi енгізуге; 3) өтiнiш берген адамға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруге; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті. 2. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу құжаттарды қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күні iшiнде жүргiзiлуге тиiс. 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 2-1. Жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның төленгені туралы немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 3. Тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалы ұсынылған жылжымалы мүлiк кепiлi туралы шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 307-бабына сәйкес тек нысанды белгiлерi бойынша тексередi. 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 11-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тарту 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалы: 1) егер кепiл туралы шарт немесе кепiл талаптары бар өзге де шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 307-бабының талаптарына сәйкес келмеген; 2) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеген; 3) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi тұлға жасамаған; ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді 4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаған жағдайларда, кепiлдi тiркеуден бас тартады. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалы құжаттардың қабылданған сәтiнен бастап екі жұмыс күнi iшiнде заң талаптарының бұзылғандығына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш жасаушыға жазбаша дәлелдi тiркеуден бас тартуды жолдайды. 3. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тартуға не оны тiркеуден жалтаруға мүдделi тұлға сот тәртібімен шағым жасай алады. 4. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР 03.06.03 ж. № 427-11 Заңымен 12-бап толықтырылды 12-бап. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi 1. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне жылжымалы мүлiк кепiлi және кепiл туралы шарттың тараптары туралы мынадай деректер кiредi: 1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi, уақыты (сағаты мен минуты); 2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушы туралы деректер, олардың мекен-жайлары (деректемелерi); 3) құжаттардың тiркеу нөмiрлерi; 4) негiзiнде кепiлдiк құқық қатынастары пайда болған құжат туралы мәлiметтер; 5) кепiл туралы шарт немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны; 6) кепiл мәнi болып табылатын мүлiктiң тiзбесi мен сипаттамасы; 7) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы; 8) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi. 2. Жылжымалы мүлiк кепiлi тiзбесiне осы кепiл туралы өзге де мәлiметтер енгiзiлуi мүмкiн. 3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепiлдi тiркеу кезiнде кепiл тiзiлiмiне кепiл берушi мен аталған облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы деректер енгiзiледi. Кепiл ұстаушылар туралы деректер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде көрсетiледi. 13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк 1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөніндегі куәлiкпен куәландырылады, онда мыналар болады: 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының атауы; 2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке адам үшiн); 3) кепiл туралы шартты немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны және оның нөмiрi; 4) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы; 5) кепiл мәнi туралы мәлiметтер; 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалы берген тiркеу нөмiрi; 7) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Тiркеу туралы куәлiкке уәкiлдiк берiлген лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының мөрiмен куәландырылады. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3-жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тiркеушi орган тіркеуші орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы және оның филиалы өздері берген куәліктерге қатысты екі жұмыс күні ішiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын бередi. 4. Тiркеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда сот тәртібімен жарамсыз болып танылуы мүмкiн. 14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi 1. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркелуi кепiл тоқтатылғанға дейiн қолданылады. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiміндегі кепiл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл ұстаушы тіркеуші органға немесе жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына кепiл берушiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағанын растайтын жазбаша өтiнiш пен қажеттi құжаттар беруге мiндеттi. Кепiл ұстаушы осы мiндеттердi орындамаған немесе уақытында орындамаған жағдайда кепiл берушi өзiне келтiрiлген зиянның өтелуiн талап етуге хақылы. 15-бап. Тiркеу кезiнде жiберiлген қателердi түзеу 1. Тiркеу кезiнде жiберiлген техникалық қателердi түзеу жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiне, сондай-ақ кепiлдi тiркеу туралы куәлiкке қосымша жазба енгізу арқылы мүдделi тараптың өтiнiшi бойынша жасалады. 2. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара) 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 16-бап. Өзгерістердi, толықтыруларды тiркеу және тiркелген кепiлдiң тоқтатылу тәртібі Өтiнiш берушi тiркеушi органға және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына өтiнiш беру арқылы өзгерістер мен толықтыруларды (оның iшiнде меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын беру және т.б.) және тiркелген кепiлдiң күшiн тоқтатуды тiркейдi. Өзгерістер мен толықтыруларды тiркеу тәртібі заңдармен белгiленедi. 17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерістердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш 1. Жылжымалы мүлiктiң тiркелген кепiлiне өзгерістердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiште бастапқы тiркелген кепiлге сiлтеме, кепiл туралы шартқа жасалған өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және т.б.), тiркелген кепiлдi тоқтатудың негiздерi болуға тиiс. 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) |