Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 5-4 «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016-2018 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 16-5 шешімі
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-10 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ: 1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 5-4 «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2016-2018 жылдары субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастар тізбелерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4517 тіркелген, 2016 жылғы 20 тамыздағы «Орал өңірі» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) қалалық және қала маңындағы автомобиль қатынастарының тізбесі 3-қосымшаға сәйкес айқындалсын.» көрсетілген шешімнің 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|