Қазақстан Республикасының (2015.23.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 406-V Заңын қараңыз (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы 3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері 4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттері 5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері 6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары 7-бап. Көшіп келушілер болып табылмайтын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар 2-тарау. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны процестерін басқарудың мемлекеттік жүйесі 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті 11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті 12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті 13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті 15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті 3-тарау. Тарихи отанына оралу мақсатында көшіп келу 16-бап. Алып тасталды 17-бап. Алып тасталды 18-бап. Оралман мәртебесiн беруге өтiнiш берудiң тәртiбi 19-бап. Алып тасталды 21-бап. Қазақстан Республикасының аумағына келген этникалық қазақтарға оралман мәртебесiн беру 22-бап. Алып тасталды 24-бап. Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру 25-бап. Оралман мәртебесінің тоқтатылуы 26-бап. Оралмандардың құқықтары мен міндеттері 4-тарау. Отбасын біріктіру мақсатында көшіп келу 27-бап. Шақырушы адамдар және шақырушы адамдардың отбасы мүшелері 28-бап. Отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келуге виза алудың тәртібі 29-бап. Отбасын біріктіру мақсатында келген көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері 5-тарау. Білім алу мақсатында көшіп келу 30-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілер 31-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің келу шарттары 32-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілерге келуге виза берудің шарттары 33-бап. Білім алу мақсатында келетін көшіп келушілердің негізгі құқықтары мен міндеттер 6-тарау. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында көшіп келу 34-бап. Еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында келетін көшіп келушілердің санаттары 35-бап. Шетелдік қызметкерлердің келу шарттары 36-бап. Шетелдік қызметкерлерге келуге виза беру шарттары 39-бап. Бизнес-көшіп келушілердің келу және оларға виза беру шарттары 41-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлердің келу және болу шарттары 42-бап. Маусымдық шетелдік қызметкерлерді тарту шарттары 43-1-бап. Еңбекші көшіп келушілердің келу және болу шарттары 43-2-бап. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру тәртібі 7-тарау. Гуманитарлық және саяси уәждер бойынша көшіп келу 44-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің санаттары 45-бап. Саяси уәждер бойынша келетін көшіп келушілер 46-бап. Гуманитарлық уәждер бойынша келетін көшіп келушілердің келу және келуіне виза беру шарттары 47-бап. Саяси уәждер бойынша келудің және болудың шарттары 48-бап. Көшiп келушiнiң Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат беруден бас тарту үшiн негiздер 9-тарау. Қазақстан Республикасында ішкі көшіп-қонушылар 50-бап. Ұйымдасқан түрде қоныс аударатын және өз бетінше қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушылар 51-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері 10-тарау. Ішкі көшіп-қонушыларға жәрдем көрсету 52-бап. Ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасын белгілеу және қоныс аударушы мәртебесін алу 54-бап. Елден тыс жерге кететін Қазақстан Республикасы азаматтарының санаттары 55-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының елден тыс жерге кетуінің шарттары мен тәртібі 59-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 60-бап. Заңсыз көшіп келушілерді шығарып жіберу 62-бап. Осы Заңның қолданылу тәртібі 63-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бұрынғы отандас - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам; 2) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету - оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені; 3) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) - осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді; 4) еңбек көші-қоны - еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсат - жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін ішкі істер органдары еңбекші көшіп келушіге беретін, белгіленген нысандағы құжат; 5) заңсыз көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитті жол жүруді бұза отырып, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасында болуы; 6) заңсыз көшіп келуші - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 2015.27.10. № 365-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) корпоративішілік ауыстыру - Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру; 7) көшіп келу - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі; 8) көшіп келуші - Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; 9) көші-қон - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударуы; 10) көшіп-қонушы - себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) қабылдаушы тұлға - шетелдіктерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы және (немесе) оларды тіркеу туралы өтініш жасайтын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік және азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға; 11) Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері - Қазақстан Республикасының шет елде орналасқан дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, сондай-ақ консулдық мекемелері; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) қоныс аударушы - тұруға аса қолайсыз экологиялық жағдайлар қалыптасқан және даму әлеуеті төмен елді мекендерден тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының экономикалық жағынан перспективалы өңірлеріне ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасына сәйкес Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13) оралман - тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныстандырылатын және осы Заңда белгiленген тәртiппен тиiстi мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезде одан тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендiк алғаннан кейiн одан тыс жерде туған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары; 14) оралмандар туралы деректер базасы - оралмандар мен олардың отбасы мүшелері туралы, сондай-ақ оларға көрсетілген мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы деректер жиынтығы; 15) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және оралмандардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің уақытша тұруына және оларға бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетуге арналған заңды тұлға; 16) 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 17) тұрақты тұруға арналған рұқсат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат; 18) уақытша орналастыру орталығы - этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелерінің оралман мәртебесін алғанға дейін уақытша тұруына арналған тұрғын жай; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 19) уақытша тұруға арналған рұқсат (тіркеу) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат; 20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді өз құзыреті шегінде жүзеге асырушы мемлекеттік орган; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды 20-1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 21) шақырушы адам - Қазақстан Республикасында тұратын және осы Заңға сәйкес отбасын біріктіру мақсатында өз отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасына келуіне жәрдемдесетін адам; 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота - Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 23) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушіге жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 24) шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға берілетін рұқсат - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын адамдардың тізбесіне кіретін шетелдік қызметкерге Қазақстан Республикасында өз бетінше жұмысқа орналасу үшін халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде жергілікті атқарушы орган беретін белгіленген нысандағы құжат; 25) ішкі көші-қон - жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының ішінде тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударуы; 26) ішкі көшіп-қонушы - тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударушы немесе Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам; 27) ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасы - өмір сүру үшін экологиялық жағдайы ерекше қолайсыз және даму әлеуеті төмен елді мекендерден Қазақстан Республикасының экономикалық тұрғыдан перспективалы өңірлеріне тұрақты тұру үшін қоныс аударатын Қазақстан Республикасы азаматтары отбасыларының Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шекті саны; 28) этникалық қазақ - шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
2-бап. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3-бап. Көшіп келудің негізгі түрлері Қазақстан Республикасының аумағына келу және Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсатына қарай көшіп келудің мынадай негізгі түрлері бар: 1) тарихи отанына оралу мақсатында; 2) отбасын біріктіру мақсатында; 4) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында; 5) гуманитарлық және саяси уәждер бойынша.
