Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 72 бұйрығы (2021.08.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Бас Прокурорының 2021.15.07. № 106 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 21-бабына, 37-бабының 4) және 6) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Бас Прокурорының 2021.15.07. № 106 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарында, ведомстволарында, мекемелерінде және білім беру ұйымында жолданымдарды, хабарларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын. 3. Бас прокуратураның өтініштер және іс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшесі: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|