4-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен міндеттері 1. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясат мынадай негізгі қағидаттарға: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және халықаралық шарттарға сәйкес көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын тану және оларға кепілдік беруге; 2) ұлттық мүддені қорғау және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге; 3) жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға; 4) пайдаланылатын ақпараттың жаңартылуы және бірнеше рет қайталануы негізінде көші-қон процестерін реттеудің ашықтығына; 5) мемлекеттің көшіп келудің әрқилы түрлерін реттеудегі сараланған тәсіліне негізделеді. 2. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері: 1) көшіп-қонушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; 2) өңірлердің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, оралмандарды ұтымды орналастыруды ұйымдастыру; 3) Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту; 4) ішкі еңбек нарығын шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау жолымен қорғау; 5) Қазақстанның халықаралық еңбек нарығына ықпалдасуын қамтамасыз ету; 6) халықтың жаппай көші-қонына әкеп соқтыруы мүмкін жанжалдардың алдын алу және оларды болғызбау мақсатында Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен ынтымақтастығын дамыту; 7) ішкі көші-қон ағынын оңтайландыру, көшіп-қонушылардың ел аумағында ұтымды қоныстандырылуын қамтамасыз ету; 8) шетелде тұратын бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен өзара қарым-қатынасты, оның ішінде мәдени ынтымақтастық пен ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту; 9) этникалық қазақтардың тарихи отанына қоныс аударуына жәрдемдесу; 10) көші-қон процестерін реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық, заңсыз көшіп келудің алдын алу және жолын кесу болып табылады.
5-бап. Көшіп келушілердің құқықтары мен міндеттері 1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында: 1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім, медициналық және әлеуметтік көмек алуға; 3) Қазақстан Республикасының көшіп келушілердің болуы үшін ашық аумағы бойынша еркін жүріп-тұруға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жерін еркін таңдауға; 5) өзіне тиесілі мүліктік құқықтарын және мүліктік емес жеке құқықтарын қорғау үшін сотқа және мемлекеттік органдарға жүгінуге; 6) осы қызмет түрлері ақысыз негізде көрсетілетін оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында ақылы бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін алуға құқығы бар. 2. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасында: 1) егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді атқарады; 2) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына келудің, кетудің және онда болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.
6-бап. Көшіп келушілердің келуінің, кетуінің және болуының жалпы шарттары 1. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының аумағына келуінің, кетуінің, онда болуының тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 2. Келудің және болудың визасыз режимі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан мемлекеттерден келген көшіп келушілер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, заңды паспорттары немесе оларды ауыстыратын құжаттары бойынша келеді. 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге визаны ұлттық қауіпсіздік органымен келісім бойынша Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелері береді. Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге Қазақстан Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге визаны ішкі істер органдары береді. 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Көшіп келушілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткеннен кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті. Көшіп келушілер тұратын жерлері өзгерген жағдайда, бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шыққан күннен бастап, күнтiзбелiк бес күн iшiнде тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндетті. Көші-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кеткен кезде тапсырылуға жатады.
7-бап. Көшіп келушілер болып табылмайтын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Мыналар: 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) осы Заңның 3-бабында көзделмеген мақсаттарда Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік тоқсан күннен артық болмайтын шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар көшіп келушілер болып табылмайды. Аталған адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде ішкі істер органдарында тіркелуге міндетті; 2) бес тәуліктен аспайтын мерзім ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетін; 3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметте жүрген; 4) дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелер мен Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың құрамына енетін; 5) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болып табылатын; 6) теңіз және өзен кемелері, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан әуе, теміржол және автомобиль көлігі экипаждарының мүшелері болып табылатын; 7) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар көшіп келушілер болып табылмайды. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
2-тарау. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны процестерін басқарудың мемлекеттік жүйесі
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оны жүзеге асыруды ұйымдастырады; 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді; 3) тармақша 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3) ішкі көшіп-қонушылардың қоныс аудару квотасын белгілейді; 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) халықты құжаттандыру және тіркеу тәртібін айқындайды; 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындайды; 6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 7) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды; 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды 7-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушылардың және (немесе) қатысушылар қызметкерлерінің келу және оларды тіркеу тәртібін айқындайды; 8) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарын құрады; 9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды. |